Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


§3.3 Өзіндік сана-сезім және оның ерекшеліктері



бет58/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

§3.3 Өзіндік сана-сезім және оның ерекшеліктері

Адамның өзіндік санасы - шексіз, күрделі мәселелерден тұрады. Өзіндік сананы И.С. Кон былайша түсіндіреді: «Әрбір жеке адамның өзін-өзі іс-әрекет субъектісі ретінде тануға жәрдем ететін психикалык процестердің жиынтығы - өзіндіксана деп аталады, ал оның өзі жөніндегі өзіндік ұғымдары белгілі бір «Мен» бейнесін құрайды».


«Меннің» психологиялық мәнін А.Г.Спиркин келесідей сипаттайды: «Мен» түсінігі өз санасының нұрымен сәулелендіріп, өзін-өзі қабылдаған, таныған және сезген жеке адамды білдіреді. «Мен» - психикалық өмірді реттеп отыратын принцип, озіндік бақылауды жүргізуші рухани күш; бізді өз мәніміз бойынша бүкіл әлемге, қоршаған адамдарға, ең бастысы өз санамызды өзіміз бағалауымыз бен танымымызға орай ашып беретін әр адамның тұтастай болмысы.
«Мен» - жеке адамның санасында бір қалыпта бекіп қалган (статикалық) бейне бір түсінік не білік емес, ол өте қозғалмалы, өзгермелі (динамикалы) «мен» күйінде қабылдануы мүмкін. Сонымен бірге «мен» бейнесі әлеуметтік заңдарға, қоршаған адамдардың қалауына сай кемелденген, болашақ идеал «менді» де аңдатуы заңды. Және бір жағдайда бұл «мен» қолынан келсе, «тау қопарып, теңіз жұтатын» фантастикалық тұлғаның бейнесіне сәйкес болуы да әбден ықтимал.
«Мен» бейнесінің сәйкестік дәрежесі жеке адамның өзіндік болмысын, мүмкіндіктерін, басқа адамдар арасындағы өз беделін бағалай алуына байланысты келеді. Өзіндік бағаға орай адам өз әрекеттерін ретке келтіріп отырады.
Саналы адам өз бағасын қалай шығарады? Әрбір адамның қоғамдық тұлғаға айналуы біріккен еңбек пен тіл қатынасының нәтижесі. Адамдағы барша қалыптасқан сапа мен қасиеттер басқа қауымдастық мүшелерімен қоғамдық өндіріс процесіне араласу және олармен ақпарат алмасу барысында дамып, кемеліне жетеді. Еңбек пен тіл қатынасына келу арқылы адам өз істерін басқалардан күтілген бағамен салыстырып, тексеріп отырады.
Адамда қалыптасқан өз «Менінің» бағасы - өзіндегі барды басқалардан көргенімен үздіксіз салыстырудың нәтижесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет