Аристотель(384-322) бойынша, жан- тірі материяға тән жанды бастама. Аристотельдің көзқарасы алғашқы жан туралы ілімнің шыңы болып табылады. Ол алғашқы «Жан туралы» ғылыми- психологиялық еңбектің-трактаттың авторы.
Р.Декарт (1596-1650) өзіндік бақылауды психологиядағы негізгі әдіс ретінде пайдалана отырып, ХҮІІІ-ХІХ ғ. адамдардың ішкі дүниесін зерттеп, бұл бағытта біршама жетістіктерге жетті.
Б.Спиноза (1632-1677) психологиялық білімді дамытуға ерекше үлес қосқан голландиялық философ. Ол белгілі дәрежеде Декарттың дуализмін өзгертуге талпыныс жасады. Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген көзқарасты үсынады.
Т.Гоббс (1588-1679) ағылшын ғалымы, ғылыми-жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады. Осы кезден бастап психологиядағы негізгі перспективалық бағыт ретінде эмперикалық немесе тәжірибелік психология қалыптасты, оның негізгі мақсаты- жан туралы философиялық түсінік емес, объективті ғылыми дәйектерді жинау және талдау.
Джон Локк (1632-1704) ағылшын ойшылы, психологиялық құбылыстарды тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептеледі. ХҮІІІ ғасыр ғылыми психология тарихында ассоциативтік ілімнің дамуымен тығыз байланысты. Ассоциация- белгілі бір психикалық күбылыстар мен қозғалыстардың басқалармен заңды байланысын айтады.
Д.Гартли (1705-1757) ағылшын ғалымы, оның еңбектерінде ассоциативтік психология аяқталған түрде берілді. Гартлидің айтуынша, адамның бүкіл жан дүниесі үш элементтің: түйсіктердің, идеялардың және сезімдердің бір-бірімен байланысы, біріктірілуі негізінде құрылған.
И.Ф.Гербарт(1776-1841) немістің эмпирикалықпсихологиясының негізін қалаған. Ассоциация және апперцепция ұғымдарын енгізген ғалым қазіргі психологияда сақталған, өз мәнін жойған жоқ.
В.Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалады, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды, ол аз уақыттың ішінде ғылыми психологиялық ойдың және психолог кадрларды даярлауда әлемдік орталыққа айналды, онда бастапқы оқыту дәрісін алған кейбір ресейлік психолог-ғалымдар Н.М.Бехтерев пен Н.Н.Ланге болды.
И.М.Сеченов(1829-1905) Ресейде бүдан бірнеше жыл бұрын психологияны дамыту бағдарламасымен айналысты. Оның «Бас ми рефлекстері» (1863) атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады. И.М.Сеченов бағыты кейіннен И.П.Павловтың және В.М.Бехтеревтің еңбектерінде өз жалғасын тапты.