Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау осы бұйрықтарға сәйкес жасалды



бет7/7
Дата16.01.2023
өлшемі30,22 Kb.
#61432
1   2   3   4   5   6   7
Түсінік хаты

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау осы бұйрықтарға сәйкес жасалды:


1.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 26 маусымдағы ҚРЗ
2.«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы
3. «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы
3-міндет. Мектептерді жайлы, қауіпсіз және қазіргі заманғы білім беру ортасымен қамтамасыз ету
Бағдарлама 9 Ә сынып оқушысы Сота Мадинаға бейімделген.
Диогназы: Резиденттік-органикалық фондағы интеллектуалды жеткіліксіздік Зияткерлік жеткіліксіздіктен туындаған оқу іс-әрекетінің бұзылуы.ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.Сөйлеудің лексикалық-грамматикалық дамымауы.Анизометрия, оѕ-орташа Миопия.1 дәрежелі Амблиопия 11.11.2021
ПМПК-ның қорытындысы бойынша оқыту бағдарламасы: жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша жеке тәсілмен, оның ішінде оқу бағдарламасын қысқарту түрінде немесе жеке оқу жоспары бойынша оқыту ("білім туралы 47-бап.п3 пп2
9-сыныптардағы физика пәнін оқытудың мақсаты – оқушының ғылыми көзқарасының негізін қалыптастыру. Әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауды, бақылау қабілетін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) оқушылардың әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеру;
2) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
3) табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуде меңгерген дағдыларды қолдану болып табылады.
Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 9.2.1.4. кодында «9» –сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» –оқыту мақсатының реттік саны.
9-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 4 зертханалық жұмыс және 6 практикалық жұмыстан тұрады. Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін мыналарды жасау ұсынылады:
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 9 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық авторы: Н.А.Закирова, Р.Р.Аширов «Арман-ПВ» 2019ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет