Көңіл бақшасынан Осман Нұри топбаш


Уа, Раббым! Мейірімніңбарлықкөріністері, көңіл



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата10.01.2017
өлшемі3,85 Mb.
#1602
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

Уа, Раббым! Мейірімніңбарлықкөріністері, көңіл 
өміріміздің  бітпес  қазынасы  болсын!  Раббымыз! 
189

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әлемдердің мырзасының және соның ізімен жүрген 
Ислам  үлыларының  исарға  толы  өмірінен  бізге  де 
нәсіп ет!
Әмин!
190

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Истиғна, 
шала 
кісіліктен 
құтылып,  кемелдікке  жеткен  салих 
және турашыл адамдардың жүрегінің 
сипаты. Истиғна – көңіл тоқтығымен 
қолындағысына  қанағат  етіп,  одан 
артығына  бас  имеу.  «Қанағат  тау-
сылмас,  бітпес  қазына»  -  деген  хадис 
шәриф шарты бойынша, жүректің ру-
хани  марқайып  (байып),  шаттыққа 
кенелуі.
Èñòèµíà

192
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Èñòèµíà
Сахабалар  барлық  нәрсесін  Меккеде  тастап, 
Мәдинаға 
һижрет 
еткен 
кезінде 
Расулуллаһ 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  мүһәжир  Абдуррах-
ман  бин  Ауф  пен  Әнсар  Сағд  бин  Рәбидің  арасында 
бауырластық құрған еді. Сағд бин Рәби Абдуррахман 
бин Ауфқа:
«Мен 
мал-мүлікжағынан 
Әнсардың 
ең 
ауқаттысымын.  Малымның  жартысын  саған  бөліп 
берем. Міне, малым, ал» - деді.
Абдуррахман  бин  Ауф  (радиаллаһу  анһу)  болса, 
бұлардың барлығына көңіл тоқтығымен:
«Аллаһ  малың  мен  мүмкіндіктеріңді  саған 
қайырлы  әрі  мүбәрәк  етсін,  бауырым.  Мен  бұларға 
мұқтаж емеспін. Сен маған базардың жолын көрсет, 
сол жетеді» - деді.
Абдуррахман  бин  Ауф  (радиаллаһу  анһу)  базарға 
барып  сауда  жасады.  Көп  кешікпей  әжептәуір 
табысқа  ие  болды  да,  ағния-и  шәкирин  (шүкіршіл 
байлар) қатарына қосылды.
Көп жылдар өтіп, мүминдер Исламның күшті, ай-
бынды  дәуіріне  жетті.  Бір  күні  ауыз  ашарда  Абдур-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
193
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
рахман  бин  Ауфтың  (радиаллаһу  анһу)  алдына  үлы 
неше  түрлі  тамақ  қойған  кезде,  ол  бүған  көңілі  бо-
сап:
«Мүсғаб  бин  Умәйр  шейіт  болған  кезде,  денесін 
жабатын кебін табылмады. Ораған кебін қысқа бо-
лып, басын жапса аяғы, аяғын жапса басы ашылып 
қалды. Сосын кебінін басына қарай жауып, аяқтарын 
жұпар  иісті  бір  шөппен  жаптық!  Хазіреті  Хам-
за  (радиаллаһу  анһу)  шейіт  болғанда  да  оны  қарт 
әйелдер киетін ескі бір жамылғыш-пен жапқан еді.
Маған  болса,  Аллаһ  Тағала  дүниеде  осыншама 
көп  нығмет  беріп  жатыр.  Ақыретте  азайтар  ма 
екен?!  Ақыреттегі  ақымды  осы  дүниеде  бітіріп 
жатқан жоқпын ба? Ертең Аллаһтың алдында осы 
нығметтердің жауабын қалай берем?!» - деп, кезіне 
жас толған күйі дастарханнан тұрып кетті.
Бұл  Ислам  ұлыларының,  Хақ  жолында  шын 
жүрекпен  танытқан  жоғары  құлдық  және  дүниеге 
деген  көзқарастарын  көрсететін  тамаша  бір  зүһд 
және кеңіл тоқтығы. Сірә, олардың назарында зүһд, 
Аллаһқа деген сүйіспеншілік пен қорқу, Одан басқа 
барлық  нәрсенің  жүректе  мәнін  жоғалтуы,  көңілде 
бір мәнге ие болмауы истиғна (көңіл тоқтығы) болса, 
зүһдінің ең жоғарғы дәрежесі ретінде жүректен іске 
асуы еді.
Сондықтан  истиғна  шалалықтан  арылып,  кемел-
дікке жеткен салих және турашыл адамдар ие бола-
тын рухани сипат. Көңіл тоқтығымен қолындағысына 
қанағат  етіп,  одан  артығына  және  басқаның 
қолындағысына қызықпау. Сондай-ақ истиғна:
193

194
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Қанағат  -  бітпейтін  кдзына» 
(Дәйләми,  Мүснәд, 
4699)  -
  хадисі  бойынша,  жүректің  Хақ  Тағалаға 
жақындығының  нәтижесінде  рухани  тойынып, 
тыныштыққа  қауышуы.  Өйткені,  қанағатқа  толған 
жүрек  дүниеуи  қауіп-қатерлерден  құтылады.  Рух 
мәңгілікті  түсініп,  осылайша  мүминдегі  фәни 
ләззаттардың күші (тартымдылығы) аяқталады.
Мұны  ең  тамаша  кәмілдікпен  ұстанып,  рухани 
шыңға жеткен Хақ достарының өмірлері истиғна мы-
салдарына толы:
Хазіреті Омардың (радиаллаһу анһу) халифа болған 
кезінде  Сирия,  Палестина,  Мысыр  сияқты  өлкелер 
алынып,  Иран  жері  толықтай  Ислам  мемлекетінің 
шекарасына  кірді.  Византия  мен  Иранның  мол 
қазынасы Ислам әлемінің орталығы болған Мәдинаға 
құйыла  бастады.  Мүминдердің  әлеуметтік  жағдайы 
көтерілді.  Бірақ  мүминдердің  халифасы  Хазіреті 
Омар  (радиаллаһу  анһу)  осы  әлеуметтік  жағдайдан 
алыс  кеңіл  тоқтығымен  мемлекеттің  айбындылығы 
мен  мемлекеттік  қордың  байлығына  қарамастан, 
жамау  киімімен  хұтпа  оқыды.  Кейде  қарыз  алып, 
қиыншылықпен  өмір  сүрді.  Өйткені  ол  қазынадан 
өзіне  жетерліктей  жалақы  алуды  қалап,  сонымен 
зорға күнін керетін.
Алдыңғы  қатардағы  сахабалар  оның  осы  халіне 
ары  қарай  шыдай  алмады.  Халифаның  жалақысын 
арттырмақ  болды.  Бірақ  мұны  ұсынуға  батылдары 
бармай,  Аллаһ  Расулының  әйелі  болған  қызы  Хазі-
реті  Хафсаға  жүгінді.  Аттарын  атамай-ақ,  әкесіне 
осы ұсынысты жеткізуін сұрады. Хафса (радиаллаһу 
анһә),  сахабалардың  бұл  ұсынысын  әкесіне  айтты. 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
195
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ  Расулының  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
күні  бойы  аш  жүріп,  жейтін  бір  құрма  да  таппаған 
күндеріне  куә  болған  Хазіреті  Омар  (радиаллаһу 
анһу) 
(Муслим, Зүһд, 36)
 қызы Хафсаға:
«Қызым! Расулуллаһтың ішіп-жейтіні, киетін ки-
імі қандай еді?» - деп сұрады.
«Тек өзіне жететіндей ғана еді» - деп жауап берген 
соң Хазіреті Омар былай деді:
«Екі дос (Хазіреті Пайғамбар мен Әбу Бәкір) және 
мен,  бір  жолмен  жүрген  үш  жолаушы  сияқтымыз. 
Алғашқымыз  (Хазіреті  Пайғамбар)  орнына  барды. 
Екіншісі  (Әбу  Бәкір)  сол  жолмен  жүріп,  біріншіге 
қауышты.  Үшіншісі  болып,  мен  де  жолдастарыма 
жеткім  келеді.  Егер  артық  жүкпен  жүрсем,  оларға 
жете алмаймын! Әлде сен менің осы жолдың үшіншісі 
болуымды  қаламайсың  ба?»  -  деді. 
(Шехбендерзаде  Ахмед 
Хилми, Тарихи-Ислам, I том, 367 б.)
Шүбәсіз, Хазіреті Омардың (радиаллаһу анһу) бұл 
ұстанымы  жоғары  жүрек  сезімталдығының  белгі-
сі. Ақиқат пен қүқықты іс-жүзінде үстанып, әлемге 
әділдік  орнатқан  Хазіреті  Омар  (радиаллаһу  анһу) 
туралы  кептеген  парасаттылық  аңыздары,  рухани 
тәрбиеде өнеге болған ең таңдаулы үлгілер.
Расында,  адамдар  өнерпаздар  мен  даналарды 
бағалайды. Бірақ, олардың жеке қимылдарына елік-
темейді. Еліктенетіндер - ахлағы тамаша, абыройлы 
әрі көңілі тоқ тұлғалар. Осындай адамдардың жоғары 
және  тамаша  адамшылықтары  ғана  өлгеннен  кейін 
үмбетке  бір  ғибрат  көрмесі  және  де  парасаттылық 
тәлімі болып қалады.

196
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ  Расулының  тұлғалығына  қайран  қалып, 
оның ізімен жүрген сахабалар;
«Исламға  кіріп,  өзіне  жететіндей  ғана  бір 
рызыққа  қанағат  еткен  адам  қандай  бақытты!» 
(Тирмизи,  Зүһд,  35) 
деген  Жаратылыс  Нұрының  дүниеге 
көзқарасын өз өмірінде ұстанбайынша, осы үлық ке-
руенге  жету  мүмкін  болмайтындығын  түсінген  еді. 
Олар  пайғамбар  тәрбиесімен  тәрбиеленгендіктен, 
үмбетке парасаттылық негіздерін танытқан жол сіл-
теуші  адамдар  болды.  Өзі  мұқтаж  бола  тұра,  басқа 
бір мұқтаж бауырын көрген кезде нәпсісінен бас тар-
тып, мүмин бауырын нығметке өзінен де лайық тану 
және  мүмкіндіктерін  соған  беру  қасиетін  адамдарға 
үйреткен де солар.
Сондай-ақ,  Хазіреті  Айша  (радиаллаһу  анһә)  ана-
мыз былай дейді:
«Расулуллаһтың  үйінде  ешқашан  тойғанша 
тамақ  жемейтінбіз.  Қаласақ,  тояр  едік.  Бірақ 
(мүмин бауырларымызды ойлап) исар ететінбіз».
Хазіреті  Жәбир  (радиаллаһу  анһу)  де  Хәндәк 
соғысының алдындағы үлкен орлар қазған сол қиын 
кездердегі бір естелігін былай жеткізеді:
«Біз  ор  қазып  жатып,  қатты  бір  жартасқа  тап 
болдық.  Сахабалар  Расулуллаһқа  келіп  жағдайды 
баяндаған  кезде  Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  өзі  орға  түсті.  Тесені  қолына  алып  ұрғанда, 
сол  қатты  тас  құм  сияқты  шашылды.  Осы  мұғжиза 
көрініс  тапқан  кезде  Аллаһ  Расулының  аштықтан 
қарнына тас байлағанын көрдік. Өйткені, сол жерде 
болған үш күн бойы ештеңе жемеген едік. Сонда:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
197
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Уа,  Расулаллаһ!  Үйге  баруға  рұқсат  етіңіз»  -  де-
дім. Рұқсат етті. Үйге барып, әйеліме:
«Мен Расулуллаһтыңхаліне шыдай алмадым. Үйде 
жейтін ештеңе жоқ па?» - дедім. Әйелім:
«Аздаған арпа мен бір лақ бар» - деді.
Мен лақты сойдым, әйелім арпаны үгітіп, нан пі-
сірді.  Етін  қазанға  салдық.  Нан  пісіп,  қазан  қайнап 
жатқанда  Пайғамбарымызға  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) барып:
«Аздаған тамағымыз бар. Бір екі адам ертіп, үйге 
келіңіз,»-деп өтіндім. Пайғамбарымыз:
«Қанша тамағың бар?» - деп сұрады. Барын айт-
тым.
«Әрі көп, әрі өте жақсы! Әйеліңе: «Мен барғанша 
қазанды  оттан  түсірмесін,  нанды  тандыр-
дан  шығармасын  деп  айт»  -  деді.  Сахабаларына 
«Тұрыңдар!» - деп бұйырды. Мүһәжирлер мен Әнсар, 
бәрі бірге орындарынан тұрды.
Мұны  көргенде  әйеліме  барып  (тамақтың  аздығы 
мен жеткіліксіздігінен қорқып, сол сәт абыржып):
«Әне,  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм), 
Мүһәжир,  Әнсар  және  оларға  қосылған  басқалары, 
бәрі бірге келе жатыр» - дедім. Әйелім:
«Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
әзірлегеніміздің қаншалықты екендігін сұраған жоқ 
па?» - деді. «Иә, сұрады» - дедім. «Олай болса, абыр-
жыма» - деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) келгендерге:

198
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Кіріңдер,  қысылмаңдар»  -  деп,  нанды  турап, 
үстіне  ет  қойып,  сорпасын  осының  үстіне  құйды. 
Ақыры,  барлық  сахабалар  тойды.  Біраз  тамақ  ар-
тылып  қалды.  Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) әйеліме:
«Мынаны  же,  сонаң  соң  көршілеріңе  де,  бер. 
Өйткені айналаны аштық басты - деді». 
(Имам Нәбәуи, 
Хадислерле Ислам, 363 б)
Осы  хадисте  де  баяндалғаны  сияқты,  Хазіреті 
Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  тамаққа 
бірнеше  адаммен  бірге  езі  шақырылса  да,  көңілі 
бұған  разы  болмай,  басқа  сахабаларды  да  қасына 
ертіп  апарып,  рахмет  пен  мейірімге  толы  көңілінің 
қамқоршы  сипатын  танытып,  «үмметім,  үмметім» 
сырын жарыққа шығарды. Сонымен қатар шақырған 
адамның үйіне барған кезде, әрине, барлық сахабалар 
соның жегенін қаласа да, Расулуллаһтың ең алдымен 
сахабаларына ұсынып, солармен бірге тоюы, сондай-
ақ өзі қызмет етуі және барлық сахабалар тойған соң 
үй иелерінің қалған тамақты таратуын сұрауы, Оның 
көңіліндегі ең терең мархабат пен мейірімнің теңдесі 
жоқ  көріністерінің  бірі,  біз  де  оның  осы  мейіріміне 
жүгініп, «Уа, Расулаллаһ! Шапағат!» демекпіз.
Әлемге 
рахмет 
ретінде 
жіберілген 
Пайғамбарымыздың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
зүһд  пен  тақуалық  өмірі  бойынша,  қиыншылықта 
болғаны сияқты, молшылықта да үнемі азға қанағат 
етіп, Аллаһ Тағалаға былай жалбарынатын:
«Аллаһым!  Мухаммед  әулетінің  азығын  жете-
тіндей ғана ет». 
(Бұхари, Риқақ, 17)

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
199
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Тағы  Хазіреті  Айшаның  (радиаллаһу  анһә) 
баяндағанына қарағанда, ансардан оны зиярат етуге 
келген  бір  әйел  Расулуллаһтың  төсегінің  бүктелген 
бір  көрпеше  ғана  екендігін  көргенде,  жүгіріп  үйіне 
барып  ішіне  жүн  толтырылған  бір  төсек  алып  келе-
ді.  Төсегінің  ауысқанын  көрген  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), бүған разы еместігін 
айтып Хазіреті Айшаға:
«Ей,  Айша!  Ана  төсекті  кдйтарып  бер.  Аллаһқа 
ант  етемін,  егер  қаласам,  Аллаһ  алтын  мен  күміс 
тауларды маған ертіп, әміріме берер еді» - дейді. 
(Ах-
мед бин Ханбал, Китабуз-Зүһд, 30 б)
Өмір  мен  оқиғалар  кезінде  осы  пайғамбар 
үстанымын  ұстанғандардың  қағидасына  айналған 
«зүһд»  пен  «тақуалықты»  кейде  қате  түсінеді. 
Бұларды дүние нығметтері мен байлықтан үзілді-ке-
сілді  бас  тарту  деп  түсінеді.  Алайда  тек  байлықпен 
орындалатын  ғибадаттар  да  Хақ  Тағала  алдында 
үлкен  мәнге  ие.  Құран  Кәримде  200  жерде  қайыр 
(инфақ)  сөзі  айтылады.  Исламның  бес  негізінің  еке-
уі  қажылық  пен  зекеттің  орындалуы,  діни  түрғыда 
байлықтың  ең  төменгі  шегі  болып  саналатын  нисап 
мөлшері  дүние-мүлікке  ие  болумен  орындалады. 
Бірақ, «берген қолдың» «алған қолдан» жоғары екен-
дігі турасындағы Ислами қағида 
(Бухари, Зекет, 18)
 да осы 
ғибадаттың нисабына ие болу керектігіне жетелейтін 
жәйт.  Олай  болса,  діннің  уағыздаған  бір  мәселесіне 
қайшы келе алмайды.
Күнә  мен  ғапылдыққа  салынудан  қорқып,  дүние 
нығметтеріне  көңіл  тоқтығымен  қарау  -  зүһд  пен 
тақуалықтың  шарты  екендігі  шындық.  Бірақ,  бұл 

200
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
көңіл  тоқтығы  жүрекпен  болады,  іс  жүзінде  не-
месе  сырттай  емес.  Яғни  зүһд  пен  истиғна  дүние 
нығметтерімен  айналысумен  қатар  жүректен  орын 
бермеу.  Сондықтан  зүһд  кедейлік  емес,  бай-кедей, 
барлық мүминге қажет рухани бір ұстаным.
Құдайдың  тағдырының  нәтижесінде  сырттай 
пақырлық  пен  мұқтаждықта  өмір  сүрген  адам, 
жүрегімен дүниелік қалаулардың соңына түссе, зүһд 
пен истиғна иесі болып саналмайды. Сірә, зүһд және 
истиғна тағдырдың салғанымен азға қанағат ету емес, 
ерікті түрде жүректі дүниеге тұтқын болудан сақтау.
Сондай-ақ  мына  бір  қисса  осы  қағиданы  тамаша 
түсіндіреді:
Шах  Нақшибәнд  Хазіретінің  тәрбиесінде  болған 
үлкен әулие Мұхаммед Париса Хазіреті қажылыққа 
кетіп  бара  жатып,  жол  бойы  дамылдаған  Бағдат 
шаһарында  бір  жас  зергерге  жолығады.  Жігіттің 
көптеген  түтынушымен  дамылсыз  сауда  жасаған 
уақытын  шектен  тыс  дүниемен  шұғылданып 
өткізгенін ойлап, муңаяды, ішінен:
«Обал-ай!  Мына  жігітХақ  Тағалаға  құлшылық 
етудің  орнына  басқа  іске  көңілі  ауыпты!»  -  дейді. 
Бірақ,  жігіттің  жүрегіне  назар  салғанда,  мүшелері 
дүниелік іспен, жүрегі болса Раббысымен бірге зікір 
етуде екендігін таңдана тамашалайды.
Бұл жолы:
«Бәрекелді!  Қолы  пайдада,  көңілі  жарда!»  -  деп, 
жігіттің халін қатгы ұнатады.
Хижазға  барғанында  Қағбаның  жамылғысына 
оранған  мұңая  жылаған  ак,  сақалды  бір  қартқа 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
201
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
жолығады. Басында адамның жалынышты тілекпен 
Аллаһ  Тағалаға  жапбарынғандығына,  оның  сыртқы 
пішініне қарап:
«Шіркін, мен де осылай жылап, Хаққа жалбарын-
сам ғой,» - деп, сол адамның халіне қызыға қарайды.
Содан соң оның жүрегіне қараса, барлық дұғалары 
мен  көз  жасы  фәни  дүниелік  үшін  екендігін  көреді. 
Оған нәзік жүрегі қайғырады.
Қиссаның  өнегесіне  бақсақ,  ең  маңыздысы  - 
дүниеуи  күйбең  тіршілікгі  ақыретке  нұқсан  келтір-
мей жалғастыра білу.
Хазіреті  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  да  дүние 
өмірінде адамды жаратылыс дариясында жүзген бір 
кемеге балап, былай дейді:
«Егер дария кеменің астында болса, оған сүйеу бо-
лады. Бірақ, толқын кеменің ішіне кіре бастаса, оны 
батырады».
Расында, 
дүниелік 
нығметтердің 
жүректі 
Аллаһтан  тыйып,  өзіне  байлау  турасындағы  рухани 
қаупі жоққа шығарылмайды. Негізінде, әр бір мүмин 
Қуран  Кәримде  бұл  қауіптен  «мал»  және  «балаға» 
бағытталған «фитнә» сөзімен ескерткен. Олай болса, 
дүниемен  айналысқан  кезде  жүректі  ғапылдықтан 
қорғау  керек.  Жүрек  дүние  сүйіспеншілігінен 
қорғана  алмаған  жағдайда  дүниенің  бір  зәррәсі  де 
жиіркенішті болып саналады.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«(Нәпсіқумарлыққа  толы)  дүние  ләззаттары 
ақыреттің  қайгысы.  (Сынақ  бабындағы)  дүниенің 

202
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ауыртпалығы  болса,  ақыреттің  ләззаттары» 
(Ха-
ким, Мүстәдрәк, IV т. 345 б)
 - деген.
Екінші бір хадисте:
«Дүние 
тәтті 
жөне 
көрінісі 
тартымды. 
Шүбәсіз,  Аллаһ  дүниенің  басшылығын  сендерге  бе-
ріп,  кдлай  іс-әрекет  ететіндеріңе,  кдндай  істер 
атқаратындықтарыңа 
қарайды. 
Олай 
болса, 
дүниеден сақтаныңдар» 
(Муслим, Зікір, 99)
 - деген.
Бір  күні  таң  намазы  үшін  үйден  шыққалы 
жатқанымда,  сырттан  екі  мысықтың  жан  айқайын 
естідім. Білмек болып аулаға шығып, оларға қарасам, 
екі  мысық  қарама-қарсы  тұрып  алып,  шабуылдауға 
әзір  бір  кішкентай  қабылан  сияқты  ырылдап,  еш 
қимылсыз  бір  бірлеріне  ызбарлана  қарағандығын 
көрдім.  Жүндері  тікірейіп  кеткен.  Кішкене  бір  ша-
буылда  екіншісін  паршалауға  бел  буған.  Осыншама 
шектен тыс қарсыласудың себебі не екен деп ойланып 
тұрғанымда, ортасында өлген бір кішкене тышқанның 
жатқанын көрдім. Мысықтар сол тышқан жемтігіне 
қол  жеткізу  үшін  осыншама  күреске  түскен  екен. 
Екіншісін талау немесе талануға бел буып, бір-біріне 
қарсы көзге алған зиянның себебі ортадағы кішкене 
ғана тышқан жемтігі екен!
Бұл,  негізінде,  үлкен  бір  ғибрат  көрінісі  еді.  Бір 
жемтікке  тоқ  көңілмен  қарамаудан  душар  болатын 
жаман  нәтижелерді  көрсеткен  еді.  Бір  қарағанда 
дүние жетегіне ергендердің бос ашкөзділіктері үшін 
ақырет  қасіретін  таңдауын  еске  түсіреді.  Қаншама 
ғапылдардың мықтап жабысып, соңына түскен фәни 
әуестік, құмарлық пен бет бұрумен уақытша мәртебе, 
атақ  пен  басшылық  ұмтылыстарының  бір  жемтік 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
203
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
екендігін  түсіндіріп,  бұлардың  мәңгілік  салтанатты 
беруге тұрмайтындығына ишарат етуде еді.
Міне,  осы  пида  етудің  негізінде,  құлдың  кеңіл 
тоқтығы  мен  ұмтылысын  қате  жолға  бағытгауы  жа-
тыр. Мұндайлар хақында Аллаһ Тағала былай дейді:
�َ� ْ����ا َ�ِّ�َر �َ�ِإ �نِإ �َ�ْ�َ� ْ�ا ُهاَر ْنَأ �َ� ْ�َ�َ� َن� َ�ْ�ِ�ْا �نِإ ��َ�
«Адам  баласы  өзін  тоқ  көңіл  мүңсыз,  бай  санап, 
азғындық жасайды. (Негізі ей адам баласы!) Қайту, 
шүбөсіз, Раббыңа». 
(Алақ сүресі 6-8)
Рухани  шикі  адам  дүние  пайдасының  соңында 
ашкөзділікпен  жүгіреді.  Бір  нәрсеге  қолы  жетсе, 
ғапылдың  мастығына  сапынады.  Егер  қол  жеткізе 
алмаса,  онда  қайғыға  батады.  Мал-мүлік,  атақ  пен 
рыздық үшін қажеттен тыс алаңдау жүректі дүниеге 
байлап, оған құл етеді.
Бұл  мәселеге  байланысты  Пайғамбарымыздың 
мына сөзі қандай үлкен бір ескерту:
«Кімде-кім  қам-қүсасын  бір  ғана  қамға,  ягни 
ақырет  қамына  айналдырса,  Аллаһ  дүниеуи  қам-
құсасында оған кепіл болады. Кім дүние істері үшін 
қайғы  уайымын  арттырса,  Аллаһ  оның  қандай 
ойпатта  қасіретке  үшырайтындығына  көңіл 
бөлмейді». 
(Ибн Маже, Зүһд,2)
Дүние  құл  мен  Рабтың  арасындағы  перде  болса, 
құлдың  рухани  құлдырауына  әкеліп  соғады.  Бұл 
ғапылдық жалғасқан сайын құл сырттай көрсетпесе 
де,  шындығында,  Аллаһ  Расулының  айтқаны 
сияқты:

204
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«...Олардың  абыройлары  -  байлығы,  діндері  - 
ақшасы,  құбылалары  әйелдері.  Олар  мақпүқаттың 
ең  кесапаттысы.  Олардың  Хақ  Тағала  алдында 
ешқандай нәсіптері де жоқ» 
(Әли әл-Муттақи, Кәнзул-Уммал, 
XI т, 195 б)
 үкімінде айтылғандай, бір халге тап болады. 
Раббымыз барлығымызды ондайдан сақтасын!
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) саха-
баларына:
«...Аллаһқа  ант  етемін,  сеңдердің  пақырлық-
тарыңнан  корықпаймын.  Бірақ,  мен  сендерден 
бүрынғылардың алдына жайылғаны сияқты, дүниенің 
сендердің  де  алдарыңа  жайылып,  олардың  дүние 
үшін  жарысқаны  сияқгы,  сендердің  де  жарыскд 
түсулеріңнен,  дүниенің  оларды  қүртқаны  сияқты, 
сеңцердіде қүртуынан қорқамын» 
(Бұхари, Риқақ, 7)
 деген.
Сол себепті фәни дүниеге лайықты түрде ғана көңіл 
бөліп,  жүректі  қажеттен  тыс  оған  бұрудан  сақтану 
керек.
Дүние бүтіндей әлемнің Раббысының мүлкінен бір-
тамшы. Ақырет өмірімен салыстырылса, дүние өмірі 
-  пайғамбар  сөзімен  айтқандай  -  дарияға  саусағын 
малған адамның саусағында қалған судай да болмай-
ды. 
(Қараңыз. Муслим, Жәннәт, 55)
 Ұлы Раббымыз:
ِةَ� ِ�َ�ْا َرا���ا �نِا َو ٌ�ِ�َ� َو ٌ�ْ�َ� ��ِا �َ�ْ����ا ُة�َ� َ�ْ�ا ِهِ�َ� �َ� َو
َن�ُ�َ�ْ�َ� اُ���َ� ْ�َ� ُناَ�َ� َ�ْ�ا َ�ِ�َ�

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет