Жоғары білім берудегі академиялық жетістіктерге академиялық адалдықтың ең жоғары стандарттары сақталатын ортада ғана қол жеткізуге болады. Жетісу университетінің студенттері академиялық адалдықты қатаң сақтауға және оның сақталуын оқу процесінің барлық қатысушыларынан талап етуге міндетті. Академиялық адалдықтың кез келген түріне (плагиат, алдау, жасыру, қайталау, сөз байласу, алаяқтықжәне т.б.) тыйым салынады және ұсталғандар қатаң жазаланады. Академиялық адалдық саясатының толық мәтіні https://zhetysu.edu.kz/academic-integrity-policy сайтынан. Студенттердің тапсырмаларын плагиатқа тексеруге болады. Жетісу университеті https://www.antiplagiat.ru, бағдарламасын қолданады, ол көптілді жазбаларды, аударылған мәтіндерді және перифразиялық нұсқаларды тексереді.. Студенттерге жұмысты оқытушыға жібермес бұрын оның бірегейлігін алдын ала тексеру ұсынылады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету және оларды жалпы білім беру үдерісіне интеграция мақсатында тиімді көп салалы қолдау көрсету үшін оқытушы семестрдің басында әрбір инклюзивті студентпен жеке әңгіме жүргізеді. Бұл әңгіме ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге тиімді қолдау көрсетудің әдістері мен құралдарын анықтау үшін маңызды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін сабақта арнайы мақсаттағы құралдарды қолдануға, бақылау сұрақтарына жауаптар дайындауға көбірек уақыт беруге болады. Қажет болған жағдайда бақылаудың жеке нысандарын тағайындауға болады, оқу нәтижелерін бағалау процедурасы жеке кесте бойынша және бірнеше кезеңде жүзеге асырылуы мүмкін.
-Тарихи оқиғаларды салыстыру, олардың себептері мен салдарларын анықтай білу, ашып көрсете білу
-Тақырыптың мазмұнындағы тарихи деректер мен құжаттарға талдау жасау баға беру, өз пікірін нақты деректермен дәлелдеп,өз ойымен жеткізе білу
15
9%
Қосымша тапсырмаларды орындау (практикалық жұмыс, тапсырмаларды орындау, топтық пікірсайысқа қатысу, және т. б.)
- Тарихи терминологияны білу, түсіну, тарихи оқиғаларды мысалдармен фактілер арқылы дәлелдеу, кезеңдерге бөле білу.
- Тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін түсіну, тарихты бүгінгі күнмен байланыстыра алу.
- проблемалық сұрақтарды шешуде негізгі деректерге сүйеніп, өз ойын толық жеткізе білу, ізденіс және зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізе білу топ жұмысына белсенді қатысу.
75
45%
Эссе
қоғамдық-саяси көзқарастарды талдап, өзінің дербес көзқарасын қалыптастырып, қорытынды жасайды.
100
10%
Ғылыми хабарлама
берілген тапсырмаға қатысты терминдерді түсінеді, қолданады.
Оқытушы практикалық тапсырмалардың мерзімін өз бетінше белгілейді.
Оқытушы қабылдау мерзіміне сәйкес берілген тапсырманы қабылдайды және оны бағалайды, журналға тіркейді, орындау сапасын баллмен бағалайды. БӨЖ балдарын электрондық журналға қою мерзімі - 100 балдық шкала бойынша семестрдің 4, 7, 11, 14 апталары
Оқытушы Сантаева К.Т.
БББ жетекшісі Абдилданова А.К.
ЖМ академиялық комитет төрағасы
ЖМ деканы Толамисов А.Г.