Күн Тақырыбы Сағат



бет6/10
Дата02.06.2023
өлшемі53,11 Kb.
#98196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 хрург

Қан кету түрлері

Қан кету (лат. Наemorrhagia compensatio-қан кету) деп қаннын тканьдеpде жиналyын айтады.Ерте дүниеден бастап-ақ адамдар қан кетумен ұшырасқа және оны тоқтату керек екенін түсінген. Сондықтан қан кетумен күрес бастауын ертеден алады. Сол кездің өзінде қан кетуді тоқтату үшін тұтқыш заттарды, салқынды, күлді, қыздырылған металды, ыстық майларды пайдаланған, қысатын таңғыштар салған. Ежелгі дүние ғалымдары қан тоқтату жолдарын эмпириялық жолменіздеді, себебі олар қан айналысының мәнін түсінген жоқ.Қан кету деп қанның тамырдансыртқы ортаға, қуысты ағзаға, организм қуыстарына қарқындыағуын айтады.Қан тамыр ішінен шығып қоршаған тіндерге сіңсе, оны қан құйылу деп атайды. Әдетте, қан көлемі азғантай, қанның шығу жылдамдығы тез азаяды,


қанның тамырдан сыртқа ағуы өздігінен тоқтайды. Сыртқа шыққан қан тіндерді ажыратып, ағзаларды ығыстырған кезде ол жердежасанды қуыс пайда болады және олгематома деп аталады.
Қан кетудің жіктелуі
Қанның сыртқа шығуының себептеріне, механизміне байланыстықан кетуді 3 топқа бөледі:
• қан тамыры қабырғасының механикалық жарақаттану салдарынан
болатын қан кету. Ең жиі кездесетін түрі қан тамыры қабырғасының кейбір дерттер (қабыну процестері, ісік,ферменттередің әсері) кезіндегі аррозиясы (жаралану, желіну,
өліеттену) салдарынан қан кету қан тамыры қабырғасының өткізгіштігі микроскопиялық деңгейде бұзылған кезде қан кету (авитаминоз, Шенлейн-Генох ауруы, уремия,
сепсис, скарлатина және т.б.). Қанның үю жүйесінің де қан кетуде өзіндік ролі бар. Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі.
Артериялық қан кету - өзінің молдығыме және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайдыҚан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледіКөктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелесорналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар. Капиллярлық қан кету. Аралас сипатты қан кету, негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады. Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледіПаренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқтыпаренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайдапаренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін.Қан кетудің басталу мерзіміне байланысты біріншілікжәне екіншілік қан кетулер болады.Жүректің, қан тамырының, паренхиматозды ағзаныңжарақатынан кейін бірден болатын қан кетуді біріншілік қан кетудеп атайды.
Егер қан кету өздігінен тоқтап, белгілі бір уақыт өткен со сол жерден қайталанатын болса ол екіншілік қан кету деп аталады.Оның қайталану мерзіміне байланысты екіншілік қан кетуді ертежәне кеш екіншілік қан кету деп екіге бөледі. Ерте екіншілік қан кету деп тоқтағаннан кейін бірнеше сағаттан 4-5 тәулікке дейінгі аралықтағы қан кетудің қайталануын, кеш екіншілік қан кету деп 4-ғ тәуліктен кейінгі қан кетуді айтады.
Ерте екіншілік қан кетудің екі негізгі себебі бар:Алғашқы операция кезінде тамырға салынған байлаудың босап кетуі.Жүйелік қан қысымы көтеріліп, қан айналысы жылдамдаған кезде, қан тамырының спастикалық жиырылуы (жедел қан кетудегі) бәсеңдейді де қан тромбты жуып жібереді.
Барлық қан кетулер ағымына байланысты Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа уақыт аралығында байқалады да клиникалық белгілері тез дамиды. Клиникалық белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан аққан қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді. Жоғалған қанның көлемі адамның салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлеміадам өмірі үшін аса қауіпті саналады. Созылмалы қан кетудің клиникалықкөрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі қайталанатын және қаназдылыққа әкеп соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады.
Қан кетудің ауырлық дәрежесіне байланысты түрлері.Қан кетудің науқастың өміріне қауіптілігі мен организмдегі қан айналысының бұзылу сипаты қан кетудің ауырлық дәрежесімен
анықталатын болғандықтан, қан кетудің ауырлық дәрежесін анықтаудың маңызы аса зор.
Қан кетудің ақыры үшін 2 фактордың шешуші маңызы бар:жоғалтқан қанның көлем қан кетудің жылдамдығыкан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөлген ыңғайлы: жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр).жеңіл дәрежесі – айналыстағы қан көлемінің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)орташа дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400мл/ ауыр дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 20-30% жоғалтқан (1500 2000мл) массивті дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 30%-дан астамын жоғалтқан
(2000мл астам)
Жедел қан жоғалту кезіндегі организмде болатын өзгерістер:Қанның тамыр өзегінен ағып кетуі салдарынан организмде айналыстағы қан көлемі азайып - гиповолемия дамиды. Бұл құбылысқа жауап ретінде науқас организмінде бірсыпыра өтемдік – бейімделу механизмдері іске қосылады: Көктамыр жиырылуы (спазмы)Тіндік сұйықтардың қан тамырТахикардия Несеп түзілісінің азаюы (олигурия) Гипервентиляция Шеткі (перифериялық) артериолоспазм
Қан кетудің классикалық симптомдары:Шағымдары:
әлсіздік;
• бас айналуы, отырған немесе түрегелген кезде;
• көз қарауытады, көз алдында «шіркейлер» елестейді;
• ауа жетіспеушілік сезімі;
• мазасыздану;
• жүрек айну;
Объективті белгілері:
тері жамылғысының бозаруы, салқын тер басуы, шеткі
аймақтардың көгіс тартуы (акроцианоз);
• науқастың қимылының азаюы (гиподинамия);
• жүрек соғуының жиілеуі (тахикардия), жіп тәрізді пульс;
• артериялық қан қысымының төмендеуі;
• ентігу;
• несеп түзілуінің азаюы;
Әртүрлі дәрежедегі қан жоғалтудың клиникалық
белгілері:
1. Қан жоғалтудың жеңіл дәрежесінде клиникалық белгілер
болмайды.2. Орташа қан жоғалту дәрежесінде тамыр соғуы минутына 100
ретке жиілейді, қан қысымы төмендейді, шеткі вазоконстрикция белгілері пайда болады.3. Ауыр дәрежеде тамыр соғуы минутына 120 ретке жиілейді, қан
қысымы 100 мм. сын. бағ. төмен, салқын тер басады, ентігу
пайда болады, шеткі ағзалар көгіс тартады, несеп түзілуі
азаяды.4. Массивті қан жоғалтқанда тамыр соғуы минутына 120 реттен
астам, қан қысымы 60 мм. сын. бағ., тері күрт қуқылданады,
несеп бөлінбейді, ступор пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет