Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



бет22/136
Дата07.01.2023
өлшемі305,85 Kb.
#60581
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   136
Байланысты:
!

Жаңа 108-1-бап

Жоқ.

108-1 бап. Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі бойынша салықтық міндеттеме бойынша заттай нысандағы есепке жатқызу ерекшеліктері
1. Жеке шотты заттай нысанда жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушы өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне берілген пайдалы қазбалардың көлемі мен есепке жатқызуды жүргізу күніне салық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне берілуге жататын пайдалы қазбалардың көлемі арасындағы оң айырма болып табылады.
2. Жеке шотты заттай нысанда жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушы өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке алуды жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша жеке шотын жүргізу орны бойынша салық органы - осындай жеке шоттың мәліметтері негізінде жүргізеді.
3. Жеке шотты заттай нысанда жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушы өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін салық органы жер қойнауын пайдаланушының есепке жатқызуға салықтық өтінішінсіз өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені өтеу есебіне жүргізеді.

01.01.2018 жылдан бастап нақтылаушы түзету енгізілсін.
101 және 102-баптарда салықтың артық төленген сомасын заттай нысанда есепке жатқызуға қатысты ережелер жоқ. Бұл олқылық болашақ кезеңдерде салық міндеттемесін есепке алу немесе заттай нысанда орындалатын салық міндеттемелері бойынша бересіні өтеу мәселелерін әкімшілендіруде түсініксіздік тудырады. Бұл нақтылау құқықтық олқылықты толтыруға және Кодекс нормаларының түрлі түсіндірмелерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Нақтылаушы толықтыру болашақ көлемдердің есебіне жатқызу немесе туындаған берешекті өтеу мақсаттары үшін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемдерін әкімшілендірудің айқын қағидаларын айқындауға мүмкіндік береді.
Нақтылау түзету.
Қолданыстағы редакция міндеттемелер бойынша салықтық берешекті заттай нысанда өтеу жағдайларын көздемейді. Толықтыру Кодекстің 772-бабы 11-тармағының ережелеріне сәйкес келетін осы құқықтық олқылықты жою мақсатында енгізіледі


114-бап



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет