Ко-42 тобы. Жанкур Мадина 7 соөЖ тақырыбы


Көркемдік әдіс туралы сыни айтыс



бет2/3
Дата23.10.2022
өлшемі28,27 Kb.
#45043
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
n7 СОӨЖ

2. Көркемдік әдіс туралы сыни айтыс.


Көркемдік әдіс - белгілі бір дәуірде көптеген жазушылар шығармаларында қолданылатын өмір шындығын суреттеу ерекшелігі соны айқындайтын негізгі принциптер.Бір заманда өмір сүріп,бір қоғамдық ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ сипат – белгілері аз емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану,адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көруге болады.Көркемдік әдіс әлдеқайда кең мағынада алынып жазушының өмірді бейнелеуде нақты болатын яки болатын өмір құбылыстарын тірек етуімен сипатталады. Көптеген әдеби ағым- бағыттар жиі қолданатын 2 түрлі әдіс бар. Біріші әдіс – романтизм.Орыс әдебиеттерінде және дүние жүзі әдебиетінде жиі қолданылады. К.Ф.Рылеев, В.К.Кюхельбекер, А.И. Одоевский, Н.В.Жуковский ақындар шығармашылығында мол қолданыс табады.
Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын көзбен қарау,шарық ұрып іздену, қиялға берілу болса,революционер творчествосында ол жаңашылдықпен алға ұмтылуымен ұштасты. Ал енді болашаққа үміт артпай, артқа қарайлаудан романтизнің осал кемшілік жақтары байқалады. Орыс әдебиетінде А.С.Пушкин творчествосында қазақ әдебиетінде Абай поэзиясында кең өріс алған көркем әдіс- реализм болды. Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең жан- жақты ашуға мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғынып түсінуге ,күнделікті жайларды қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру- бұл реализмнің әдісінің бағалы жағы. Реализм әдебиетте көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық өдеби дәстүрлермен байланыс әлдеқайда күшейе түсті. Осының нәтижесінде әдебиет пен көркемөнердің халықты сипаты арта түсті. Қазіргі дәуірде әдебиетте жазушылардың творчестволық еркіндігіне жаңашылдық ізденістеріне мол мүмкіндік туып отыр.Өмір шындығын жан- жақты терең ашып көрсету үшін әдебиет тақырыбы,идеялық мазмұны көркемдік ерекшеліктері жағынан мейілінше толығып үнемі әр алуан сипат- белгілерімен байи беруі қажет.
Көркемдік әдіс - өнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен талдаудың, қорытудың және жинақтаудың өзгеше принципі, сайып келгенде, өмір шындығын өнер шындығына айналдыра саралап, белгілі бір қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі.
Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті жайларды, қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру - бұл реализм әдісінің бағалы жағы еді. Ф. Энгельс реализм әдісі жеке дерек-жайттардың шындығын былай қойғанда, типтік характерлерді типтік жағдайда алып суреттейтінін атап көрсетті. Реализм әдебиетте, көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол, шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық әдеби дәстүрлермен байланыс бұрынғыдан әлдеқайда күшейе түсті. Осының нәтижесінде әдебиет пен көркем өнердің халықтық сипаты арта тұсті. Орыс әдебиетінде реалистік әдіс А. С. Пушкин шығармалары арқылы қалыптасып, М. Ю. Лермонтов, Н. В. Гоголь, И. А. Гончаров, И. С. ТургеневЛ. Н. ТолстойФ. М. ДостоевскийА. П. Чехов сияқты жазушылардың шығармаларында жан-жақты дамыды. Кейде реалистік әдіспен жазылған шығармаларда шыншылдық пен сыншылдық араласып келгенде сыншыл реализм деген ұғым да қолданылады. Абай шығармаларына тән көркемдік әдістен реализмнің де, сыншыл реализмнің де сипат-белгілері молынан көрінеді. Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да терең. Қандай құбылысты, адамды болса да ол қоғамдық, әлеуметтік тамырын, маңызын аша суреттей отырып, оның адам үшін, қоғам үшін пайдалы, зиянды жақтарын айқын көрсетеді. Міне, бұл ерекшелік Абайдың өмірді суреттеу тәсілін жаңаша қалыптастырды, әдебиетте сыншылдық бағытты орнықтырды, мұның бәрі, сайып келгенде, әдебиетімізде сыншыл реализм әдісінің туып, қалыптасуы еді. Бұл бүкіл көркемдік танымымызға Абай әкелген жаңа сапалық өзгерістердің бірі және негізгісі. 
Абай әдебиетті идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, басқаша айтсақ, әдебиеттің «өмір оқулығы» ретінде атқаратын қызметін арттыруды бірінші мәселе етіп қойды. Жастарды озық мәдениетке, өнер-білімге, адал еңбекке шақырып, оның бойында шынайы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуге, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылуды қалыптастыруға тек өресі биік әдебиет қана ат салысатынын ақын терең түсініп, өзі өмір бойы сол жолда ізденді. 
Абай әдебиетке мүлдем жаңа міндет жүктеді. «Түзетпек ем заманды» деп, әдебиеттің өмірді дамытуға, түзетуге, өзгертуге шешуші үлес қосуын, белсенді қызмет етуін, идеялық-көркемдік құрал дәрежесінде биіктеуін уақыттың үлкен талабы ретінде ұсынды. Абайдың реалистік әдісі әсіресе адамның типтік бейнесінсуреттеуден айқын аңғарылады. Ең алдымен Абайдың адам мен қоғам жайындағы тұжырымы - қазақ топырағындағы жаңа көзқарас. Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге, өлеуметтік тұрмысқа байланыстыра қарап, бағалап бейнелейді. Мысалы, Абай өлеңдерінен неше түрлі байдың әлеуметтік тип дәрежесіне көтерілген жинақталған бейнесін бүкіл іші-сыртымен көз алдымызға келтіреміз. Солардың бірі «Өз малын өзінікі дей алмай, күндіз күлкі, түнде ұйқысы» бұзылған бай. Бұл кәдімгі бір жағынан патша үкіметінің билеуші әкімсымақтар, екінші жағынан, ел ішіндегі биболыс, төрелер тарапынан екі жақты қыспаққа ұшырап, есі шығып, өз малын өзі билей алмай әлекке түсіп, жапа шегіп жүрген сасық бай. Немесе Абайдың болысын алайық. Бұл да Абаймен замандас, 19 ғасырдың 80-90 жылдарының болысы. Ол ата-бабасынан ел билеген феодал, шынжыр балақ шұбар төс емес, билікке малымен, байлығымен қолы жеткен, қулығы байлығынан да басым сұм-сұрқия, пысық жан. Оның ел билеу тәсілі, адамдармен қатынасы алдау- арбауға, әлдіге келгенде шыбындап, әлсізге келгенде қырындауға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет