Күнделік-eсеп өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибе бойынша


Қысқаша аналитикалық есеп



бет4/7
Дата07.04.2023
өлшемі100,13 Kb.
#80363
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 курс практика отчет (копия)

Қысқаша аналитикалық есеп

Мен Нурлыбай Айкен, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті, 2023 жылдың 23 қаңтар күнінен наурыздың 31 – күніне дейін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жоғары колледжінде өндірістік-педагогикалық іс - тәжірибесінен өттім.


Өндірістік-педагогикалық практиканың негізгі мақсаты: университетте оқу кезінде алған теориялық білімімді бекіту, теориялық білім негізінде менің кәсіби қалыптасуыма ықпал ететін педагогикалық дағдыларды, Дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:
• ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби қызметінің негізгі дағдыларын қалыптастыру және бекіту;
• ұйымдастырушылық және қарым - қатынас дағдыларын дамыту;
• іс-шараларды өз бетінше жүргізу дағдыларын қалыптастыру және аналитикалық Дағдылар мен іскерліктерді іс жүзінде қолдану;
• пән мұғалімінің нормативтік құжаттамасы мен құжаттамасын зерделеу; • жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету, сондай-ақ оларды практикада қолдану;
• педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін алу, заманауи үрдістерге сәйкес мектептегі білім.
Университеттегі педагогикалық практика студенттердің болашақ кәсіби қызметіне дайындығын алғашқы маңызды тексеру болып табылатыны, ол білім беру процесінің органикалық бөлігі болып табылатыны және студенттерді бастапқы тәжірибемен қаруландыратыны, алған теориялық білімдерін нақты педагогикалық процесте қолдануға мүмкіндік беретіні баршаға мәлім.
Іс тәжірибенің алғаш күні колледжге барып ағылшын тілі мұғалімі әрі жетекшім Алуа Әлібекқызы апайымның сабағына қатыстым.
Іс-тәжірибе барысында оқушылармен тығыз қарым- қатынас орнатып, олармен жеке жұмыс жасап, тапсырмалар беріп отырдым. Жетекшім – Алуа Әлібекқызы өзінің сабақ жоспарын көрсетіп қандай тақырыптар өтетінін айтып түсіндірді. Алуа апай колледж ережелерін есте ұстап жүру керек екенімізді түсіндірді. Колледждегі жетекшімнің аты-жөні Жұмағалиева Алуа Әлібекқызы. Маған сыныптарым қатты ұнайды. Оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, ұйымдастырушылық қабілеттері өте жоғары. Мұғалімдер өз білгендерін үйретуден жалықпады көптеген әдіс-тәсілдер үйрендім. Оқушылармен түрлі танысу тренигтерін өткізіп, оларды жақыннан тануға тырыстым. Жетекшім берген тапсырманы орындап, жетекшіме өткіздім. Жетекшім сабақ барысында оқушылармен ағылшынша сөздік қорларын дамытатын әр түрлі сөздерді, терминдерді берді. Маған болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар оқушылардың міндеттерімен құқықтарымен толық танысып шықтым. Жетекшім өткізетін тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап, және де оқушылардың психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін түсінуге тырыстым. Әр түрлі әдіс – тәсілдер жинақтадым. Кабинеттің әдістемелік жабдықталуын қадағалап, өзгерту жұмыстарын жасадық. Жалпы кабинет оқушылардың барлық танымдық процестеріне байланысты әртүрлі әдістемелерге қажетті барлық жабдықтармен жабдықталған. Ағылшын алфавиті және интербелсенді тақта мен электронды музыкалық құрылғылар т.б заттар бар олармен қоса оқушыларды қызықтыра алатындай ағылшын тілінде қабырға газеттерін қойдық. Сонымен қатар кабинет оқушылардың қызығушылықтарын, ынтасын, зейінін аударатын әртүрлі логикалық процестерді дамытатын құралдармен жабдықталған. Одан басқа жалпы сабақ өткізуге қажетті оқу құралдарымен қамтамсыз етілген. Тәрбие сағаттарының қалай өтетінін, қалай ұйымдастыру керек екенін түсіндірді, алғашқы тәрбие сағатын ұйымдастыруға көмектесті. Мен жетекшім – Алуа апайдың көмегімен колледжде жұмыс істеудің қыр-сырларымен таныстым. Өзімді болашақ ұстаз ретінде сезіне бастадым. Оқушылармен жақын қарым – қатынаста болуды, қалай тіл табысу керек екенін үйрендім.
Әр балаға жеке мән беріп, мінез бітістіктерін анықтауға тырыстым. Сынып оқушылары өте зерек ақылды балалардан құралған. Оқушылар өздерін барлық қырынан көрсете біледі, барлық істі ұйымдаса отырып орындайды.
Сыныптың білім сапасы 86,8% көрсеткішті көрсетеді. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған. Сыныптың осылай жан-жақтан жиналғандығына қарамастан, сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады,жәнеде барлық оқушылар домбыра үйірмесіне қатысады.
Іс-тәжірибе кезінде 1-ші, 2-ші және 3-ші курс оқушыларының сабақтарына қатысып, тәрбие сағаттарын жүргіздім. 10 апта бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Олармен үзіліс барысында әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. Ағылшын сабағын аптасына 2 сағаттан болады екен. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс- тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды бақылау үстінде болдым.Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Оқушыларға ағылшын пәніне қатысты білетіндеріммен бөлістім.
Мен маған бөлініп берген 1-ші, 2-ші және 3-ші курс оқушыларымен өте тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста болдым. Жұмыс істеу барысында оқушылармен менде қиыншылықтар болған жоқ. Бұл сынып оқуларының ағылшын пәніне деген қызығушылықтары жоғары, бір-біріне көмектеседі Маған осы іс-тәжірибе барысында бұл сыныптармен жұмыс жасаған қатты ұнады. Және де осы уақыт аралығында көмекшілік қызмет атқару барысында сыныптармен жоспар бойынша және де жоспардан тыс тәрбие жұмыстар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, сыныптармен тығыз қарым-қатынаста бола білдім.
Алғашқы сабақ күні мұғалім сынып балаларын түгендеу және үй тапсырмасын сұраумен сабағын бастады. Үй тапсырмасы сұралып болғанша кейін жаңа тақырып түсіндірілді. Ол тақырып «The subject of phonetics. Present Simple and Present Continuous. Past Simple, Present Perfect, Present Perfect Continuous. Past Continuous, Past Perfect, Past Perfect Continuous. » тақырыбы болды. Мұғалім өткен семестрде өткен грамматикаларға толықтай. Олар бұл тақырыпты жақсы қабылдап, тез жаттап алды. Келесі аптада сабақ алдынғы сабақ секілді оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын сұраудан басталды. Үй тапсырмасы тексеріліп болғаннан кейін осы сабақты жалғастырды. Ал келесі аптада жаңа тақырып өтілді. Жаңа тақырып «3А.Virtual Reality. Modal verbs » деп аталды. Жаңа грамматика түсіндірілді. Кітаптағы берілген мәтінді оқып, аударды. Өздеріне таныс емес сөздерді сөздік арқылы аударып, өз дәптерлеріне жазып алды. Сабақ соңында мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын беріп сабақтан босатты. Мұғаліміміз бізге түрлі тапсырмалар беріп оларды орындап келуімізді сұрады. Келесі сабақта оқушылар «3В.Vocabulary тақырыбы өткізілді. Ағылшын тіліндегі "Phrasal verbs"» тақырыбын өтті. Мұғалім ол тақырыпты оқушыларға терең түсіндіріп берді. Оқушылар оқулықтардағы түрлі мәтіндерді оқып өздерінің не түсінгенін ортаға салып бөлісті, және білмейтін сөздерін сөздік дәптерлеріне жазып отырды. Мұғалім осы жазған сөздерін келесі аптада жаттап келулерін және үй тапсырмасы ретінде сұрайтынын айтып оқушыларды босатты. Келесі аптада мұғалім тағыда оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын сұраудан сабақ бастады. Осы жолы сабақ «3C.Use of English Future tenses: Future Continues, Future Perfect» тақырыбында болды. Оқушылар кітаппен жұмыс жасай отырып оқулықтардағы мәтіндермен жұмыс жасады.
Іс-тәжірибе барысында алған жағымды әсерім: колледж ұжымымен, сынып оқушылыларымен жақсы қарым-қатынас орнатып, бауыр басып қалдым. Мен осы іс тәжірибе науқанында көптеген қиындықтарды жеңіп, жұмыс жасаудың жаңа қырларынан сабақ алдым деген ойдамын. Сонымен мен осы іс-тәжірибені өте отырып ұстаз болып, балаларды тәрбиелеу ең қиын іс екеніне көзім жетті.
Сабақты жаңаша үрдісімен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектісін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.
Мен үшін мұғалім мамандығы өте қызықты. Өндірістік-педагогикалық іс–тәжірибені өту басында менде өзімді жаңа қырларға сынап көру, рефлекстену және өз мамандығымды жақынырақ тану сынды жаңа мүмкіндіктерге ие болдым.Өндірістік-педагогикалық практиканың көмегімен мектепте жұмыс істеудің қыр-сырларымен таныстым. Өзімді болашақ ұстаз ретінде сезіне бастадым. Оқушылармен жақын қарым – қатынаста болуды, қалай тіл табысу керек екенін үйрендім. Менің мамандығым мұғалімдік қызмет болғаны үшін қатты қуандым, себебі осы мамандық негізінде жалпы мұғалімнің жұмысымен, балалармен қалай жұмыс істеу керек екендігімен, педагог мамандығының қыр-сырымен таныстым.
Ұйымдастырылған оқу процесі оқушылардың ойлау қабілеті кеңейеді және де оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады. Оқушы назарын аудару,оның ойына түрткі болатын әр түрлі қызықты мәліметпен таныстыру, викториналар, ойындар сабақ үстінде өзінің орнын алады.
Оқушылардың білімдерін тексеру, шапшандыққа, бірлесіп жұмыс істеуге баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сыныптан тыс өткізілетін жарыстардың, кештердің маңызы зор деп ойлаймын. Оқушы ауызша жақсы түсінсе, ол теорияны өзі айтып береді.
Оқу процесінде оқушылардың алған білімін, дағдыларын тексеру және бағалау нәтижесінде мен тек оқушының білім деңгейін ғана анықтамаймын, сонымен қатар оқушының жіберген қателерін талдағанда, қолданылған әдіс –тәсілдеріне, берілген тапсырмаларға түзетулер еңгіземін. Сонда оқушының білім алуға, қатесін жоюға белсенділігі артады. Жіберілген қателерді ескертіп, оқушылар теориялық талдау жасап, кітаппен жұмыс жасап, оқу материалының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, оқушының өз мүмкіндігін байқап, оны әрі қарай түсуіне көмектесемін. Үйге орындауға берген тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастырып, жаттықтыру, бекіту, қайталау мақсатында өткізілді.
Мен мұғалімнің сабағына қатысу барысында түйгенім. Шынында мұғалімнің өзінің беретін пәніне оқушылардың ынта-ықыласын оята білуінен сабақ табысты болып қана қоймайды, соның нәтижесінде оқушылар күнделікті өмірде және қазіргі қоғамда пайдалы еңбек еткенде қажет болатын білімді саналы түрде оқушының санасына құя білді деуге болады. Студенттердің пәнге деген танымын, ынтасын арттыру жолдарының бірі – сабақ барысында оның тәжірибелік және қолданбалы рөлін ашып көрсетті. Сондықтан жаңа тақырып өткенде, сабақты талқылау барысында әрқашанда өмірмен байланыстырып отырған жөн екенін түсіндім. Өтіп жатқан жаңа тақырыпты оқушыларға мұндай жолдармен таныстыру олардың теориялық материалдың мағынасын терең түсініп, танымдылық өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретінін ұқтым.
Іс – тәжірибеден өту барысында сынып жетекшім, мектеп ұжымы бізге өте көп көмектерін тигізді. Көп нәрсені үйретті, іс-тәжірибе түрінде көрсетті. Колледж құжаттарын реттеуді үйретті. Колледждің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Өндірістік-педагогикалық іс - тәжірибе есебін қорытындылай келе іс – тәжірибеден өту барысында, оқушылармен жұмыс істеу кезінде жүктелетін міндеттердің көп екеніне көзім жетті. Бұл практика менің есімде қызығымен де қиындығымен де қалды. Әр оқушының өзіндік ерекшелігі, ойлау қабілеті, жақсы қасиеті бар. Студенттер өте белсенді болғандықтан маған іс-тәжірибеші ретінде олармен жұмыс істеу қиынға соқпады. Өндірістік-педагогикалық іс - тәжірибе кезінде жетекшімен бірлесе отырып, олардан болашаққа қажетті тәжірибе жинақтадым. Бойға жинақтаған тәжірибелік жұмысым болашақ мамандығыма қолдануға және келешекте жақсы маман иесі болатыныма көп көмегін тигізетіні сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет