Мақсат: нәжісте жасырынды қанды анықтау дағдыларын игеру
Зерттеу әдісі: амидопирин сынамасы.Принципі:пероксидазды қасиеттері бар қан пигменттері сутек асқынтотығын ыдырауын жасайды және атомарлық оттегін босатады, ол заттарды тотығуға мүмкін, заттар бұл кезде әр түске айналады (амидопирин).
Материалдық ресурстар: Сынауықтарға арналған таған
Центрифугалық сынауықтар
Пастеров тамшуырлары
Реактивтер: 5% спирт амидопирин ерітіндісі.
30% сірке қышқыл ерітіндісі.
3% сутек асқынтотығының ерітіндісі.
Тазартылған су
Басқа пайдаланатын материал: Медициналық қолғаптар
Зарарсыздандыру ерітінділері
Қалдықтарға арналған ыдыс
Шыны бойынша қарындаш
Талдау бланктері
Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы
Іс-қимыл алгоритмі: Нәжістің су эмульсиясын дайындаңыз (1:10)
Сынама нәтижесін бағалаңыз: боз күлгін немесе күлгін түстің пайда болуы қанның бар болуын белгілейді – реакциясы оң
Алғашқы 2 минут ішінде реакцияны анықтаңыз
Талдау бланкін жазып беріңіз
Талдауды нормамен салыстырып,бағалаңыз
Нормасы: реакция теріс
Зерттеуді түсіндіріңіз
Қанның табылуы АІЖ ойықжара болуын және жаңа өспелерді анықтағанда құндылығы бар.
Ескерту: зерттеу алдында металлдар бар дәрілерді қабылдауға болмайды, емдәмнен етті, балықты, қызанақтарды, жасыл көкөністерді алып тастайды.