Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет86/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Темперамент

Табиғатта екі бірдей адамды, жеке тұлғаны кездестіру қиын. Әрбір адамның жеке тұлға ретінде даралық ерекшеліктері қайталанбайды. Адамдар бір-біріне ұқсас болып келуі мүмкін. Адамдардың даралық-психологиялық ерекшеліктері әртүрлі болады.


Осындай тұрақты және адамға туғаннан берілетінпсихологиялық қасиеттер темпераменттің қасиеті болып табылады. Демек, темпераменттің қасиеттеріне ең алдымен туа
біткен және даралық-өзіндік психикалық қасиеттер жатады. Тіпті ерте кезден бастап темпераменттің төрт түрін кездестіре аламыз:сангвиникалық, флегматикалық,холерикалықжәне меланхоликалық.
Темперамент дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез қүлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері. Темпераменттің қасиеттерін мінез-құлық қасиеттерімен немесе қабілеттіліктерімен шатастыруға болмайды.
Темпераментті анықтайтын төмендегідей негізгі қасиеттерді атап өткен жөн:

  • адамның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтың жалпы белсенділігі әрекет етуге ұмтылудың әртүрлі деңгейінде, қоршаған дүниені меңгеру және өзгерту, әртүрлі іс-әрекетте өзін көрсете білуде анғарылады.

  • қозғалыс немесе моторлы белсенділік және тілдік-қозғалыс аппаратының белсенділік жағдайын көрсетеді. Адамның бұлшык ет қозғалысы мен тілінің шапшаңдығында, күшінде, жылдамдығында аңғарылады, оның сыртқы қозғалысында, сөзшеңдігінде байқалады.

  • эмоциялық белсенділігі эмоциялық көңіл-күйінде, эмоциялық қозгалғыштығында т.б. көрінеді.

Темперамент адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында және қылықтарында аңғарылады және сыртқы пішінінен байқалады. Сыртқы тұрақты белгілері бойынша темпераменттің кейбір қасиеттері туралы айтуға болады.
Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-әрекетінің динамикалық жағын анықтайтын табиғи қасиеттер болып табылады. Басқаша айтқанда, психикалық іс-әрекеттің іске асу сипаты темпераментке байланысты, атап айтқанда:

  1. психикалық үрдістердің пайда болу жылдамдығы мен оның тұрақтылығы (мысалы, қабылдау жылдамдығы, ойдың ұшқырлығы, зейіннің шоғырлану ұзақтығы);

  2. психикалық үрдістердің қарқындылығы (мысалы, эмоцияның күші, еріктің белсенділігі);

  3. психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нысандарға бағыттылығы (адамның жаңа адамдармен қарым-қатынаста болуға ұмтылуы, адамның өзіне-өзі, өз идеалдары мен образдарына бағытталуы).

Дегенмен осының барлығы темпераментті толық сипаттау үшін әлі де жеткіліксіз, себебі психикалық іс-әрекеттің динамикасы басқа жағдайларға байланысты. Кез-келген адамда өмірінде кездесетін қуанышты оқиға жан дүниесі мен тән дүниесін, күш-жігерін арттыра түседі, ал керісінше қайғылы жағдай оның көңіл-күйінің түсуіне себепші болады.
Темпераменттің қасиеті адамның басқа психикалық ерекшеліктерімен салыстырғанда ерекше тұрақты және әруақытта да болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет