8. Жалақыдан бірыңғай төлем төлеушінің жеке табыс салығы жалақыдан бірыңғай төлем сомасының 9 пайызын құрайды .
|
|
|
776-4 бап
|
жоқ .
|
776-4 бап. Салық кезеңі
1. Күнтізбелік ай салық агенттерінің жалақыдан бірыңғай төлемді есептеуі үшін салық кезеңі болып табылады .
2. Жалақыдан бірыңғай төлемнің сомасы осы Кодекстің 689, 707-баптарында көзделген тәртіппен тиісті декларацияларда көрсетіледі .
|
|
|
776-5 бап
|
жоқ .
|
776-5 бап. Төлем көзінен салық салуға жататын қызметкерлердің кірістерін салу тәртібін айқындау
1. Салық агенті тиісті декларацияда осы тараудың ережелеріне сәйкес немесе осы Кодекстің 8-бөлімінің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын қызметкерлердің кірістерін салық салудың бірыңғай тәртібін дербес айқындайды.
2. Бастапқы немесе кезекті декларацияда төлем көзінен салық салуға жататын жұмыскерлердің табыстарын салудың таңдап алынған тәртібі өзгертуге жатпайды .
|
|
|
776-6 бап
|
жоқ .
|
776-6 бап. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жалақыдан бірыңғай төлем шеңберіндегі құзыреті
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жалақыдан бірыңғай төлем шеңберінде мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады :
1) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында жалақыдан бірыңғай төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жүргізеді;
2) жалақыдан бірыңғай төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды өзектендіреді;
3) жалақыдан бірыңғай төлем сомасын салық агенті орналасқан жер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және тиісті бюджетке бөледі және аударады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жалақыдан бірыңғай төлемнің қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асырады.
2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
|
|
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы "2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы
|
|
2 бап
| |