«Кодекс Куманикустың», «Қорқыт Ата кітабының» Дрезден мен


Педагогикалық теория мен практиканың әрекеттестік диалектикасы



бет20/39
Дата25.05.2023
өлшемі372,5 Kb.
#96900
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Педагогикалық теория мен практиканың әрекеттестік диалектикасы.Педагогика ғылымы мен практикасы жаңа әдіснама-лық идеялардың пайда болуына орай, педагогикалық нысандарды ғылыми-педагогикалық ақпаратты жүйелендіру аясында қарастыруы мүмкін. Дамуы теориялық педагогиканың іргетасын анықтайтын негізгі педагогикалық теорияны белгілеп, зерттеушілер үшін өзінше бір әдіснамалық бағдар болатын қандай да бір теория аясында ғылыми-педагогикалық әрекетті реттеуге болады. Осы кезеңде жаңа ғылыми-педагогикалық білімді жинақтау жүзеге асады.

Мектептің кәсіби іс-әрекеті мен әрбір мұғалімнің шығарма-шылық әс-әрекетінің әдіснамалық негізінің құраушысы болатын тео-рия мен практиканың үздіксіз өзара байланысы үнемі қарастырылады. Педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы олардың өзара іс-әрекетінен туындайды.

«Өзара іс-әрекеттілік» ұғымы педагогикалық зерттеу нәтиже-лерін практикаға ендіруді білдіреді, теория мен практиканың өзара іс-әрекеттілігі педагогикалық іс-әрекеттің кез келген түрінде байқалады (оқу-тәрбиелік, басқарушылық, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет, мұға-лімдер қауымына педагогикалық ғылымның материалдарын жеткізу іс-әрекеті). Соңғы кезде, ғылым мен практиканың өзара іс-әрекеттілік мәнмәтінінде педагогикалық жаңалықты пайдалану мәселесі көбірек зерттелуде. Зерттеушілер жаңашылдық қозғалысын педагогикалық жаңалықта пайдаланумен тығыз байланыстырады.

Инновациялық тұғыр. Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі ілгерілеу, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта құруға әкеліп соқтырды. Бұл саланы әрі қарай жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы – инновация, яғни педагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл - білім беру мазмұнына, оқыту және тәрбиелеу әдістеріне, білім беру мекемелерін ұйымдастыру және басқару жұмыстарына байланысты.



2

1

6



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет