Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі N 36/7 шешімі. Солтүстік
Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 тамызда N 3346 болып тіркелді
"Әкімшілік заң бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы
,
Кодексіне
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001
жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10
6-бабына
шілдедегі
Қазақстан Республикасы
сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат
:
Заңына
ШЕШТІ
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидалары
бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың
XXХVІ сессиясының төрағасы
С. Махметов
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
Қ. Едіресов
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2015 жылғы 14 шілдедегі №
36/7 шешімімен бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстаудың осы Қағидасы (бұдан әрі –
Қағида) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы
, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Кодексіне
туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
және "Ветеринария туралы" 2002
Заңына
жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы
, "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы"
Заңына
2014 жылғы 30 желтоқсандағы №16-02/701 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің
сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жануарларды ұстау
бұйрығына
тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағиданың әрекеті меншік түріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамай жануарларды
меншікті немесе басқаша иеленуші, жануарларды өсіріп-өндірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен
айналысатын барлық жануарлар иелеріне, жеке және заңды тұлғаларға қатысты.
3. Қағидада келесі түсініктер қолданылады:
1) жануарлар - фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы
жануарлар;
2) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей
қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
3) қаңғыбас жануарлар – адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып
құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті үй жануарлары.
2. Жануарларды ұстау тәртібі
4. Асыл тұқымды жануарларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарларын
өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, келесіні
қамтамасыз ету қажет:
1) ауыл шаруашылығы малдарды уақытылы бірдейлендіруді;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарларын уақытылы
диагностикалаудан және вакцинациялаудан өткізуді;
3) жануардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес саулығы, ауқаттылығы жөніндегі
күтімді және оларды пайдалануды;
4) жануарлар және адамдар ортасының қауіпсіздігін, сонымен қатар мүліктің жануарлардан
зиян келтіруінен;
5) көлік жолында жануарлармен өткен кезде жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және оның
жолдан өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жолдан өткен кезде жол қозғалысы
қауіпсіздігін сақтауы;
6) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен
қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі.
5. Жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауды, көбейтуді, пайдалануды
осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа нормативтік
құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
6. Жануарлардың иелері (жеке және заңды тұлғалар), "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10
шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
сәйкес жаңадан алынған жануар (жануарлар),
25-бабына
алынған төлдері, сойылғаны, сатылғаны, өлгені, ауырғаны немесе оғаш қылықтары туралы
ветеринария саласындағы қызметтерді жүзеге асырушы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне
, ветеринарлық ұйымдарға хабарлайды.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 149 "Қазақстан
Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын
ауыстыруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы"
сәйкес, тасымалдауға (орнын
қаулысына
ауыстыруға) жататын орын ауыстыратын (тасымалданатын) жануарлар Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы"
сәйкес ветеринариялық құжаттар арқылы сүйемелденеді. Орны ауыстырылатын (
қаулысына
тасымалданатын) жануарларды ветеринариялық құжатсыз тасымалдауға (орнын ауыстыру) жол берілмейді
.
8. Көпшілік пайдаланатын орындарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе
белгіленген санитарлық аймақ шегінен тыс жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары және басқа
жануарлар қараусыз жануарлар деп есептеледі және қамауға алуы мүмкін. Ұсталған қараусыз
жануарларды ұстау, иесіне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің
анықталады.
246-бабымен
3. Қағиданың сақталуын бақылау
9. Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендері аумағында жануарларды ұстау Қағидаларының
сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті мемлекеттік органдар
жүзеге асырады.
4. Қорытынды ережелер
10. Осы Қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жауапқа тартылады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК