85-бап.Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
…
4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, салық органының шешімі негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару, салық төлеушіні хабардар етпестен, мынадай:
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткен соң ұсынбаған;
…
6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша:
…
4) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 4-тармағы 6) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
85-бап.Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
…
4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, салық органының шешімі негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару, салық төлеушіні хабардар етпестен, мынадай:
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы және ойын бизнесі бойынша салықтық есептілікті осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткен соң ұсынбаған;
6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша:
…
4) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 4-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
Сәйкестікке келтіру. Қолданыстағы норма ҚҚС сомасы есептелетін салық есептілігінің барлық түрлерін қамтымайды. Мәселен, салық кодексінің 424-бабының 5-тармағына сәйкес казино, Ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ҚҚС төлеушілер осы Кодекстің 16-бөлімінің ережелеріне сәйкес салық есептілігін табыс етеді. Яғни, ҚҚС сомасы ойын бизнесі бойынша сен-де есептеледі, ҚҚС бойынша салық декларациясы мұндай санатпен ұсынылмайды.
Нақтылаушы редакция Салық кодексінің 85-бабы 5-тармағының үшінші абзацына 10.12.20 ж. № 382-VI (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында.
8 абзац
әрекетсіз дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
9 абзац
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы).