Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет22/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   111
Байланысты:
стандарттар

СҮТ ҚЫШҚЫЛЫН АНЫҚТАУ


Мақсат: сүт қышқылға реакцияның қойылуын зерттеу
Зерттеу әдісі: химиялық. (Уфельман әдісі) Принципі: темір лактаттың пайда болуынан ерітінді түсінің өзгеруіне негізделген .
Материалдық ресурстар:

  1. Сынауықтарға арналған таған

  2. Химиялық сынауықтар

  3. Пастеров тамшуырлар

  4. Химиялық құйғы

  5. Сүзгі қағаз

Реактивтер:

  1. 1% карбол қышқылдың ерітіндісі

  2. 10% хлор темір ерітіндісі

  3. Тазартылған су

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Шыны бойынша қарындаш

  5. Талдау бланктері

  6. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Химиялық сынауыққа карбол қышқыл ерітіндінің 2 мл. құйыңыз

  2. Хлор темірдің 1 тамшысын қосыңыз, түсі қара күлгін болады

  3. Алынған ерітіндіні жарық күлгін түске айналғанға дейін тазартылған сумен ерітіңіз

  4. Тамшылап сүзілген асқазан сөлін қосыңыз

  5. Нәтижені бағалаңыз: сүт қышқылды пайдаланғанда сұйықтық лимон-сары түске айналады

  6. Талдау бланкін жазып беріңіз

  7. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

Нормасы: сынама теріс

  1. Зерттеуге интерпретацияны беріңіз

Сүт қышқылы асқазанды зақымдайтын обыр ісікте зат алмасудың бұзылыстары нәтижесінде немесе асқазандағы іркілу кезінде пайда болады, онда бос тұз қышқылы жоқ және сүтқышқылды ашу таяқшалары қонады.


Ескерту: сүт қышқылы аш қарын порцияда анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет