«Зерттеу қызметі», «зерттеу қызметін жобалау», « педагогикалық зерттеуді жобалау» ұғымдарын сипаттаңыз. Ғылыми (ғылыми-зерттеу) қызмет - бұл жаңа білімді алуға және қолдануға бағытталған іс-әрекет. Ғылыми зерттеу - бұл объектіні, процесті немесе құбылысты, олардың құрылымы мен байланыстарын жан-жақты зерттеуге, сондай-ақ адамдарға пайдалы нәтижелер алуға және тәжірибеде қолдануға бағытталған қызмет. ... Тұжырымдама дегеніміз - белгілі бір заттар немесе құбылыстар жиынтығының маңызды және қажетті белгілерін бейнелейтін ой. Категория - бұл заттар мен құбылыстардың ең маңызды қасиеттері мен. байланыстарын бейнелейтін жалпы, негізгі ұғым. Категориялар философиялық, жалпы ғылыми және жеке ғылым саласымен байланысты.
Жобалау-зерттеуіс-әрекеті – жобалау бойынша мақсат пен мәселелерді анықтауға, әдістемелерді таңдау ұстанымдарын анықтауға, зерттеу барысын жоспарлауға, күтілетін нәтижені анықтауға, зерттеуді жүзеге асыруды бағалауға, керек ресурстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет.
Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. ... Зерттеу барысында білім алушының бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады: – өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады. – алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады. – өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді. – мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды. – мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді. – әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді. ... Педагогикалықжобалаудың мәні – болашақ іс – әрекеттің әр түрлі нұсқаларын жасау және оның нәтижесін болжау .
1
1
4
Педагогикалық-психологиялық зерттеудегі жүйелік тұғырды сипаттаңыз. Зерттеу жұмысы құндылықтарының бірі - жүйелік тұғырдың қалыптасқан логикасы. Жүйе - өзара байланысты қарым-қатынаста болатын және белгілі бір тұтастықты, бірлікті туғызатын элементтердің жиынтығы. Жүйеге кіретін әрбір элемент кіші жүйе, жаңа жүйе ретінде қаралуы мүмкін. Осылай қарапайымнан күрделіге, жекеден жалпыға өту жүзеге асады, бұл ретте жалпының сипаттамасы жекеге де жарайды. Мысалы, ересектерге білім беру педагогикасындағы ғылыми зерттеулер логикасы, педагогикалық жүйеге қосымша кәсіби білім беруге сөзсіз жарамды. Ересектерге білім беру – қосымша білім беру жүйесіне қарағанда неғұрлым жалпы жүйе. Осы заманғы ғылымда жүйелік тұғыр (нысандарды, жүйелерді, құрылымдарды, үдерістерді) зерттеудің әмбебап әдісі ретінде қарастырылады. Зерттелуші нысанның ішкі байланысының көп бейнелілігін табу тұтас жүйенің қасиеттерін біріктіре қарауға мүмкіндік береді. Ішкі байланыстарды зерттеу ішкі келісім, сәйкестік есебінен жабық, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйені қарауды көздейді. Ішкі қайшылықтарды, мәселелерді, қақтығыстарды игеру мүмкіндігі оның дамуын қамтамасыз етеді.
1
1
5
Педагогикалық-психологиялық зерттеудегі тұлғалық тұғырды сипаттаңыз
тұлғалық тұғыр – студенттердің өздерін субъект ретінде сезінуіне көмектеседі;
даралыққа, адамның жеке тұлғалық қасиеттеріне сүйеніп, рухани әлеміне бағытталған «субъективтік» бағытты жақтайды
1
1
6
ЗҚЖ негізгі ұғымдарын сипаттап, байланысын дәлелдеп беріңіз.
Ғылымда әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы - зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу үрдісіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастыруға болады.
Әдіснамалық мәдениет – бұл жалпы ғылыми іргелі білімділік, әдіснамалық білімді меңгерген, оқу–зерттеу әрекетіндегі шығармашылық, өзін-өзі дамытуға құндылық бағдарлар жүйесі, тұлғаның тұтас, біріккен сипаттамасы. Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасын В.И.Загвязинский берді: «Педагогиканың әдіснамасы – бұл педагогикалық білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдістері және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану шарттары туралы білім».
-ғылыми таным және педагогикалық болмысты қайта құру әдіснамасы педагогикалық ғылым және педагогикалық практиканы дамыту әдіснамасы ретінде қаралады және біртұтас жүйедегі түрлі әдіснама ретінде қызмет етеді.