10-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында нысанды киім кию және (немесе) онымен қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда жұмыскерге берілген нысанды киімнің құны;
23) кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде, осындай тұлғаға кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай жағдайларда кіріс:
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қарыз алушы жеке тұлға хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылды немесе заңды күшіне енген сот шешімі негізінде ол қайтыс болды деп жарияланды;
қарыз алушы жеке тұлғаға І немесе ІІ топтағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда ;
асыраушысынан, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда "міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғада және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы, ипотекалық ұйым) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе кірістері болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау жөніндегі шаралар болмаған жағдайда, сот орындаушысының атқару құжатын банкке (микроқаржы ұйымына, ипотекалық ұйымға) қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы қабылдаған нәтижелер нәтижесіз болды;
Қазақстан Республикасының "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Заңына сәйкес негізгі міндеттеменің сомасынан төмен баға бойынша соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлікті сату немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредит (ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне осындай мүліктің өтуі.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит)бойынша міндеттемелерді тоқтатуға қолданылмайды:
Банктің (ипотекалық ұйымның, микроқаржы ұйымының) қызметкеріне, Банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) қызметкерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, Банктің (ипотекалық ұйымның, микроқаржы ұйымының)өзара байланысты тарапына берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген;
…
Достарыңызбен бөлісу: |