Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



бет132/136
Дата07.01.2023
өлшемі305,85 Kb.
#60581
түріКодекс
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136
Байланысты:
!

341 бап. Табысты түзету
1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері (бұдан әрі – табысты түзету)алып тасталады:

8-1) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;


35) алынып тасталсын ;



48) алынып тасталсын ;

347 бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі

2. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін қолдану үшін растайтын құжаттар ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат болып табылады .


351-1 бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері

2. Жеке табыс салығының сомасын ұстауды және аударуды салық агенті жеке тұлғаның таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің бірі бойынша жүргізеді :

2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры белгілеген зейнетақы төлемдері сомасынан зейнетақы төлемдері үшін кесте бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен. Бұл ретте, кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемін жүзеге асыру кезінде жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы есептелген жеке табыс салығының барлық қалған сомасын төлеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жеке табыс салығының қалдық сомасын ұстап қалу және аудару зейнетақы жинақтары сомасынан бір рет жүргізіледі.

4. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы зейнетақы төлемінің сомасынан осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен бір мезгілде ұсталуға және аударылуға жатады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кету бойынша зейнетақы төлемін жүзеге асыру кезінде жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы есептелген жеке табыс салығының барлық қалған сомасын төлеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жеке табыс салығының қалдық сомасын ұстап қалу және аудару зейнетақы жинақтары сомасынан бір рет жүргізіледі.

5. Зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырған тұлғаға салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы зейнетақы төлемінің сомасынан осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен бір мезгілде ұстап қалуға және аударылуға жатады.


Бұл ретте, егер зейнетақы жинақтарын мұраға қалдырған тұлғаға зейнетақы төлемін жүзеге асыру кезінде жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы оны алған күнгі мұрадағы үлесіне барабар есептелген жеке табыс салығының сомасын төлеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жеке табыс салығы қалдығының барлық сомасын ұстап қалу және аудару зейнетақы жинақтары сомасынан бір рет жүргізіледі.


5-1. Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын мұраға қалдырған тұлғалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлға қайтыс болған күннен немесе заңды күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялаған күннен кейін күнтізбелік 3 (жыл) өткен соң жүгінуі болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасын ұстап қалуды және аударуды салық агенті зейнетақы жинақтарының сомасынан жүргізеді..


5-2. Жеке тұлға зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін жүгінген жағдайда, салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы зейнетақы жинақтары сомасынан осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен бір мезгілде ұстап қалуға және аударылуға жатады.

6-1. Біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді сомасын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспауға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет