Қорытынды .
Готикалық көне шрифтімен жазылған жалғыз ескерткіш «Кодекс Куманикус» - басқа түрлі жазба нұсқалардан гөрі қыпшақ тілінің материалдарын молырақ қамтыған, көлемі жағынан толықтау, мазмұны жағынан әр алуан мәтіндері бар, дүниежүзілік түркологияда барынша белгілі, талай елде зерттеліп, бірнеше рет басылған. Сондай-ақ, бірнеше еуропа тілдеріне аударылған еңбек. Кодекс Куманикус ескерткішінің бір нұсқасы Венецияда, Марк Евангелист шіркеуінің кітапханасында сақтаулы. Бұл ескерткіш туралы мәлімет берушілерден атақты ғалымдар: Ф.Томасини, Г.Ю. Клапорт, Геза Кун, К.Гренбек, В.В.Радлов, А.Фон Габен, Ә.Құрышжанов, А.Н. Гаркавец т.б. атап көрсетуге болады.
«Кодекс Куманикустің» біздің рухани өміріміз үшін маңызы өте зор. Одан қазақ тілінің орта ғасырдағы жайымен танысамыз. Тіліміздің орта ғасырдағы тегінің екі қанаты бардай. Бірі көне түркі тілімен, бірі қазіргі қазақ тілінің жалғасы деп айтсақ болады.
Пайдаланған әдебиеттер мен ақпарат көздері:
Ғылыми әдебиет
1.Codex Cumanicus / Kuun, Géza. — Budapest, 1880.
2.Codex Cumanicus Cod. Marc. Lat. DLXIX In faksimile heruasgegeben mit einer einletung Von K. Grönbech - Kopenhagen, 1936, -82 v.
Гаркавец А. Н. // Кыпчакское письменное наследие. — Алматы: КАСЕАН; Баур, 2007. — Т. II. -С.63-120.
3.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы: «Қазақэнциклопедиясының» Бас редакциясы, 2004. – Т.6. – 696 бет.
5.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. – Алматы: «Атамұра», 1996. –Т.1.
– 544 бет.
6.Кенжебаев Қазақ әдебиеті тарихының мәселеері. «Ғылым» баспасы, Алматы, 1973.
Ақпарат көзі: http://atalarmirasi.org/149-kodeks-kumanikus-kumandardynh-kitaby
Достарыңызбен бөлісу: |