Е)орта ғасырларда және жаңа заман дәуірінде көшпелі түркі және моңғол халықтарындағы ең жоғары дара билік иесі
4.Мәтінмен жұмыс, 3 балл
Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақ, тармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп те әспеттейді. Кеңес өкіметі заманында Қазақстанда Шежірені зерттеу, оны тарихи дерек ретінде пайдалану идеологиялық саясат әсерінен көп қолға алына қойған жоқ. Дегенмен, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востров, т.б. этнолог ғалымдар еңбектері тарапынан ішінара көрініс тапты. Жалпы Шежірені жинақтаған көнекөз қариялардың көмегімен қазақтың ру-тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға болатындығы 18 ғасырда белгілі болды. 18 — 19 ғасырларда мұндай Шежірелердің біразын Н.Аристов, А.Левшин, В.Григорьев, Л.Мейер, П.Рычков, М.Тевкелев, Н.Гродеков, И.Андреев, Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, Ә.Диваев, т.б. зерттеушілер жазып алып, ғылыми айналымға енгізді.