Көкшетау қаласы



бет3/5
Дата26.12.2023
өлшемі25,62 Kb.
#143350
1   2   3   4   5
4.1. Жұмыскердің:
4.1.1. осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
4.1.2. жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге;
4.1.3. еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4.1.4. еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;
5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ
5.1. Жұмыскерге Жұмыс беруші бекіткен Еңбекке ақы төлеу туралы ережеге сәйкес, айына _____________(____________) теңге мөлшерінде жалақы төленеді.
5.2. Жалақы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші 10 (онкүндігінен) кешіктірілмей төленеді.
5.3.Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыс тоқтаған жағдайда Жұмыскерге тоқтап тұрған уақыт ақысы Жұмыскердің орташа жалақысының 50%-ы мөлшерінде төленеді.
5.4. Жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
6. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР
6.1. Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.Еңбек кодексінің 127-бабының 2-тармағына сәйкес, іссапарларға жіберілетін Жұмыскерлерге өтемақы төленеді.
6.2. Донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және қан беру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
6.3. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Тараптар осы Шарт шарттарының бұзылғаны үшін осы Шартта және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қарастырылған жағдайларда жауап береді.
7.2. Жұмыскердің тәртіптік теріс қылығы үшін Жұмыс беруші оған келесі: ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу сияқты тәртіптік жазаларды қолдануға құқы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет