Оқыту нәтижелері: -Организм қызметтеріндегі негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалайтын материалдың молекулалық деңгейдегі (ДНҚ) құрылымдық-функциялық ұйымдасуы туралы;
-Тірі жүйелердегі тұқым қуалайтын ақпараттардың берілу бағыттары мен механизмдері, олардың қалыпты және патологиялық жағдайлардағы қызметтеріндегі ролі мен маңыздары туралы;
-Тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуының молекулалық механизмдері туралы;
-Тұқым қуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейлердегі құрылымдық-функциялық ұйымдасуы туралы;
-Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болуының себептері мен механизмдері және адамның тұқым қуалайтын аурулары мен дамудағы туа біткен ақаулықтардың қалыптасуындағы олардың ролі туралы;
-Жалпы және молекулалық генетикапәні бойынша есептер шығара білу және алынған қорытынды деректер бойынша тұжырым жасай білу;
-Ғылыми негізде тәжірибелік және іздену, басқару жұмыстарын ұйымдастыра білуі тиіс;
-Алған білімдерін зертханалық, өндіріс жағдайында қолдана білулері қажет.
Қалыптасатын құзыреттер: Организм қызметтеріндегі негізгі молекулалық-генетикалық механизмдері, тұқым қуалайтын материалдың молекулалық деңгейдегі теориялары бойынша білімді игеру арқылы курстан кейін білім беру бағытының, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің құзыреттілігі қалыптасады.
Жалпы және молекулалық генетика пәні биология бағыты бойынша даярлауда, мектепте, үйірме жұмыстарында тірі организмдердегі тұқым қуалаушылықты, өзгергіштікті зерттеу нысаны ретінде алып тәжірибе қоюда, геннің әсерін реттеу және мутагенездің молекулалық механизмін ажырата білу арқылы, тұқымқуалаушылықтың молекулалық негізін игеру арқылы құзыреттілігі қалыптасады;
Жалпы және молекулалық генетика пәні бойынша молекулалардың құрылымдық ерекшеліктері, филогенетикалық дамуы мен жүйелік орны туралы теориялық білім алып, практикалық жұмыстың теориялық негіздері бойынша құзыреттілігін қалыптастырады. Заманауи молекулалық генетиканың әртүрлі бағыты бойынша жаңа мәселелерін зерттеуге қабілеті қалыптасады.