Бір немесе бірнеше іс-әрекеттің түрін ойдағыдай орындаудың шарты болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетін қабілеттіліктер деп айтамыз.
Кабілеттіліктер әруақытта да белгілі бір іс-әрекетті орындау тұрғысынан қарастырылады. Кез-келген қабілеттілік белгілі бір істі орындауға бағытталады: оқу пәндеріне, еңбектің түрлеріне қабілеттілік аңғартады. Мысалы, музыканттың қабілеттілігі текжақсы музыкалық есту кабілетімен шектеліп қоймайды. Бір ғана-құрастырушылық қиялдың болуы қабілетті инжинер-конструкторболу мүмкіншілігін қамтамасыз ете алмайды. Кез-келген іс-әрекетті ойдағыдай орындау қабілеттіктердің қиысып келуінебайланысты. Мұғалімге оқу материалын қызықты түсіндіру үшінұйымдастырушылық қабілеттілік, педагогикалық тәлім жәнекөптеген басқа да қабілеттіліктер қажет. Қабілеттіліктер жалпыжәне арнаулы болып бөлінеді. Мысалы, ойдың сапасы неме естің сапасы сияқты психикалық қасиеттер көптеген іс-әрекетте кеңінен қолданылады.
Жалпы қабілеттіліктерге жеке тұлғаның қасиеті ретінде бақылағыштық жатады. Сонымен қатар жалпы қабілеттілік байқалған адамдар әртүрлі іс-әрекетпен ойдағыдай айналыса
алады. Мәселен, қабілеттілікті менгерген мектеп оқушылары көп жағдайда барлық пәндерден жақсы оқиды. Арнаулы қабілеттілік қандай да белгілі бір іс-әрекетті ойдағыдай орындауға мүмкіншілік жасайды. Математикалық, техникалық, әдеби, музыкалық, бейнелеу өнері саласында және тағы басқа қабілеттілік қалыптасу мүмкін. Қабілеттіктердің бұл екі негізтүрінен басқа үшінші түрін - практикалық іс-әрекетіке қабілеттілікті ерекше атауға болады. Бұл түріне құрастырушылық - техникалық, ұйымдастырушылық педагогикалық қабілеттіліктер жатады.
Қабілеттің дамуында табиғи, биологиялық факторлардың рөліқандай? Көптеген шет ел ғалымдары адам қабілеттілігі тұқымарқылы берілетін, туа біткен қасиет деген көзқарасты жақтайды.Олардың дәлелдеуінше, қабілеттіліктің түрі және оның деңгейі туғаннан берілетіндігі алдын-ала анықталған. Ғылыми психология бұл қате көзқарасты сынай отырып, қабілеттіңдамуының табиғи алғышарттары ретінде табиғи, биологиялы факторлардың белгілі дәрежедегі рөлін мойындайды, жоққашығармайды. Осындай қабілеттіктер дамуының табиғи алғышарттары нышан деп аталады.
Демек туа біткен анатомиялық-физиологиялық ерекшелік, тек нышандар болып табылады, олар қабілеттіліктер дамуының негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақытта да дамудың нэтижесі.