Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет25/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   111
Байланысты:
стандарттар

НӘЖІСТІ ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ


Мақсат: нәжісте жасырынды қанды анықтау дағдыларын игеру
Зерттеу әдісі: амидопирин сынамасы.Принципі:пероксидазды қасиеттері бар қан пигменттері сутек асқынтотығын ыдырауын жасайды және атомарлық оттегін босатады, ол заттарды тотығуға мүмкін, заттар бұл кезде әр түске айналады (амидопирин).
Материалдық ресурстар:

  1. Сынауықтарға арналған таған

  2. Центрифугалық сынауықтар

  3. Пастеров тамшуырлары

Реактивтер:

  1. 5% спирт амидопирин ерітіндісі.

  2. 30% сірке қышқыл ерітіндісі.

  3. 3% сутек асқынтотығының ерітіндісі.

  4. Тазартылған су

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Шыны бойынша қарындаш

  5. Талдау бланктері

  6. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:

  1. Нәжістің су эмульсиясын дайындаңыз (1:10)

  2. Нәжіс эмульсияның 1 мл. амидопирин ерітіндінің 1 мл. қосыңыз, сірке қышқылдың 5-6 тамшысын және сутек асқынтотығының 5-6 тамшысын қосыңыз

  3. Сынама нәтижесін бағалаңыз: боз күлгін немесе күлгін түстің пайда болуы қанның бар болуын белгілейді – реакциясы оң

  4. Алғашқы 2 минут ішінде реакцияны анықтаңыз

  5. Талдау бланкін жазып беріңіз

  6. Талдауды нормамен салыстырып,бағалаңыз

Нормасы: реакция теріс

  1. Зерттеуді түсіндіріңіз

Қанның табылуы АІЖ ойықжара болуын және жаңа өспелерді анықтағанда құндылығы бар.
Ескерту: зерттеу алдында металлдар бар дәрілерді қабылдауға болмайды, емдәмнен етті, балықты, қызанақтарды, жасыл көкөністерді алып тастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет