321 бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісіне енгізілетін кірістер Жеке тұлғаның жылдық табысына оның табыстарының барлық түрлері енгізіледі :
…
17) осы баптың 1) – 16) тармақшаларында көрсетілмеген, салық агентінен немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынған басқа да табыстар ;
…
331 бап. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс 1. Жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс мынадай мүлікті өткізуі кезінде туындайды :
…
8) эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоса алғанда, бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда).
…
7. Осы баптың 6 - тармағында көрсетілген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген, өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған күні айқындалған нарықтық құн болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнды айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа да жағдайларда, құн өсімінен түсетін табыс осы баптың 1-тармағының: …
3) осы баптың 1 - тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша-осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) . Дара кәсіпкер болып табылмайтын, оны өткізетін жеке тұлға салған тұрғын емес үйді (ғимаратты) өткізу кезінде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен осындай тұрғын емес үйді (ғимаратты)салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады. Бұрын тұрғын үйден(ғимараттан) қайта жаңартылған, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын тұрғын емес үй (ғимарат) өткізілген жағдайда, осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны тұрғын үй (ғимарат)ретінде сатып алу құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады. …
332-бап. Жеке тұлғаның мүлікті өткізуден Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алған кірісі
…
4. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған табысы өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
…