Күні Істелген жұмыс мазмұны Ескерту


Тыныс алу жиілігін санауды қайталадым



бет17/22
Дата07.06.2023
өлшемі0,65 Mb.
#99447
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Мейірбике күнделік 2 курс

Тыныс алу жиілігін санауды қайталадым.
Мақсаты: Дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Дайындады: Секундты тілі бар сағатты,ұызу парағын,көк стерженді қаламсапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіру.
2.Гигиеналық деңгейде қолды тазарту жүргізу.
3.Науқасқа ыңғайлы қалыпты беру.Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көру қажет.
4.Кәрі жілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей,оның аударуға бір қолмен науқастың қолын алу.
5.Екінші қолмен науқастың қолын кеудесіне немесе эпигастрия аймағына қою.
6.Секундомерді қолдана отырып,бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеу.
7.Дем алу қозғалысының жиілігін,тереңдігін және реттілігін бағалау.
8.Науқасқа дем алу өозғалысының жиілігін есептеу,нәтижесін айту.
9.Қолды жуып, кептіру.
10.Қызу парағына мәліметті тіркеу.
Салқын компресті қоюды қайталадым.
Мақсаты:Емдік.Қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату,ауырсынуды басатын әсер.
Дайыдау:Салқын суы бар ыдысты,бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіру.
2.Қолды гигиеналық тазату,қолғап кию.
3.Даярланған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығу.
4.Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеу.
5.Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салу.
6.Әрбір 2 минут сайын салфетканы ауыстырып тұру,өйткені салфетка қызу дененің қызуымен тез теңесіп кетеді.
7.1-ші салфетканы екіншісімен ауыстыру.


Қыша қағазды қоюды қайталадым.
Мақсаты:Ден учаскесін қыздыратын қанмен толысуымен күшейту,ауырсынуды басу,қабыныға қарсы,ісінуді тарату әсері.
Дайындау:Қыша қағаздарын,жылы суы бар (t-40-45ºС),науаны, сүлгіні,көрпені,салфетканы,жылы жаялықты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіру,оның келісімін алу.
2.Қолды гигиеналық деңгейде тазарту,қолғапты кию.
3.Қыша қағаздарының жарамдылығын,қолдану мерзімін тексеру.
4.Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызу,қоятын орынды анықтап,терісін қарау.
5.Қышаны жылы суға 5-10 сек салып алу.(t-40-45ºС) аздап қана сілку және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басу.
6.Науқасты сүлгімен,сосын көрпемен жабу.
7.5-10 мин кейін қыша қағаздарын алу.
8.Теріден қыша қалдығын алу үшін,жылы сумен суланған салфетканмен теріні сүрту.
9.Науқастың терісін сүлгімен құрғату.
10.Емшара біткен соң науқасқа 30-40 мин төсек тәртібін қсыну.
11.қолғапты шешіп,қолды сабындап жуып,сүлгімен құрғату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет