Кокенова Мохидил



бет22/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
КОКЕНОВА ДИССЕР 2021

Қолдану:

  • қазіргі білім беру үдерісінде психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін түсіндіру;

  • диагностикалық технологиялардың қазіргі жағдайын сипаттау;

  • диагностикалық жұмыстарды жүргізу мен өңдеу бойынша қазіргі технологиялардың қолданылу көрсеткішін айқындау;

  • білім алушыларды оқыту нәтижелерін тиімді бағалау принциптерін анықтау;

  • кәсіби іс-әрекеттер бойынша диагностикалық жұмыстарды жасау принциптерін түсіну.

Функционалды-аналитикалық компонент:

Диагностиканың мақсатын анықтауға байланысты мынадай құзыреттіліктерді қамтиды, бағалау критерийлерінің жүйесін біркелкілік, сәйкестілік, объективтілік, бағалау шкаласын әзірлеу, диагностиканың әдістерін, құралдарын, диагностиканың ұйымдастырушылық түрлерін, олардың күрделілігін, объективтілігін, қолданылу ауқымын ескере отырып, әзірлеу; диагностикалық үдерісті (диагностика құралдар және алынған нәтижелерді өңдеу құралдарымен) оларға қойылатын талаптарды: икемділік, нақтылық, қарапайымдылық, үнемділікті ескере отырып, әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.

Педагог-психолог ұйымдастырушылық дағдыларын игеруі тиіс, мысалы: білім алушыларды диагностикаға қойылатын талаптармен таныстыру, диагностика үдерісіндегі қиындықтарды бақылау, диагностикалық әрекетте оқушыларға көмек көрсету, қойылатын талаптарға сәйкес, диагностиканың нәтижелерін көрсете алу. Коммуникативті дағдылар: байланыс орнату, аргументтерді таңдау, түсіндіру, диагностика жүргізу барысында тыныштық сақтау, төзімділік, ізгілік таныту, мойындау, қолдау, назар аудару, түсіндіру.



Функционалдықұзыреттіліктер:

Талдау:

  • психодиагностикалық ақпараттарды талдау;

  • адам диагностикасының психологиялық және педагогикалық теорияларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айқындау;

  • білім беру мекемелеріндегі білім беру үдерісінде нақты кездесетін білім беру және оқу жағдайларына талдау жасау;

  • білім беру үдерісіндегі диагностика нәтижелерін талдау;

  • әдебиеттердегі психологиялық және педагогикалық теорияларға талдау;

  • психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша тәжірибелік және эмпирикалық материалдардың айырмашылығын анықтау және салыстыру;

  • диагностикалық әдістер мен технологиялар нәтижелерінің негізінде педагогикалық жағдаяттарды талдау;

  • алынған диагностикалық мәліметтерді математикалық әдістермен тексеру.

Қолдану:

  • қойылатын ережелерге сәйкес, дайын диагностикалық құралдарды пайдалану;

  • тест және сауалнамалармен жұмыс жасау принциптерін қолдану;

  • әртүрлі сауалнама, тесттер, тест тапсырмаларын қолдану;

  • диагностиканың әдістері мен құралдарын, тиімді түрлерін қолануға шешім қабылдау;

  • алынған диагностикалық материалдарды сурет, сызба, есеп, күнделік және хаттама түрінде дайындау.

Рефлексивті-бағалау компоненті:

Бұл компонент болашақ педагог-психологтар арасында бағаланатын пікір қалыптастыру, үрдістерді анықтау, диагностикалық үдерістің заңдылықтары, диагностикалық үдерісті түзетудің орындылығын анықтау, түзету әрекеттерін жоспарлауды қамтиды. Студенттер ғылыми-педагогикалық және психологиялық білімдердің қалыптасқан жүйесін меңгеруі тиіс. Кәсіби бағдарлануды көрсету үшін маңызды жолды, ойлау қабілетін таныта алуы керек, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін ұсына білуі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, алынған нәтижелерді сараптай алуы тиіс.



Жүйелік құзыреттіліктер:

Сараптау:

  • диагностикалық бақылау картасын жасау;

  • диагностикалық зерттеудің дизайнын ойластыру;

  • диагностикалық зерттеу бағдарламасын, диагностикалық әңгімелесу бағдарламасын құру;

  • жоспар құру, іріктеу жасау, алынған мәліметтерді сараптау;

  • психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша оқу материалдарын құрастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет