4. Осы баптың ережелері дара кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды.
Салық берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын жіберу үшін салық берешегінің мөлшері (1-ден 6 АЕК-ке дейін) ұлғайтылады. Қазіргі уақытта салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылатын, сондай-ақ өзге де шаралар қабылданатын салық берешегінің сомасы 3063 теңгені құрайды, яғни шағын сома ЖСО-ға дейін салық бұйрықтарын жеткізу жөніндегі шығыстармен, сондай-ақ ЖСО-да салық берешегін өндіріп алу жөніндегі шығындармен (ЖСО-ға және Мемлекеттік кірістер органдарына жүктеме ұлғайтылды) салыстыруға келмейді.
Бұдан басқа, ЖСО арқылы салық берешегін өндіріп алудан басқа, қазіргі уақытта Салық кодексінде норма көзделген, ол ЕДБ-ға ағымдағы шоттар ашпауға, салық берешегі болған жағдайда төлем карталары мен кредиттер беруге мүмкіндік береді.
Берешектің 90% - ға жуығы 6 АЕК (18 378 теңге) астам берешек сомасына қалыптастырылған салық бұйрықтарына тиесілі. Мұндай салық бұйрықтарының саны барлық салық бұйрықтарының жартысын құрайды.
Нақтылау редакциясы.
132-бап
132 бап.Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі
2. …
Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi шешіммен келiсу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады.
жоқ.
132 бап. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі
2. …
Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi шешіммен келiсу туралы хабарламаны табысталған күнінен бастап жұмыс бес күн ішінде ұсынады.
3. Осы бапта көрсетілген талап, хабарлама немесе дәлелді шешім, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушіге қолын қойғызып жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген талап, хабарлама немесе уәжді шешім мынадай жағдайларда салық төлеушіге тапсырылды деп есептеледі: 1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде – салық төлеушінің пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күнінен бастап жүзеге асырылады; Бұл ретте мұндай талапты, хабарламаны немесе дәлелді шешімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымы пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;