Кокенова Мохидил



бет29/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
КОКЕНОВА ДИССЕР 2021

ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістер, білім беруді дамытудың әлемдік әлеуеттері қазақстандық білім беруге едәуір ықпал етуде. Тәжірибеге бағытталған оқыту үлгісіне көшу контексінде болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру өзектілігі арта түсті. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігі білім беру жүйесінде сапалы кәсіби даярлықтың міндетті шартына айналды.

Әдебиеттерді талдай келе, педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі теориялық, сондай-ақ тәжірибелік тұрғыдан әлі де болса аз зерттелгеніне көз жеткізуге болады. Болашақ кәсіби қызметке даярлықта диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың негізі болып табылатын психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориясына талдау мен түйін жасалынды. Болашақ психологиялық- педагогикалық қызмет мамандарының диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері анықталды.

Жүйелі, тұлғалық-қызметттік, құзыреттілік тәсілдердің әлеуеттерін талдау көрсеткендей, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін ұйымдастыру барысында оның жүйелілігін және тәжірибеге бағытталғанын, білім беру субъектісінің белсенділігін, оның қызметі мен уәждемесін ескеруді қажет етеді.

Зерттеліп отырған мәселені теориялық тұрғыдан талдау «болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігі» ұғымын нақтылауға мүмкіндік берді. Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі дегеніміз –бұл диагностикалық қызметті орындауға деген ынталандыруды, диагностикалық әдістемелермен жұмыс істеуге деген құлшыныс пен қабілеттілікті, міндеттер қойып, оларды шешу барысы мен нәтижелерін талдауды, өз қызметіне ұдайы түзетулер енгізуді қамтитын оқыту үдерісінде қалыптасушы тұлғаның интегралды жүйелі қасиеті.

Жоғарыда аталғандар уәждемелік-когнитивті, қолданбалы-аналитикалық, рефлексивті-бағалаушы критерийлер мен интуитивтік, репродуктивті, репродуктивті- шығармашылық деңгейлерді қамтитын білім беру ортасының болашақ педагог-психологтарының диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің құрылымдық-мазмұндық үлгісін әзірлеуге ықпал етті.

Сонымен, зерттеу нәтижелерін талдап қорыту төмендегідей негізгі қорытындылар тұжырымдауға мүмкіндік береді:



  1. Диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру жүйелі, құзыреттіліктік, тұлғаға бағытталған, ортаға бағытталған тәсілдерге негізделеді.

  2. Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі дегеніміз –бұл диагностикалық қызметті орындауға деген ынталандыруды, диагностикалық әдістемелермен жұмыс істеуге деген құлшыныс пен қабілеттілікті, міндеттер қойып, оларды шешу барысы мен нәтижелерін талдауды, өз қызметіне ұдайы түзетулер енгізуді қамтитын оқыту үдерісінде қалыптасушы тұлғаның интегралды жүйелі қасиеті.

  3. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру уәждемелік-когнитивті, қолданбалы-аналитикалық, рефлексивті-бағалаушы құрамдастар мен уәждемелік-білімдік, іс-әрекеттік, рефлексивті критерийлерді қамтитын үлгіге сәйкес кезеңді түрде (даярлық, негізгі, қорытынды) жүзеге асырылады.

  4. білім беру жүйесінде құзыреттілік тәсіліне негізделген болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптасыру әдістемесі тиімді болашақ кәсіби қызметті жобалауды білдіреді.

  5. білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін әдістемелік қамсыздандыру,

Жалпы алғанда, дипломдық жұмыс жұмыс алға бірқатар жаңа мәселелер қойды. Оларды зерттеу студенттерді кәсіби қызметке толыққанды даярлау перспективаларына, сондай-ақ болашақ кәсіби маман ретінде педагог-психологтың тұлғалық әлеуетін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жағдай жасау перспективаларына байланысты. Орындалған зерттеу болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптасыру мәселесін толық және түбегейлі шешеді деуге толық негіз жоқ. Әрі қарай зерттеу перспективалары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жаппай ашық онлайн курстарды қолдану арқылы болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мүмкіндіктерін зерттеуді, білім беру ортасының тәжірибеге бағытталғанын ескере отырып, оның құрамдасы мен әлеуетін нақтылай түседі деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет