Күні Істелген жұмыс мазмұны Ескерту


Жылытқышты қолдануды қайталадым



бет18/22
Дата07.06.2023
өлшемі0,65 Mb.
#99447
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Жылытқышты қолдануды қайталадым.
Мақсаты: Дене учаскелерін жылытып,қанмен толуын күшейту,жергілікті қыздыру әсері.
Дайындау: Резеңке жылытқышт(1,5-2 л), су (t-60-70ºС), сүлгіні,зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты,шүберекті,су термометрін.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндірі,оның келісімін алу.
2.Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-70ºС) құю.
3.Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығару (мойынында су пайда болғанша),тығынын бұрап бекіту.
4.Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп,саңылаусыздығын тексеру.Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүрту.
5.Жылытқышты сүлгіге орау.
6.Қолды гигиеналық деңгейде тазарту.
7.Жылытқышты дененің қажетті учаскісіне қойып,оны салқындағанша ұстау.
8.Жылытқышты алып,оны ашып суын төгу.
9.Науқастың терісін қарау.
10.Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға икөмектесу,жылы жабу.
11.Жылытқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15мин салу.
12.Жылытқышты сумен жуып,құрғатып,арнайы белгіленген жерде сақтау.


Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алуды қайталадым.
Мақсаты: Ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.
Дайындау: Қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді,қалақшаны (ағаш,шыгны),этикетка жазып, контейнердің сыртына желімдеп,жасыру (бөлімшесі,палата №, науқастың аты-жөні,зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізу.Алда болатын анализге дейін нақас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет (рационнан ет,балық,көкөністің барлық түрлері,граната,қызанақ,жұмыртқа қызылша,құрамында темір,магний,висмут,йод,бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).
2.Науқасқа түсіндіру:нәжіс зерттейтін күні таңертең алынады.
3.Науқастан немесе жанұя мүшелерінен білу,басқа да қан кету көзі болмағанын анықтау,(тістің қызыл етінен қан кету,қан қақыру,тік ішек айналуы,етеккір келуі),болған жағыдайда жалған оң нәтиже береді.
4.Егерде жауап дұрыс болса нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын нұсқау беру:
- 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;
- егер науқастың мұрынынан немесе гемморойынан қан кету болса,онда зерттеу жүргізілмейді.
5.Нәжіс жинау алдында резеңке қолғап кию.
6.Науқасқа түсіндіру,ішті босату унитазда емес,сусыз дәрет ыдысында болуы керек.
7.Үлкен дәретке отырған соң қара әр түрлі учаскесінен 5-10 гр нәжісті қалақшамен алып,контейнерге салып,қақпағын жабу.
8.Контейнерді ішіндегі нәжіспен лабороторияға жолдамасымен жіберу.
9.Қолғапты шешіп,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салу.
10.Қолды жуып,кептіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет