Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет69/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111
Байланысты:
стандарттар

Жиынтық құрамы: 4 флакон калибратор әр 1 флаконда 0,1 г/л; 0,2 г/л; 0,4 г/л; 0,8г/л концентрациялы болып келеді – калибрлік кестені құру үшін, және 4 флакон зәр белогінің бақылау ертінділері: 2- флаконда концентрациясы 0,2 г/л (1 дәреже) және 2 флакон концентрациясы 0,4г/л 2 дәреже). болады. Жиынтық паспортында белоктың концентрациясының орташа мағынасы (Х±2S ) көрсетілген. Бақылау ертінділері 10,0 мл шыны флакондарда болады.
Сақтандыру шаралары. Жиынтықпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасының және өндірістік санитарияның жалпы шараларын қолданған дұрыс. Бақылау ертінділермен жұмыс кезінде оның теріге және кілегей қабатына тамып кетуінен сақтану керек. Егер теріге тамып кетсе ол жерде көп мөлшердегі ағын суымен жуу керек. Бір ретте қолданатын қолғап кию қажет. Жиынтық тек ғана ин витро (іште) қолдануға ғана жарамды.
Бақылау ертінділерін даярлау және қолдану. Зерттеу үшін қолданады 3% сульфасалицил қышқылының ертіндсі, оны көк түсті сызығы бар сүзгі қағаздан сүзеді. Зерттеуді 20-25◦С та жүргізеді. Алдын ала сульфасалицил қышқылын 20-25◦С ұстау қажет. Қолданар алдын белок ертінділерін қолмен араластырады ол үшін флаконды 5-6 рет аударып-төнкеріп араластырады. Химиялық пробиркаларға 1,0 мл зәр белогінің бақылау ертіндісін құяды және 3% сульфасалицил қышқылының 3,0 мл қосады. Кейін пробирканы деру сілкіп араластырады. Соңынан сынаманы араластыруға болмайды. 15 минуттан кейін сынаманы араластырмай 5 мм фотокалориметр кюветасына құядыда толқын ұзындығы 590-650 нм оптикалық тығыздығын өлшейді. Салыстыру ертіндісі: 12,0 мл 0,9% натрий хлор ертіндісі және 3,0 мл 3% сульфасалицил қышқылертіндісі. Калибрлік кестені құру: Калибрлік кестені құру үшін калибратор ертіндісі қолданылады. Ол үшін зәр белогі калибраторының 4 флаконы алынады: концентрациялары 0,1; 0,2; 0,4; 0,8 г/л. Әр бір концентрация үшін 5 паралельді сынама даярланады. Зерттелетін сынаманың оптикалық тығыздығын өлшеп алынған мағынасы бойынша зәр белогі жиынтық паспортында және флаконда көрсетілген мағыналар бойынша калибрлік кесте құрылады. Оптикалық тығыздығының лайлануы мен белок концентрациясы арасында тікелей логарифмикалық байланыс бар, сол себептен калибрлік кестесі логарифмикалық қағазда құрылады. Жиынтықты сақтау. «БМ- контроль с калибратором» 2-8◦С та қараңғы жерде сақталады. Зәр белогі бақылау ертінділері қолдану үшін ашылып және жабылған күйінде флакондар 2-8◦С та 14 күннен артық сақтауға болмайды. Сақтау мерзімі 9 ай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет