Әдебиеттеориясы Пародия (фр. рагосііа – керісінше қайталанған өлең) – белгілі бір
шығарманы немесе оның авторын, әдеби ағымды, тұтас бір жанрды соған
еліктеп, сынапсықақтайтын әдебиет, театр, музыка және эстрада жанры.
Қазақ әдебиетінде пародия нышандары халық ақындары шығармасынан,
ақындар айтысынан байқалады. Пародия әдебиетте сын нысанына,
мақсатына қарай юморлық және сатиралық болып бөлінеді. Юморлық
пародия жеңіл әзілді, достық әуенде болса, сатиралық пародия өткір тілді
болады.
Пародияның мақсаты – кісіні мазақ қылу емес, адамның жақсы қасиетімен
бірге өзі байқамайтын кейбір кемшін тұстарын жеңіл әзілмен жеткізу.
Пародия жасайтын адам
пародист деп аталады.
«Қазақәдебитілініңсөздігі»