Когнитивтік әдебиеттанудың жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен перспективасы


Когнитив теориясындағы ментальдық процесстердің күрделі табиғатын саралауда этнос болмысына баса көңіл бөлінуі қажет



бет6/6
Дата21.04.2022
өлшемі23,96 Kb.
#31757
1   2   3   4   5   6
Когнитив теориясындағы ментальдық процесстердің күрделі табиғатын саралауда этнос болмысына баса көңіл бөлінуі қажет. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар дүние жүзін мекендейтін адамзат атаулыға жалпыға ортақ болуымен қатар, жекелеген әрбір этнос, рутайпа, ұлт, халық үшін сол заттар мен құбылыстар өз мәдениеті мен ой тұжырымына, дүниетанымына, өмір тәжірибесіне сәйкес сұрыпталып ұжымдық санасында қатталып қалыптасады. Яғни тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі қоршаған дүниемен тікелей байланысында ғана емес, ұжым мүшелерінің сол нысан туралы көрген-білгені, естігені, көңілге түйгені, басқа нысандармен ассоцациялық байланысы, аялық білім негізінде жинақталып, таным патшалығының жалпы жүйесіне енгенін айқындайды. Мәселен, қазақ тіліндегі рухани мәдениетіміздің қомақты қабатын құрайтын баба, ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, әже, шеше, бәйбіше, тоқал, қыз, бойжеткен, құда, құдағи, күйеу бала, келін, нағашы, жиен, бөле, бауыр, аға, іні, қарындас, әпке, сіңлі сияқты көптеген туыстық атаулармен сабақтастықта қалыптасқан орасан мол мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, тұрақты теңеулер, символдар мен айшықтар, табу, эвфемизм, дисфемизм, ирония, перифраза, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар, ырым жоралғылар соған шынайы дәлел бола алады. Олар:

  • Әке көрген – оқ жонар, Шеше көрген – тон пішер;

  • Жақсы жезде әкедей;

  • Құда түсу, сырға салу т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет