Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Сананың жерді, уақытты, қоршаган болмысты болжай алмауы



бет64/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   134
31. Сананың жерді, уақытты, қоршаган болмысты болжай алмауы:
А. аменция В. шизофрения С. олигофрения D. делирий Е. онейроид


32.Делирийге қарағанда сананың тереңірек бұзылуы:
А. аменция В. шизофрения С. олигофрения D. делирий Е. онейроид


33.Обнубиляцияға тән сананын бұзылуы:
А. тереңірек бұзылуы В. өте жеңіл бұзылуы С. ауыр түрде бұзылуы
D. орташа түрде бұзылуы Е. сана бұзылмайды


34.Комаға тән сананың бұзылуы:
А.ешқандай тітіркендіргішке жауап бермеуі В. ауырғаңды сезінуі
С. ұйқылы ояу жағдай D. назары тек бір затқа қадалады Е. айкезбе жағдайы


35.Сомнобуляция сөзінің синонимі:
А. иллюзия В. ес-түссіз С. ұйқысырау, лунатизм
D. затқа қадалу Е. галлюцинация


36.Санасыздык дегеніміз, бұл:
А.психиканың жоғарғы деңгейі В. психиканың төменгі деңгейі С. талапсыздык
D. бейімсіздік Е. сөйлеудің бұзылуы

Қортынды білім денгейін тексеретін тесттін кілті





кілті



кілті



кілті

1

Е

13

В

25

Е

2

Е

14

А

26

А

3

В

15

В

27

С

4

А

16

Д

28

Е

5

А

17

А

29

А

6

В

18

С

30

С

7

В

19

А

31

Д

8

С

20

Д

32

А

9

В

21

С

33

В

10

Е

22

Е

34

А

11

С

23

А

35

С

12

Д

24

В

36

В

IV тарау. Эмоционалдық және ерік үрдістері


§4.1 Эмоция (жан толғанысы) психикалық күйдін бір түрі
§4.2 Эмоционалдық күйлердің жіктелуі
§4.3 Ерік ұғымы мен ерік үрдістерінің қызметтері, ерік күші
§4.4 Ерік үрдісінің сатылары


§4.5 Эмоционалдық және ерік сфераларынын бұзылуы


§4.1 Эмоция (жан толғанысы) психикалық күйдің бір түрі
Адам өмірінде сезімдер ерекше рөл атқарады. «Сезім» немесе «эмоция» сөзі адамдардың өмірі мен қызметіне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнерге немесе шығармаларға, ғылымға, өздері өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарға байланысты көңіл-күйін білдіреді. Адамның барлық іс-әрекеті мен қылығында ерекше орын алады, оның ықпалымен адам әрекет етеді, белгілі бір қылықтарды іске асырады.
Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды, сонымен қатар оларға деген көңіл-күйін білдіреді. Бір оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбір заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бір адамды ұнатады, басқаларын жеккөреді т.б.
Күнделікті сөйлеу тілімізде «сезім» деген сөз «түйсінудің» мағынасында жиі қолданылады, оларды сезім мүшелері деп атаймыз, дұрысында оларды түйсіну мүшелері деп атауымыз керек.
Көптеген психология оқулықтарының авторлары, психолог ғалымдар «сезімдер» мен «эмоцияны» бір-біріне синоним ретінде қарастырады, ал шын мәнінде бұл екі ұғымның мағыналық айырмашылықтары бар. Сезім - бұл өте күрделі, адамның қалыптасқан тұрақты қатынасы, жеке тұлғаның белгісі. Мысалы,борыш сезімі, патриотизм сезімі, жауапкершілік сезімі және т.б, ал эмоция - өте қарапайым көңіл-күйді білдіреді. Сезім эмоциялар арқылы байқалады.
Сезім немесе эмоция дегеніміз - адамның басқа адамдарға өзіне, қоршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл күйі. Адамдар шындық дүниенің заттарымен
құбылыстарына әртүрлі қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттіліктерін тура және жанама канағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық түрде және қоғамдытұрмысқа байланысты қабілеттіліктерде жағымды эмоцияларды шақырады. Осындай қажеттіліктерді канағаттандыруға кедергі келтіретіндері жағымсыз эмоция қалыптастырады.
Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп екі топқа бөлеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет