Күнделік-eсеп өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибе бойынша


Білім алушының қолы: Нурлыбай А.А



бет5/7
Дата07.04.2023
өлшемі100,13 Kb.
#80363
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 курс практика отчет (копия)

Білім алушының қолы: Нурлыбай А.А


2023ж. "31" наурыз


Білім алушы - практикантты мадақтау және жазалау бойынша


Өндірістік-педагогикалық практика



  1. Білім алушы - практиканттың мадақтамалары мен жазалары: Іс-тәжірибе кезінде жазалау болмады, берілген жауапкершілікті өте жоғары деңгейде, ұқыптылықпен орындады.




  1. (Ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) кәсіби іс-тәжірибе жетекшісінің қорытындылары: Өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибеден өту кезінде практика міндеттерін толығымен орындап, күн тәртібін қатаң ұстана білді. Күнделікті берілген тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындап отырды. Сыныпта оқу тәрбие жұмысын жоспарлау қабілеті өте жоғары түрде қалыптасқан.



2023ж. "31" наурыз


Іс-тәжірибе қорытындылары бойынша бағалау парағы



Күні

Сынып

Сабақтың тақырыбы (сыныптан тыс / тәрбиелік іс-шара

Балл

Мұғалімнің / сынып жетекшісінің қолы

25.01.2023

ОП-9Е

“3A. Virtual Reality”







30.01.2023

ОП-9Л

“3B. Vocabulary”







03.02.2023

ОП-9Л

“3C. Use of English”







07.02.2023

ПД-2А

“Перевод Инфинитива”







09.02.2023

ПД-3А

“Lexicology as a Branch of Linguistic”







13.02.2023

ОП-9Л

“3E. Writing”







14.02.2023

ПД-2А

“Перевод Герундия”







20.02.2023

ОП-9Л

“3.Progress Check”







27.02.2023

ПД-3А

“English Word-Stock”







02.03.2023

ПД-2А

“Передача Артикля”







13.03.2023

ПД-3А

“English word formation. Word-building”







14.03.2023

ПД-2А

“Перевод текста. Адекватная передача понятного текста”







17.03.2023

ОП-9Л

“4. Progress Check ”







20.03.2023

ОП-9Л

“ 5A. Stress and Fear”







24.03.2023

ОП-9Е

“4A. Out of this world”







27.03.2023

ОП-9Л

“5B. Vocabulary”







29.03.2023

ОП-9Е

“4B. Vocabulary”







31.03.2023

ОП-9Л

“5C. Use of English”







Қорытынды баға








Күні

Сынып

Сабақтың тақырыбы
(сыныптан тыс / тәрбиелік іс-шара)

Балл

Мұғалімнің / сынып жетекшісінің қолы

24.01.2023

2

"Tanışma"







31.01.2023

2

"Ailemiz"







07.02.2023

2

"Günlük hayat"







14.02.2023

2

"Çevremiz"







21.02.2023

2

"Meslekler"







28.02.2023

2

"Ulaşım"







07.03.2023

2

"İletişim"







14.03.2023

2

"Tatil"







28.03.2023

2

"Meslekleri tanıyalım"







Қорытынды баға







МІНЕЗДЕМЕ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті


Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің
6B01703- «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының
күндізгі оқу түрінде оқитын 4- курс студенті
Нурлыбай Айкен Асылбекқызына

Нурлыбай Айкен 23.01.2023 ж - 31.03.2023 ж аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жоғары колледжінде өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибеден өту барысында 1-ші, 2-ші және 3-ші курс студенттерінің сабақтарына қатысып, өзіне жүктелген міндеттеріне тиянақты дайындалып жүрді. Сондай-ақ, студентке бөлінген группа оқушыларымен тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орната біліп, оқушылардың сабақтарына көмектесіп, группа оқушыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасады.


Іс-тәжірибе барысында Айкен тапсырылған жұмысқа жауапкершілігін, колледждегі ұстаздармен, оқушылармен жақсы қарым-қатынасын, әдептілік, сыпайылық қатынастарын алғашқы күннен-ақ көрсетті. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз жұмысына ынталы. Оқушылармен тіл табысып, өзінің бойындағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығы мен сүйіспеншілік сезімдерін педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырысты. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Сабақтарында ойындар, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сабағы жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылардың құрметі мен сүйіспеншіліге ие болды.


Студентке тілек – іс-тәжірибеде теориялық білімдерін белсенді түрде қолданып, сабақ өткізудің басқа да әр түрлі әдіс-тәсілдерін үйреніп, балалармен жұмыс жасауда шығармашыл технологияларды кеңінен қолданып, болашақта өзін жақсы маман ретінде көрсету.

Болашақта Айкеннің еліміздің жас ұрпағына сапалы да саналы білім беретін мұғалім болатынына сенімдімін!


Қорытынды баға ____________________


Іс-тәжірибе жетекшісі: Жұмағалиева А.Ә ________


(қолы)

Директор: Толегенова Б.Т _________
(қолы)

Мекеменің мөрі.


ТОПҚА МІНЕЗДЕМЕ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті


Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің
6B01703- «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының
күндізгі оқу түрінде оқитын 4- курс студенті
Нурлыбай Айкен Асылбекқызынан
Сәрсен Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан университетінің
Жоғары колледжі
ОП - 9Л тобына

ОП - 9Л тобында барлығы 16 студент, оның 11-і қыздар, 5-і ер балалар. Болашақ есепшілер. Оқушылар бір-бірін сыйлайды, тыңдайды. Әрдайым бір-біріне көмек беруге дайын және достық қарым-қатынаста. Сабаққа белсене қатысады, үйге берілген тапсырмаларды мүмкіндіктеріне қарай орындап келеді. Әр түрлі әдістермен берілген тапсырмаларды тез түсініп, дұрыс орындайды. Сынып топпен, жұппен жұмыстануға үйренген. Сыныптан тыс шараларға өте жақсы белсенділікпен қатысады. Себепсіз сабақ қалдырмайды. Оқушылар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Барлық мұғалімдерді құрметтейді және сыйлайды. Ағылшын сабағына өте белсенді қатысады. Қызығушылықтары жоғары барлық іс-шараларға қатысып жүреді.


Топтың старостасы Кунапиянова Жаннұр топпен өте жақсы жұмыс жасайды. Ән айтудан Ерманова Арайлым, Қабай Альмира және би билеуден Кенжебекұлы Рүстем, Серікқызы Іңкәр колледжде болған 1-курс таланттары сайысына қатысып жүлделі орындар алды. Әділхан Шыңғыс пен Ақылбекұлы Алмас колледжде жайдарман тобының мүшелері. Өте күлкілі әзілдейді. Амангелді Тілеуберді өлеңді өте керемет және әсерлі оқиды. Оралхан Дильназ суретті өте керемет салады. Әділбекова Аяулым видео-роликтер мен презентацияны креативті жасайды.


Практика кезінде ОП - 9Л тобының оқушыларымен тығыз қарым-қатынаста болып, әр оқушының мінезін танып білдім. Осы оқушылармен жұмыстана отырып, олардың бір-бірімен тату екендігіне, көмек қолын созуға дайын отыратындарын, сабаққа аса қызығушылық танытатындарын, ұйымшыл, бауырмал екендерін байқадым.


Бұл сыныптың оқушыларының осындай қасиеттеріне сүйсіне отырып, болашақта білімді де білікті азамат пен азаматша болатыныма сенімдімін.


Білім алушының қолы _____________________


2023ж. «31» Наурыз
СТУДЕНТКЕ МІНЕЗДЕМЕ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті


Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің
6B01703- «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының
күндізгі оқу түрінде оқитын 4- курс студенті
Нурлыбай Айкен Асылбекқызынан
Сәрсен Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан университетінің
Жоғары колледжі
ОП - 9Л тобының оқушысы
Кенжебекұлы Рүстемге
1-ші курс студенті Кенжебекұлы Рүстем өте керемет оқушы. Үлгерімі өте жақсы. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі колледж ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Жалпы ағылшын тілі туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады. Би билеуден ешкімнен кем түспейді. Өте талантты. Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Ағылшын сабағында берілген сұрақтарға белсене жауап береді. Сурет салуға қабілеті өте жоғары. Барлық мұғалімдірді құрметтейді және сыйластықпен қарайды. Зейіні тұрақты. Барлық сабақта және ашық сабақтарды тапсырмаларды құлшына орындайды. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Тәртібі өте керемет. Сабақта берілген сұрақтарға белсене жауап береді. Күн сайын тапсырмаларды бірінші бітіріп,келесі тапсырманы сұрайды,яғни өте белсенді.

Рүстем өте ақкөңіл, ашық - жарқын, әрдайым көңілді жүреді. Группаластары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өте белсенді. Ол болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.


Білім алушының қолы _____________________


2023ж. «31» Наурыз


Ағылшын тілі сабағына кеңейтілген схема бойынша талдау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет