Көбею бөлімі Тірі организмдердегі көбеюдің екі түрі



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата05.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#90584
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Көбею толық конспект



ҰЛЫ ДАЛА ҰБТ 
БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ
Биология пәнінің мұғалімі: Абылқасымова Зере 
Биология пәнінен 
Көбею бөлімі 
 
1. Тірі организмдердегі көбеюдің екі түрі: жынысты, жыныссыз 
2. Жыныссыз көбею: алғаш пайда болды, жаңа ұрпақ тек бір ғана дарадан түзіледі 
3. Жыныссыз көбею: жас ұрпаққа барлық тұқым қуалайтын белгілері мен 
ерекшеліктері беріледі 
4. Саңырауқұлақта жыныссыз көбею жүзеге асады: спора 
5. Спора жетіледі: спорангий 
6. Төменгі сатыдағы өсімдіктер: балдыр. Оларда жыныссыз көбеюде талшықты, 
талшықсыз спора түзіледі 
7. Жыныссыз көбеюдің ең қарапайым формасы: жасушаның бөлінуі 
8. Бүршіктену: біржасушалы, көпжасушалы ағзаалрға тән 
9. Ашытқы саңырауқұлағы көбейеді: бүршіктену арқылы 
10. Партеногенез: ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан ұрықтың дамуы (бит, 
дафния, ара) 
11. Жапырақтарында көптеген бүршіктер түзілетін өсімдік: каланхое 
12. Жыныссыз көбеюдің ең кең тараған жолы: спора түзу 
13. Спора: сырты қалың қабықшамен қапталған жасушаның ерекше түрі 
14. Споралы өсімдіктер – мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі екі 
фазадан тұрады: спорофит және гаметофит. 
15. Спорофит – өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жыныссыз ұрпақ. Бұл – 
өсімдіктердің спора түзу сатысы.
16. Спорофит – әрқашан диплоидты, ал споралар әрқашан гаплоидты болады. 
Сондықтан споралар мейоз жолымен түзіледі.
17. Гаметофит – өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жынысты ұрпақ. Бұл сатыда 
гаметалар түзіледі.
18. Гаметофиттердің жасушалары гаплоидты, гаметалары жасушалардан митоз 
жолымен түзіледі.
19. Мүктердің тіршілік циклі.  
20. Мүктердің тірек және өткізгіш ұлпалары нашар дамыған 
21. Мүктердің тек сабағы мен жапырағы болады 
22. Мүктер – тіршілік циклінде гаметофиттері басым болатын жоғары сатыдағы 
бірден-бір өсімдік болып табылады 
23. Қырықжапырақтәрізділердің тіршілік циклі. 
24. Қырықжапырақтәрізділер – өткізгіш ұлпалары жақсы жетілген жоғары сатыдағы 
өсімдіктер.
25. Мүктерге қарағанда қырықжапырақтәрізділердің артықшылығы тіршілік 
циклінде спорофиттер дамиды, яғни жапырағы мен сабағы бар 
қырықжапырақтәрізділердің ересек ағзалары диплоидты жасушалардан тұрады 
26. Диплоидты қырықжапырақтәрізділердің жапырағының астыңғы жағында 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет