И.П.Павлов(1849-1936) үйретудің жэне бейімделудің тәжірибесінің қызметі ретінде шартты рефлексті ашты.
В.М.Бехтерев (1857-1927) Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдік психологиялық зертхананы негіздеді.
Шарко(1825-1893) жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізді. Оның жетекшілігімен аса дарынды француз психологы Пьер Жане (1859-1937) және психоанализ бағытының негізін салушы Зигмунд Фрейд (1859-1939) өз жұмыстарын бастады.
А льфред Бине көрнекті француз психологы, объективтік әдістерді зерттеп, талдады. Ол балалардың интеллектісінің даму деңгейін анықтау үшін тестілер жасады. Интроспективтік әдіс жаңа объективтік зерттеу әдістерімен салыстырғанда кейінгі катарға ығыстырылды. Психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі ерекше рөл атқарды. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша, психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан, тірі организмнің бейімделу іс-әрекетінен бөліп алып қарауға болмайтындығын дәлелдеді.
Бихевиоризм-XX ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген
себептерге байланысты қалыптасқан психологиялықбағыттардың бірі. Бихевиоризм теориясының негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-құлқы болып табылады. Мінез-құлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды.
Джон Уотсон(1878-1958) америка ғалымы, әрі психологы, бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі. Ол дәстүрлі психология пәнін, жан құбылыстарын жаңа мінез-құлық психологиясымен өзгерту қажеттігін ұсынды. Бихевиористердің дәлелдеуінше, негізгі ғылыми ұғымдар болып табылатын стимул- сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция- тітіркендіргішке ағзаның жауабы және стимул мен реакцияның байланысы-ассоциация. Сонымен, Уотсон санадан ғылыми категория ретінде бас тарта отырып, өзінің еңбегінде И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы әдістемесіне сүйенеді.
Бихевиоризмнің пайда болуына американың зерттеушіғалымы Э.Торндайктің(1874-1949) еңбектерінің үлкен әсерітиді. Э.Торндайктің негізгі зерттеулері жануарларға жүргізілді,олар «проблемалық жәшік» деп аталатын затқа орналастырылды.Э.Торндайк «проблемалық жәшіктегі» жануарлардың мінез-құлқын бақылап, байқау және қателесу әдісімен әрекет етеотырып, жануарлар кездейсоқ нәтижеге жетеді дегенқорытындыға келеді. Үйрету, бейімделу реакциясынқалыптастыру бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде іске асады (жаттығу заңы). Егер реакциядан кейін ағза үшін жағдай ойдағыдай іске асатын болса, реакция бекітіледі, стимул мен реакцияның арасында берік байланыс қалыптасады (тиімділік заңы).