Книга посвящена памяти Жакии Сарсенова нашего



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата06.03.2017
өлшемі20,78 Mb.
#8193
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

көрдім. ол кісі зілдей ауыр, үлкен келіні алып, тары түйетін. одан 

кереметтей  дәмді  жарма  жасайтын.  ал,  әжемнің  пісірген  таба 

нанының иісі қандай, әлі күнге дейін оның дәмі таңдайымнан кетер 

емес.  Әжем  бізге  қонаққа  келгенде  әкем  одан  таба  нан  пісіруін 

өтінетін.  Әкем  жұмыстан  келгенде  дастарқанда  ыстық  нан  дайын 

тұратын,  әжемнің  өз  мінезіндей  жұп-жұмсақ  таба  нан...  мен  сол 

кездері  үйде  ыстық  нанның  иісі  шығып  тұруы  керектігін  түсіндім, 

қазір де өз шаңырағымда нанды жиі пісіргенді ұнатамын. Жаңадан 

піскен нанның иісі үйге құт-береке енгізеді.

Әжемнің қолдан жіп иіргенін қызықтайтынмын. Әуелі үлкен 

темір тарақпен жүнді түтіп, тазартып алушы еді, сосын ұршықпен жіп 

иіретін. дайын жіпті балаларға жылы киім тоқу үшін анама беретін. 

ол қолдан көрпе-төсеніш дайындайтын. матаның қалған қиықтарын 

жинап алатын, кейде әкемнің ескірген галстуктері де пайдаға асып 

жататын. көрпені құрақтардан әдемі өрнектермен қиыстыра отырып 

тігетін,  сосын  бидай  шүберегін  дайындап,  мақтасын  салып,  дайын 

құрақ көрпесін кигізетін. біздің үйде қонақта болған күндерінде ең 

кем дегенде үш көрпе тігетін. түйенің жүнінен әдемі де жып-жылы 

жамылғыш  жасайтын.  мәскеуде  оқып  жүргенімде  әжемнің  түйе 

жүнінен жасаған жамылғышы мені суықтан қорғап еді. 

Әжемнің  абысындарын  шақырып  алып,  киіз  басқаны  әлі 

есімде.  бұл  бірер  айға  созылатын  қиын  да  күрделі  жұмыс.  Жүнді 

түтіп, жуып, сонан соң әр түрлі түске бояйды. боялған жүннен түрлі-

түрлі өрнектер жасайтын. сөйтіп, түрлі түспен өрнектелген жеңіл де 

жұмсақ киіз төсеніш дайын болатын. Әжемнің қолынан бәрі келетін, 

133


ол тіпті теріні де иіп, жұмсартып немерелерінің керек-жарағын тігіп 

береді. 


ұсақ-түйек  үй  шаруасының  сыртында  әжем  малды  да  өзі 

жайлаушы  еді.  бұл  оңай  жұмыс  емес,  жем-суының  үстіне      сиыр 

бұзаулайды, қой қоздайды, соның бәріне әжем үлгеретін. күркетауық 

пен    басқа  үй  құстары  ұя  басқан  кезінде  әжем  олардың  жем-суын 

беріп, бір тыным таппаған. қыс мезгілінде керек деп құрт-қатығын, 

ірімшік-жентін де дайындайтын. осы тірліктің барлығы отбасының, 

немерелерінің,  ұрпағының  тыныштығын,  ұясының  дұрыс  болуын 

ойлаған асыл әженің еңбегі.

Жастайынан  жесір  қалып,  талай  қиындықты  көрсе  де,  ол 

жаратушыға  үнемі  ризашылығын,  шүкіршілігін  айтып  отырудан 

жалыққан емес, немере-шөбере көргеніне, ұрпағының өсіп-өнгеніне, 

қайғырып-қамығуға    мұршасының  болмағанына  бәрі-бәріне  риза 

еді...

балаларын  өсіріп-жеткізді,  немерелерін  бағып-қақты. 



Жаратушыдан  үнемі  ұрпағына  амандық-саулық,  бақ-дәулет  тілеп 

отыратын.  оның  жүрегінен  бәрімізге  мейірім  табылатын,  ол  тіпті 

біздің  атымызды  да  еркелете  айтатын:  серік-жан,  Жамбыл-жан, 

ақ  гүлжан,  Жана-жан.  егерде    балаларының,  немерелерінің  бірі 

ауырып-сырқай  қалса,  бірінші  болып  көмекке  әжем  келетін.  туған 

күн,  мектеп  бітіру  кеші,  жоғарғы  оқу  орнына  түсу,  үйлену,  ұзату 

тойы, дүниеге сәби келу – бәрінде әжем ең бірінші болып қуаныш 

иесін  құттықтайтын.  Өзінің  азғантай  ғана  зейнет  ақысына  сыйлық 

алып, бәрімізге таратушы еді. Әжемнің маған сыйға тартқан, кішкене 

көгілдір  тасы  бар  алтын  сақинасы,  алтын  алқасы,  сосын  маған 

ескерткіш қып берген қолдан соғылған күміс білезігі менде сақтаулы 

тұр. бұл заттарды кейін немере-келіндеріме, яғни күлпатша әжемнің 

шөберелеріне табыстау үшін көзімнің қарашығындай сақтап жүрмін. 

күлпатша әжемді бір ауыз сөзбен суреттер болсам, тек қазақта 

ғана  бар  сөз  «балажан»  деп  айтар  едім,  өйткені  менің  әжем  бар 

ғұмырын бала-шағасына арнап, тек ұрпағы үшін өмір сүрген адам.         

                                     

                                       

134


ӘЛемдегі еҢ асыЛ Әке

Үлкен отбасында дүниеге келіп, ата – анаңның аялаған алақанын 

сезініп өсудің өзі бақыт. мұндай бақыт маған еселеп бұйырды, себебі 

мен үйдің кенжесі болғандықтан, бәрі де мені еркелететін, оның үстіне 

«мен  әкеме  қатты  ұқсайтынмын,  білетіндердің  айтуынша  әкемнің 

аузынан  түскендей»  айнымайды  екенмін.  Үйдің  ең  кенжесі  болған 

соң папам мені жанындай жақсы көрді, мен үнемі не әкемнің алдында 

немесе  қасында  отыратынмын.  сөздің  мағынасын  дәл  тауып  айтсам 

– мен әкемнің қанатының астында өстім. Әкемнің үнемі мейірімі мен 

қамқорлығын біліп өстім. бірге болу, бір – біріңе жүрек жылуын дарыту, 

қол ұшын беру – әкеміз ортамызда жүргенде де осылай қалыптасқан еді, 

қазір де солай өмір сүруге тырысамыз. ата – анамыз біздерге тек сөзбен 

айтып ұғындырмай, ең бастысы өздерінің іс – әрекетімен үлгі болып, 

дұрыс өмір сүруді үйретті.

парасат, адалдық, жақындарыңа қамқорлық, адамға деген мейірім 

мен құрмет, өз ісіңе деген жауапкершілік. біздер мұны отбасында көріп 

өстік, осыдан тәрбие алдық. Әкеміз «нағыз әке» деген сөзге лайық еді, 

менің бір құрбым айтқандай «жүз пайызды әке» бола білді. бізді өсіріп 

динара Жақияқызы

135


– оқытып қана қоймай, биік мұратқа жетеледі. мейлінше мейірімді еді, 

бірақ қажет жерінде қатал да бола білді, жақсы ісімізді көрсе мақтайда 

білетін.  тіпті  менің  барлық  дос  –  құрбыларым,  олардың  арасында 

әкелерінен ерте айрылғандары да бар, әкеммен әңгімелесуге тырысатын. 

Әкемде  оларға  ерекше  мейіріммен  көбірек  көңіл  бөлетін,  арасында 

жарасымды  қалжыңда  айтылатын.  себебі  әкем  маңайындағылардың 

тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын, мұқтаж болғандарға қолынан 

келгенше көмек беретін.

Өзінің  әкелік  мейірімімен  ол  бойыма  сенімді  де  ұялатын.  ол 

менің  талап  –  мақсатыма  үміт  артып  қана  қойған  жоқ,  оның  түбінде 

орындалатынына сенетін. болашағымды әкем болжап қойғандай, кейін 

есейгендегі жетістіктеріме өзімнің де сенімімді арттырды. көбінесе сәл 

нәрседен менің іс – әрекетімнің дұрыстығын байқап қалса әкем маған: 

«сен бастық боласың, мүмкін обкомның хатшысы боларсың», – дегенді 

айтатын.  Шындығында,  кейінірек  мен  жұмысқа  орналаса  салысымен 

басшылық қызметтен бастадым. қазіргі күні ойлап қарасам, әкем менің 

бар тірлігімді жоспарлап қойғандай. кейде ол кісі менің еңбекақымды да 

мөлшерлеп айтатын, дәп сол сәтте ақылға сыймайтындай көрінгенмен, 

бүгінгі күні айтқаны шындыққа айналды.

Әкем мен жұмыс атқарып жүрген мекеменің тыныс – тіршілігін 

үнемі  қадағалап  отыратын  өндірістегі  кейбір  мәселелердің  іске  асуы 

жөнінде ақыл – кеңес беретін. Жұмыстағы жолдас – жораларымды қонаққа 

шақыратын, олармен жақынырақ танысып, әңгімелесетін, менімен бірге 

оларға да қонаққа барушы еді. туған күнімді жұмыста атап өту, ата – анам 

үшін ерекше маңызды болатын. мектеп табалдырығын аттаған мезеттен 

бастап, туған күніме бірге оқитын достарымды шақыратын. тәтті – дәмді 

асқа тойып, ойынға әбден қонған менің қонақтарым үйлеріне бозқараған 

алып қайтатын. біздің үйдің ауласындағы бозқараған бұтақшаларынан 

әкем бәріне арнайы гүл шоғын дайындап қоятын.

мен жұмысқа араласқаннан кейін басқа дәстүр қалыптасты, енді 

туған күнімде ата – анам палауға толы қазанын, басқа да тағамдарын 

көтеріп жұмысыма келетін. егер туған күнді тойлау, қаладан тысқары 

өтетін  болса,  ет  қосылып  бұқтырылған  саңырауқұлақ  беріп  жіберетін  

ата – анам дәл сол күні міндетті түрде той дастарханының жайылуын 

қалайтын.  қазірде  әкемді  есіме  алға  сайын,  әкемнің  аялы  алақанын, 

жүрек жылуын сезінемін.

136


Әкеміз  біздің  мінез  –  құлқымызды,  өмірлік  ұстанымызды 

қалыптастырып,  болашақта  адастырмайтын  жол  сілтеді.  тіршіліктің 

қиын-қыстау  кезеңінде  кез-келген  сынаққа  төтеп  беруге  үйретті. 

табиғаттың  сұлулығын,  жалпы  әдемілікті  бағалай  білуді  де  әкемізден 

үйрендік.  Әкеме  самал  жел  ұнайтын,  сосын  сан  алуан  әсем  гүлдерді 

жақсы  көруші  еді.  ең  ғажабы  самал  желді  бала  күнімнен  жақсы 

көремін дейтін, туған жерін, сонау алыста қалған балалық шағын есінен 

шығармайтын.  есейген  шағында  туған  өңірге  қайта  барғанда,  самал 

желдің желпін өткен сәтінде бірден сезген еді. Әкем гүлді жақсы көріп 

қана  қоймай,  гүлдің  әр  түрін  өзі  отырғызып,  өсіріп,  күтіп-баптайтын, 

орайы  келген  сәтте  дос-жарандарына,  көрші-көлемге  гүл  сыйлайтын. 

дастарханды гүлмен безендіріп, күнделікті тіршілікке көтеріңкі көңіл-

күй мен сән беруді де біз әкемізден үйренген едік.

Жаңалыққа жаны құмар әкем өз отбасына ғана емес, өзі қызмет 

атқарып жүрген жұмыс орнына, тіптен қалаға да жаңалық әкелді. кеңес 

үкіметінің  кезінде-ақ,  қауіп-қатерге  қарамастан  ресейден  әкелінген 

тоқаштардың  пішіні  мен  жасалу  тәсілі  Шымкентте  бүгінгі  күні  де 

қолданылуда.  Әрине,  бұл    осындай  жолмен  ақша  таба  қояйын  деген 

ниетпен  емес,  адамдарға  қуаныш  сыйлау,  тоқаштардың  тәтті  дәмін 

сезініп, әдемілігіне сүйсінсін дегені. Әкеміз, біздің яғни балаларының 

көп  біліп,  көп  іс  тындыруы  керек  деп  ойлайтын,  болашақта  үлкен 

істердің басы-қасында жүрулері керек, бала күнімізден соған талпынуды 

талап ететін. Үнемі бізге «қолымнан келмейді» деген сөз жоқ, «істеген 

келмейді» деген сөз ғана бар, – деп жиі қайталап отыратын. содан да 

болар  мектепте  оқып  жүргенімізде,  төмен  баға  туралы  тыңдағысы  да 

келмеуші еді.

Әкеміздің  рухының  күштілігі,  қайыспас  мінезі,  табандылығы, 

бала-шағасына  деген  мейірімі,  адалдығы,  туған  жерге  сүйіспеншілігі, 

адамға деген ізет-құрметі оны ел танитын жеке тұлға етті, күні бүгінге 

дейін бізге ғана емес, біздің балаларымызға, жалпы әкемді көзі тірісінде 

біліп, араласқандардың бәрінің мақтанышына айналды. бүгінгі күні де 

әкемнің мейірімі маған сенім береді. 

біз әкеміздің өмірінің жалғасы, ұл-қыздары ол кісінің бойымызға 

дарытқан  барлық  асыл  қасиеттерін  өз  балаларымызға  сіңіреміз  деп 

ойлаймын.

137


ер еді қиындыққа моЙымаған

біз екеуміз де анадан ерте қалыппыз. аналарымыз бірге туған, 

апалы-сіңлілі  жандар  екен.  менің  анам  –  нәзира,  Жәкеңнің  анасы 

– Зағипа. демек, қазақы жөнмен келсек Жақия екеуміз қарын бөле 

болып шығамыз.

бізді  алғаш  кездестіріп,  таныстырған  қазалы  қаласында 

тұратын  даража  апамыз  еді.  сол  жылы,  яғни  1952  жылы  мен 

қазалыдағы малдәрігерлік техникумына құжат тапсырған едім. ал, 

Жақия  ағам  сол  техникумды  бітіріп,  жолдамамен  жұмысқа  бара 

жатыр екен. екеуміздің де өндірдей жас кезіміз. мен сол жылы мұрты 

енді тебіндеп келе жатқан 16-дағы бозбала едім, ал Жәкең 18-де екен.

бір-бірімізді жатсынбадық, тез әңгімелесіп кеттік. танысқаннан 

кейін  Жәкең  менен  «неше  ағайындысың?»  деп  сұрады.  ер  баладан 

жалғыз екенімді естігенде «маған іні табылды» деп балаша қуанды. 

сол қуаныш риясыз қуаныш еді.

Өтеген тілепбайұлы



бөлесі

138


танысқаннан кейін Жәкең мені дәмханаға алып барды. куксиді 

бірінші  рет  сол  кезде  жегенмін.  бұл  –  соғыстың  зардабы  әлі  қайта 

қоймаған, өте бір қиын кезеңдер еді.

сол күні армансыз әңгіме ақтарып, ұзақ сырластық. қоштасарда 

Жәкең мені қазалының шетіндегі үйіне шақырды. берген мекен-жайы 

бойынша  даража  апаның  үйін  іздеп  таптым.  екеуміз  бір  кереуетте 

жатып, түн баласы көз ілмей, әңгіме шерттік. арамызда айтылмаған 

сыр қалмады. ол күндер, ол түндер өлгенше естен кетер ме?!

ертеңіне  Жәкең  Шымкентке,  мен  қазалыға  оқуға  кеттім. 

айтайын  дегенім,  Жәкең  сол  18  жасар  кезінің  өзінде-ақ  ересек 

көрінетін, үлкендерше ойлап, үлкендерше әрекет қылатын. Әйтпесе 

арамыз екі-ақ жас қой, алайда, ол маған аға екенін таныта білді. сол 

күндері Жәкеңнің соншама бауырмалдылығына, соншама парасатына 

ерекше тәнті болған едім.

араға аз уақыт салып Жәкең әскерге кетті де біз бір-бірімізден 

біраз  уақыт  көз  жазып  қалдық.  сол  тұстары  ол  кісі  кездескен 

аралдықтардан мені сұрастырып, іздестіріп жүреді екен.

1964 жылы Шымкенттегі қазақ химия-технология институтына 

сырттай оқуға түскен едім. менің Шымкентке сессияға келетінімді 

Шайзадаев  алмат  деген  жігіттен  сұрастырып  біліпті  де,  одан 

кездестіруін өтініп, жата-жабысыпты.

сонымен,  ұзақ  уақыт  үзілістен  кейін  біз  1964  жылдың 

мамырында  қайта  кездестік.  дұрысы  Жәкең  мені  өзі  іздеп  тауып, 

үйіне ертіп келді. сол күні изада жеңгей екеуінің ыстық ықыласына 

әбден бөлендім, жақынды жатсынбайтын жандар асты-үстіме түсіп, 

бәйек болды.

Өмірде  өзің  ойламаған  нәрселер  де  болып  тұрады.  ол 

сонысымен  –  өмір.  1967  жылы  әлдебір  себептермен  маған  оқуды... 

тастауға  тура  келді.  бірақ  Жәкеңнің  өлшеусіз  көмегінің  арқасында 

1972 жылы алматы халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп, 

оны 1976 жылы бітіріп шықтым. саналы ғұмырдағы нанымды осы 

білімнен  таптым.  менің  жоғары  білім  алып,  ел  қатарлы  азамат 

болуыма,  қызмет  істеуіме  Жәкең  сіңірген  еңбекті  ештеңемен 

өлшей алмаймын. Жәкең маған ғана қызмет өткізген жоқ, кейінірек 

139


қарындасым  мен  қызымды  да  қасына  көшіріп  алып,  олардан  да  өз 

қамқорлығын аяған жоқ.

Жәкең көрген қиындықты алла еш адамның басына салмасын. 

Жәкеңнің мықтылығы да сол, кездескен қиындықтардың ешқайсысына 

да мойымады, сынбады. бала күнгі тауқыметке қасқиып қарсы тұрған 

Жәкең  кейінгі  өмірде  де  асқақ,  абыройлы  болды!  көңілі  барынша 

таза, ақпейіл, тумысынан мейірімді һәм бауырмал Жәкең айналасына 

күндей шуағын шашып, адам баласынан қамқорлығын аямады. 

осы  қасиеттері  қайырлы  болып,  изада  жеңгей  екеуі  өсірген 

перзенттердің бәрі де бүгінде өмірден өз орындарын тауып, абыройлы 

азаматтар атанды. бір қызығы, ағайын-туысқа Жәкең қандай бауырмал 

болса, балалары да сондай бауырмал, жанашыр, қамқор болып шықты. 

Жәкеңдей бөлемнің бала-шағасын мен әрдайым орынды мақтаныш 

етіп жүремін.

қалай  болғанда  да,  менің  тағдырыма  Жақия  ағадай  бөлені 

жазған алла тағалаға мың да бір мәрте шүкіршілік етемін.

140


қамқорЛығын кӨп кӨрдім

 

біз анадан ерте қалдық. менің ағам Өтеген және ағай, даража 



апай, мен төртеуіміз бөлеміз. менің шешем назира. анамның ағасы, 

біздің нағашымыз Әлімжан ата соғыстан кейін орскіден бізді іздеп 

келді. ол кісі аралға іздеп келгенде анам қайтыс болған еді. мен ол 

кезде жас едім, бірақ нағашым есімде қалыпты.

 Жақия  ағай  бірінші  Өтеген  ағамды  тауыпты.  кейін  маған: 

”бөле ағаң бізді іздеп келеді”, – деп айтты. мен қуанып бөле ағамды 

көруге, қарсы алуға асықтым. мен ол кезде тұрмысқа шыққанмын, 

балаларым бар еді. 

біздің  Шымкентке  келуімізге  себеп  болған  Жақия  ағам  мен 

изада жеңгем. бұл кісілердің еңбегі зор. осы кісілердің арқасында 

ешқандай қиыншылық көргеніміз жоқ. 

қазір барлығы жақсы. балаларым да жақсы орналасқан. мен 

ағайым мен жеңгемнің жақсылығын ешқашан ұмытпаймын. Жеңгем 

изадаға алғысым шексіз.

мәриямкүл тілепбайқызы

бөлесі

141


ЖақсыЛық ҮШін ЖараЛған Жан

халықта  “Әкенің  жақсылығы  жездей-ақ”  деген  даналық 

сөз  бар.  бұл  сөз  әкенің  жақсылығын  кішірейту  емес,  жезденің 

жақсылығын  жоғарлату  үшін  айтылған  ғой  деп  бағалаймын.  оған 

менің көзім жалғыз апамның жары Жақия ағаның өмірінен көрген, 

түйгенім дәлел бола алады. 

мен Жақия ағамен 45 жыл қатарлас өмір сүрдім. олар алғаш бас 

қосып, отау тіккендерінде мен мектептің жетінші сыныбын бітірген 

бала  едім.  1960  жылы  онжылдықты  бітіріп  институтқа  түскеннен 

бастап бес жыл осы жездемнің үйінде жатып оқыдым. 

1961 жылы дүниеге келген жиенім Жанболатты жездем екеуміз 

басқа  жанашыр  ешкім  болмаған  соң  бір-бірімізді  құттықтап  қуана 

қарсы алғанбыз. сол Жанболат тілі жаңа шығарда “Жеткерген” деген 

атымды  айта  алмай  “Жетек”  деп  атайтын.  иманды  болғыр  жездем 

өмірден өткенше атымды атамай “Жетек” деп атап кетіп еді. мен де ол 

Жеткерген кеулімжайұлы



Изаданың інісі

142


кісінің атын атамай ұдайы “Жәке” деуші едім. бірде “Жәке, жасымыз 

қырыққа  келді,  қызметте  қыздар  бізді  “Жеткерген  кеулімжайұлы” 

деп  тұрады.  сіз  қашаңғы  “Жетек”  дей  бересіз?”  –  деп  күлгенімде, 

“Әй, бала, сен маған әрқашанда сол баяғы қалқан құлақ өз баламдай 

баласың ғой”, – дейтін. 

Шынында  да  Жәкең  менің  қай  кезде  де  қасымнан  табылып 

ақылы  мен  жәрдемін  аяған  емес.  мен  үй  салып,  алғаш  кірпішін 

қалағанымда ерекше қуанып “Жігіттің өз үйі болмай, күйі болмайды. 

кеңдеу етіп сал», – деп, көмегін аямай, тура өзі үй салып жатқандай 

қуанған еді.

бұндай бір-екі мысалмен үлкен жүректі, адамгершілігі шексіз, 

қамқор да бауырмал ағаның асыл бейнесін ашу мүмкін емес. Жаның 

жаннатта болсын, иманың жолдас болсын, қымбатты аға!

бірде  жас  шамасы  Жәкеңмен  шамалас,  созақ  өңірінде  25-30 

жылдай  шаруашылығын  басқарған,халықпен  көп  араласқан,  үлкен 

ақыл-ой иесі нажмеддин аға: “құда, осы жездеңіз нағыз тұйғын ғой”, 

дегені. “неге олай дедіңіз?” – дедім. ол: “қаршыға тұқымдас денесі 

шағын, қысқа қанатты, аяғы шомбал, құйрығы ұзын, жылдам ұшатын, 

ниеттенген жемтігін әп-сәтте қағып түсетін, өте тапқыр құс. Жездеңде 

дене бітімі, киген киімі, істеген ісі, сөйлеген сөзі өте жинақы, тауып 

айтатын,  сөзінің  айналасы  теп-тегіс  жұмыр  ғой”  –  дегені.  содан 

былай ол кісі Жәкеңді “тұйғын” құда деп атап кеткен еді.

143


ЖҮрегі ЖыЛы, ақыЛы нұрЛы ағаЙым

қамшының сабындай қысқа ғұмырында ешкімнен көмегі мен 

жақсылығын аямаған менің ағайым өзіне  “нағыз  жақсы адам” деген 

ескерткіш тұрғызып кеткен сияқты. Өмірге келген адам өзінен кейінгі 

ұрпақтары, достары, ағайын-туыс, құда-жекжаттары тамсана айтып 

жүретіндей  үлгі-өнеге  болатындай  қасиетімен  танылады  емес  пе... 

менің ағайым осы сұраққа “иә” деп жауап беруге тұрарлық жан еді. 

ағай тапқанын шашып жүретін қолы ашық, жүрген жерде мерекелі 

де, берекелі де еді. сол қасиеттері ұлдары мен қыздарына да дарыған. 

балалардың елге, халыққа жасап жатқан қайырылымдылығы 

ауыз толтырып айтарлықтай. ағайдың туған жері қарабұтақтағы бір 

мектепке демеушілік жасайды. сол мектепті толық күрделі жөндеуден 

өткізді. бұның бәрін айтып отырғаным әкеден қалған қасиет, тәрбие. 

Шынайы,  өнегелі  ұрпақ  тәрбиелеген,  әрқашан  да  жанашыр, 

жүрегі жылы, ақылы нұрлы, шапағаты мол азамат ағам мәңгі есімде 

қалады.


күлбала кеулімжай

келіні, Жеткергеннің жұбайы

144


ӘкемдеЙ боЛған ардақты адам

мен  1970  жылы  қазалы  қаласында  онжылдық  мектепті 

бітірген соң Шымкенттегі жездем Жақияның, апам изаданың қолына 

келдім. мақсатым институтқа түсу еді. апа-жездемнің үйі маған кең 

жайлаудай болды. Әкенің ең жақсысы жездедей-ақ деп айтады ғой. 

бірақ, бұл кісі әкемнен де артық болды. балалары жездемді «папа-

папа» деп жүр екен, менде қосылып солай атап кеттім. 

бірінші жылы сынақтан өте алмай, дайындық бөліміне түстім. 

оқуға  түсе  алмадым  деп  қамыққан  жоқпын,  өйткені  көңілім  өте 

көтеріңкі болды. Шымкент сынды қалаға келгеніме, әдемі жерде тұрып 

жатқаныма, әпкем мен жездеме қосылғаныма шексіз қуанышты едім. 

Жездем  маған  барлық  жағдайды  жасады.  тіпті  өзінің  балаларына 

жасамағанын жасады. ол кез бой жетіп, қыз атанған шағым, ал қыз 

баланың  әдемі  киінгісі  келетіні  жұртқа  аян  емес  пе?  соны  білген 

сезімтал жанды жездем әтір мен бетке жағатын опалардың түрлісін 

маған әкеп беретін.

гүлжахан тәжібаева

Изаданың сіңілі

145


 келер  жылы  мұғалімдер  институтының  математика 

факультетіне оқуға түсіп, папаның бір баласы ретінде оқуымды оқып 

жаттым.  Үшінші  курста  жездем  мен  апамның  ризашылығын  алып 

тұрмыс  құрдым,  бала-шағалы  болдым.  құдайға  шүкір,  бес  перзент 

тәрбиелеп  өсіріп  жеткіздік.  бірақ  өмірдің  қиыншылықтарында  аз 

көрмедік. анам болса бізді уайымдап отырады. Жағдайы қалай екен, 

енді үй-жай болып жатыр ғой бұлар деп. 

енесін анасындай сыйлаған адам менің жездемдей-ақ болар. 

Жездем бір жағы анам алаңдамасын деп, бір жағы бізді жас жанұя 

ғой  деп,  қолынан  келгенін  аямады,  ақылын  айтып  отырды.Жұмыс 

істендер,  адам  болыңдар,    нандарыңды  өздерің  табыңдар  десе  де, 

зор  жәрдем  көрсетіп  отырды.  сөйтіп  жүріп  жетіліп  кеттік.  бір 

қуаныштысы менің балаларым сол кісінің тәрбиесін көп көрді. Өзінің 

балаларына менің балаларым қастарыңда жүрсін, бас-көз болыңдар 

деп айтып, алдын біліп, болашақты болжап отыратын адам еді ғой, 

қайран жездем.

 ол кісі туралы жақын арада өмірден өтіп кетеді екен, арамызда 

болмай қалады екен деп мүлде ойлаған емеспін. Жарқылдап күліп-

ойнап жүргенімізде басымызға осы жай түсті. амал жоқ, қабырғамыз 

қайысты....

 бірақ, орнында бар оңалар деген сөз рас екен. құдайға шүкір, 

артында  қалған  балалары  қазір  жақсы  қызмет  істеп  жүр.  бәріміз 

тілектеспіз. Әсіресе, балаларының тілегін өзім үнемі тілеп отырамын. 

ол кісіге жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы жолдас болсын 

дей отырып, алланың нұры жауғанын тілеймін.

146


Жомарт ЖҮректі аЗамат         

       


Жақия  сәрсеновты  мен  бұрыннан  білетінмін,  ол  кісі 

«Шымкент» дәмханасының директоры болып жүрген кезде танысқан 

едім. тоқырау кезеңі деп қазір баға беріп жүрген сол жылдар әркімнің 

–  ақ  дәмханада  кешкі  ас  ішіп,  көңіл  көтеруге  қалтасы  көтеретін. 

кешкісін, сосын аптаның соңғы жұмыс күндерінде дәмханаларда бос 

орын мүлде болмайтын, сондай күндері, менің әріптестерім дәрігерлер 

Жәкеңнің  дәмханасына  «артқы  есіктен»  кіріп  көек  сұраушы  еді. 

сырттай қатал көрінетін Жақия бұхарбайұлы ақжарқын,  көпшіл адам 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет