Х – 1 мкл-да лейкоциттер саны.
а – 100 сызықты емес үлкен квадраттарда саналған лейкоциттер саны
1600 – кіші квадраттар саны
20 – қанды еріту
4000 – кіші квадрат көлеміне байланысты (1/4000) 1 мкл. қан көлеміне нәтижені әкелетін множитель (1/4000)
Мысалы: 100 сызықты емес үлкен квадраттарда 160 лейкоцит саналды, 1 мкл-да = 160×50=8000
1 л-да лейкоциттер құрамын көрсетіңіз, бұл үшін мыңда лейкоциттер санын 109 көбейтіңіз, нақтырақ. 8000 лейкоцит 1 мкл-да= 8,0109/л.
Лейкоциттер санның арта түсуі – лейкоцитоз, әр түрлі қабыну процесстер, жіті бактериалдық жұқпалар, уланулар, шок, жіті қансырау, коматозды жағдайлар кезінде байқалады. Лейкоциттердің кенеттен арта түсуі лейкоздарға тән.
Лейкоциттер санның төмендеуі – лейкопения, вирустық жұқпалар, бауырдың циррозы, аутоиммунды аурулар кезінде байқалады.
Кенеттен болатын лейкопения апластикалық анемия, агранулоцитоз кезінде, сәулелік әсерден кейін байқалады.