412-бап. Жалпы ережелер
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:
…
8) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай мәміле жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар.
Осы тармақша патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын тұлға сатып алушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілері арасында азаматтық-құқықтық мәмілелер жүзеге асырылған кезде қолданылады;
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы.
…
10) Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
11) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші.
…
7. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.
Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер, шетел валютасында көрсету мүмкін болатын мынадай жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі:
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жасалған (жасалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;
…
14. Жағдайларда:
Достарыңызбен бөлісу: |