3. 100 көлемді сандар нумерациясын оқыту
100 көлеміндегі сандар 1-2 сыныпта оқылады. 1-сыныпта толық ондықтар, 100, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйренеді.
"Толық ондықтар. 100" тақырыбының мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды: бірлікпен санау, бірге арттыру және кеміту, 1 таңбалы натурал сандар қатары; см және дм-дің ара қатынасы және дм-дің көмегімен ұзындықты өлшеу, ондықтармен санау және ондықтарды қосу және азайту, толық ондықтардың қатары; он және ондық, геометриялық фигураларды құрастыру және бөліктерге бөлу, көпбұрыштарды еркін өлшеммен сызу және олардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу, геометриялық фигуралардың қиылысуы; математикалық тапсырмалардың мәнді белгілері туралы мағлұмат; есеппен байланысты әр алуан бағыттағы шығармашылық іс-әрекеттер (түолендіру, құру, өзгерту және т.б.)
1.Осы уақытқа дейін 1 таңбалы сандар қатары түзіліп, әр санның сан қатарындағы орны анықталып, ең кіші және ең үлкен бір таңбалы сан тағайындалған болатын. Енді натурал сандар қатары туралы түсінік қалыптастырылады, яғни таяқшаларды санау барысында 1, 2…, 9 сандарын шығарып алып, олардың бір таңбалы натурал сандар деп аталатыны баяндалады. Ал тағы бір таяқшаны қоссаң, барлығы 10 таяқша болады. Демек, натурал сандардың заттарды санауда қолданылатындығын аңғаруға көңіл бөлінеді. Әрі қарай осы түсінік басқа сандардың мысалында біртіндеп тиянақтала түседі. Таяқшаларды пайдалану бірлікпен санаудың мән-мағынасын ашады, яғни бір таяқшадан біртіндеп азайту санды 1-ге арттыру, ал керісінше 1 таяқшадан біртіндеп азайту санды 1-ге кеміту болып табылады. Әрі қарай бір таңбалы натурал сандар түсінігі тиянақтала түседі және қалыптасады. Бір таңбалы натурал сандар қатары бір-бірімен және оның әрқайсысы нөлмен салыстырылады, сан сызғышындағы нөлдің орны 1 санының сол жағында болу тиістілігі негізделіп беріледі.
2. 10 санын шығарып алудың әр түрлі жолдары бұрыннан белгілі. Ал 10 таяқшаны санап, олардан 1 бума жасау, ондық жайында түсінік береді, яғни 10 таяқшадан тұратын бума бір ондықтың баламасы болып табылады. Осындай 2 бума алсақ, ол 2 ондықты білдіреді және т.с.с.
10 санын жазып көрсету үшін 2 цифр қажет. Осыған ұқсас кез келген толық ондықты жазу сәйкес 2 цифрды таңдап алумен байланысты, оның сол жақтан бастап санағандағы біріншісі неше ондықтың алынғандығын білдірсе, екіншісі - 0 цифры - толық ондық құрамында жекелеген бірліктің болмайтынын аңғартады, яғни ондықты білдіретін бірліктерінің үстінде басқадай жекелеген бірліктің болмайтынын көрсетеді. Мысалы: 2 онд. – 20 санындағы 2 цифры осы санда неше ондықтың бар екенін, яғни санның барлығы неше бірліктен құралғанын білдіреді, ал 2 ондықта барлығы 20 бірлік бар, демек, оның үстінде ешқандай жекеленген бірліктің жоқ екенін 0 цифры көрсетеді, олай болса, 20 түрінде жазылады және т.с.с.
Ондықтарды қосу және азайтуды орындау ондықтармен санауға келтірілетіндіктен, осы жағдайларда есептеулер жүргізу 10 көлеміндегі кестелік қосу мен азайтуға ұқсас орындалады, бұрынғы білім жаңа жағдайға қолданылып, біршама қорытындыланады. Мысалы: 30+40 болғанда 3 онд. + 4 онд. деп қабылдаймыз.
Ондықтардың атауларын игеру және оларды жазуға машықтандыру, сандардың аталуын және жазылуын қарастыру барысында оннан асыра санау, әрбір ондықты құру кезінде оның неше бірліктен құралатынын (мәселен, 2 онд., яғни 20 (жиырма), барлығы 20 жиырма жеке бірліктен) ескеру, толық ондықтардың арасындағы сандарды атап шығу немесе мәселен 30-ды шығарып алу үшін 2 ондыққа 1 ондықты, яғни 10 жеке бірлікті қосу керектігіне назар аудару және т.б. бағыттарда ұйымдастырылатын жұмыстар ондық санау жүйесінің ерекшелігін сипаттайтын білімнің құрамды бөліктерімен алдын ала таныстырып, күнілгері дайындықты жүзеге асырады. Сондай-ақ ондықтарды жазу ілгеріде 2 таңбалы сандарды жазуға үйретуге дайындық болып табылады. Мұның бәрі ондықтармен санауды толық ондықтардың атаулары мен жазылуын, оларды қосу мен азайтуды еркін меңгеруге себепші болады және қолайлы жағдай туғызады.
Ең кіші және ең үлкен толық ондықтар анықталады, ондықтар өсу және кему ретімен орналастырылады, әр ондық көршілес ондықтармен салысьырылады, кез келген ондыққа 10-ды қосу және азайту арқылы келесі және алдыңғы ондықтар шығарылып алынады. Мұның бәрі толық ондықтардың қатары жайында түсінік қалыптастыруға себепші болады.
Ондықтармен санауға мазмұндық тұрғыдан алғанда өте жақын мәселе - ұзындықты дециметрдің көмегімен өлшеу болып табылады. Себебі, дм-дің енгізілуі шаманы өлшеу бірліктері мен ондық санау жүйесінің арасындағы байланысты нақты көрсетіп береді. Шынында да, см-ді жекелеген бірліктердің, ал дм-ді ондықтардың баламасы ретінде алу орынды сияқты. Сонда сандарды салыстыруды және ұзындықтарды салыстыруды оқытып-үйретуде бірізді әдістемені жүзеге асыруға толық мүмкіндік туады.
См үлгісінің көмегімен, яғни 1 см жолақшаны бір-біріне жалғастыра 10 рет кесіндіні салып, 10см=1дм теңдігін құру. Бұл теңдік см және дм бірліктерінің арақатынасын анықтайды. Әрі қарай дм-дің көмегімен әр түрлі ұзындықты өлшеуге машықтандыру жүзеге асырылады және оны өлшеу бірлігінің тұрмыстық қажеттігінен және мұқтаждықтан туындап отырғандығы аңғартылады.
См және дм сияқты бірліктермен өлшенген ұзындықтарды қосу және азайту сәйкес сандарды қосу және азайту амалдарын орындаумен қатар қарастырылады, яғни олардың ұқсастығы басшылыққа алынады, сонда ірі бірліктен ұсақ бірлікке және керісінше ұсақ бірліктен ірі бірлікке ауысумен, байланысты түрлендірудің де орындалуы мүмкін.
Тақырыптың міндеттері:
1. Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі - ондықпен таныстыру;
2. Натурал сан ұғымымен таныстыру, 10 бірл.-1онд. құрацтынын меңгерту;
3. Толық ондықтар қатарымен және оларға 10-ды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру;
4. 2 таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету; 100 санын жазуға үйрету; 100 көлеміндегі ең кіші, ең үлкен санды анықтауға үйрету;
5. Сан мен цифр арасындағы айырмашылықты меңгерту, цифрдың орындық мәні;
6. Нумерациялау негізінде 2 таңбалы сандарды қосу, азайту біліктілігін қалыптастыру;
7. Шама тақырыбын нөмірлеу тақырыбымен байланыстырып қарастыру.
Қолданылатын көрнекіліктер:
1. Жеке (10) таяқша және 10-10-нан буылған таяқшалар;
2. Абак (ондық. бірлік.);
3. Кеспе цифрлар, 2 таңбалы сандар жазылған топшамалар.
"Жүздік" тақырыбында: оқушылар жаңа санау бірлігі - ондықпен және санау жүйесінің ең маңызды ұғымы - раздяд ұғымымен танысады; ауызша және жазбаша нөмірлеудің негізін құрайтын 2 таңбалы сандардың жасалу, оқылу, жазылу принциптері, сондай-ақ оларды салыстыру қарастырылады.
Бұл тақырыпты оқытудың негізгі нәтижесі ретінде: 100-ге дейін санауды, сандарды оқуды, жазуды және толық ондықтармен санауды үйренуді; разряд, разрядтық сандардың қосындысы: 1 таңбалы, 2 таңбалы сан; бірлік, ондық терминдерін игеруді атауға болады. Мұнда алдымен 10 көлеміндегі сандарды қайталай отырып, жекелеген бірліктерден ондық құралып, толық ондықтармен санайды, яғни 10 бірлік-ондық, 2 ондық - 20, 3 ондық - 30, т.с.с.
Шыбықтарды 10-10-нан санай отырып, бума жасалады, яғни 10 бірлік - 1 ондық құрайтынын көрсеткеннен кейін, 11-ден 100-ге дейінгі сандардың ондықтар мен бірліктерден құралатыны көрсетіледі.
Мысылы:
-Санағанда 9-дан кейінгі санды ата. Оны қалай табуға болады?
Кейінгі сан алдыңғы санға 1-ді қосқанда немесе алдыңғы сан келесі саннан 1-ді азайтқанда шығатынын қайталап, көрнекілік арқылы көрсету керек.
-9-ға 1-ді қосқанда 10 шығады.
- 10 шыбықтан 1 бума жасайды, демек 10 бірлік 1 ондық құрайды.
- 10-нан кейінгі санды шығарып ал.
10 және 1, 1 онд. 1 бірл немесе 11, әрі қарата шыбықтарды қосу арқылы 1 онд 2 бірл, 10 және 2 немесе 12 және т.б. сандарды шығарып алуға болады. Әрі қарата разрядтық кестені пайдаланып, зат-сан цифр арасындағы байланысты ескеріп , сәйкестендіру арқылы 100-ге дейінгі сандардың құрылуы, оқылуы, жазылуы көрсетіледі.
4. 1000 көлемдегі сандар нумерациясын оқыту
5. Көп таңбалы сандар нумерациясын оқыту
6. Есеп. Жай есептер түрлері және оқыту әдістемесі
7. Есеп. Құрама есептерді оқыту әдістемесі
8. Қозғалыста байланысты есептерді оқыту
9. Есеп. Пропорцианал шамаларға байланысты есептер
10. Арифметикалық амалдар. Арифметикалық амалдарды оқыту әдістемесі (қосу-азайту)
11. Кестелік қосып-азайту
12. Ауызша қосып-азайтуды оқыту
13. Жазбаша қосып-азайтуды оқыту
14. Арифметикалық амалдар. (Көбейту мен бөлуді оқыту)
15. Кестелік көбейту және бөлу
16. Ауызша көбейту және бөлу
17. Жазбаша көбейту және бөлу
18. Көбейтудің ерекше жағдайлары
19. Кесіндінің ұзындығын оқыту әдістемесі
20. Аудан, көлем табуды оқыту әдістемесі
21. Уақыт түсініктерін қалыптастыру
22. Масса бірліктерін оқыту әдістемесі
23. Геомертрия элементтерін оқыту әдістемесі
24. Алгебра элементтерін оқыту әдістемесі
25. Үлес. Үлес бойынша есептер шығару
26.
Достарыңызбен бөлісу: |