Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет1/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû


Көбекова Ж.С.


Психология негіздері

Оқу қуралы


УДК 159.9 (075.8)
ББК 88.3 я73
К44

Пікір жазгандар:


- Халыкаралык қазақ-түрік университеті «Бастауыш окыту теориясы мен әдістемесі » кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., Токкулова Г. Т. Түркістан гуманитарлы-техникалық колледжінің педагогика, психология пәндерінін оқытушысы, практик педагог-психолог Исабекова К.А.
Көбекова Ж. С.
Психология негіздері: Оқу қүралы .- Түркістан,2012-б.

ІSВN 9965-594-03-1


Оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылымМинистірлігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 604 бүйрығымен бекітілген үлгілік бағдарламасы негізінде алынып жазылған.
Оқулык жалпы психологиямен, медициналық психологиямен ұштастыра отырып қазіргі кездегі білімді студенттерге қалыптастыру және осы білімнің кәсіби тәжірибеде қолданылуы қарастырылған.
Пәннің дамуынан бастап қазіргі жетістіктері қамтылып жазылған,
оқу құралы - психология ғылымының теориялық негіздерін ашып
көрсеткен, психикалық құбылыстардың жіктелуі, жеке адамның
акцентуациясы мен аутқушылығын (психопатия), психологиялык
жағдайларды зерттейтін әдістер, ауру адамның психологиясы, тұлға
аралык қарым-қатынас психологиясы, психогигиена менпсихоирофилактика туралы мәліметтер келтірілген, қосымша материалдармен, тест жиынтықтарымен қамтылған. Сондыктан да бұл оқулык студенттердің психологияны басқа да медицина ғылымдармен сәйкестендіре отырып, меңгеруіне мүмкіндік береді.

УДК 159.9 (075.8)


ББК 88.3 я73

ІSВN9965-594-03-1 © Көбекова Ж. С.,2012


АЛҒЫ СӨЗ

Ұсынылып отырған оқу құралы Қазақстан Республикасының жалпыға білім беру стандартына сәйкес 0301000 «Емдеу ісі» мамандығы 0301013 «Фельдшер» біліктілігі, 0302023 «Акушер» біліктілігі, 0304000 «Стоматология» мамандығы, 0304023 «Стоматолог дәрігердің көмекшісі» біліктілігі, 0304032 «Стоматологиялық гигиенист» біліктілігі, 0304013 «Дантист» біліктілігі, 0302000 «Мейірбике ісі» мамандығы, 0302033 «Жалпы тәжірибелік мейіркеш», 0302043 «Мамандандырылған мейіркеш» біліктілігі, 0306000 «Фармация» мамандығы, 0306013 «Фармацевт» біліктілігі, 0303000 «Гигиена және эпидемиология» мамандығы, 0303013 «Гигиенист-эпидемиолог» біліктілігі, 0305000 «Лабораториялық диагностика» мамандығы, 0305013 «Медициналық лаборант» біліктілігі бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес, колледж студенттеріне арнап дайындалған.
Бұл оқу құралы бүгінгі күннің талабына сай, сұраныстардан туындаған енбек.
Оқу құралы жалпы психологиямен, медициналық психологиямен ұштастыра отырып қазіргі кездегі білімді студенттерге калыптастыру және осы білімнің кәсіби тәжірибеде қолданылуы қарастырылған.
Пәннің дамуынан бастап қазіргі жетістіктері камтылып жазылған, оқу құралы - психология ғылымының теориялык негіздерін ашып көрсеткен, психикалық құбылыстардың жіктелуі, жеке адамныңакцентуациясы мен аутқушылығын (психопатия), психологиялыкжағдайларды зерттейтін әдістер, ауру адамның психологиясы, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы, психогигиена менпсихопрофилактика туралы мәліметтер келтірілген, косымша материалдармен, тест жиынтықтарымен камтылған.
Пән биология, анатомия, физиология, философия және басқа да клиникалық пәндермен байланыстырылған. Сондыктан да бұл оқулык студенттердің психологияны басқа да медицина ғылымдармен сәйкестендіре отырып, меңгеруіне мүмкіндік береді. Оқу құралында 6 тарау қамтылған:
Психология пәні, міндеттері және зерттеу тәсілдері.
Танымдық психикалық процестер.
Сана және өзіндік сана сезім.
Эмоционалдык және ерік процестері.
Тұлғаның психологиялық құрылымы.
Қарым-қатынас психологиясы.

Психология ілімі тарихынан




Ғасырлар қойнауынан бізге жеткен жазба ескерткіштердің материалдары дәлелдегендей, психологиялық құбылыстарға деген кызығушылық адамдарда бізге дейінгі ерте кезден-ақ пайда болды. Ол біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың орта кезінен бастап қалыптасты, оған ертедегі грек философтары Демокриттің, Платонның, Аристотельдің және басқаларының ғылыми трактаттары дәлел болып табылады. «Жанды» түсіндіруде ертедегі ойшылдардың көзқарасы екі бағытта қалыптасты: материалистік және идеалистік. Бірінші бағыт негізінен Демокриттің, Эпикурдың, Лукрецияның, ал екіншісі- Платонның, кей жағдайда, Аритотельдің еңбектерінде қарастырылды. Аристотель екі жақты көзқарасты ұсынады, бір жағынан материалистік көзқараста болса, екінші жағынан идеалистік бағытты ұстанды. Платонның шәкірті Сократ «жанды» материалистік бағыттың өкілдерімен салыстырғанда басқаша түсіндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет