Логистикалық инфрақұрылым Тұтынушыларды сатып алу, жеткізу, сақтау және жеткізу жүйесін жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзара байланысты элементтердің жиынтығы. Бұл элементтер әдетте тасымалдау, қоймалық және логистикалық ақпараттық жүйелерді қамтиды. Логистикалық инфрақұрылымды бірыңғай компания деңгейінде жеткізу желісінің элементі ретінде немесе макро деңгейде - материалдық ағындардың қозғалысын қамтамасыз ететін аймақтағы көлік жүйесі ретінде қарастыруға болады. Логистикалық инфрақұрылым құрамы:
-жеке көлік түрлері бойынша көлік жүйелері:
-автокөлік-жолдар;
-теміржол –рельс жолдары мен бекеттер;
-су-географиялық және навигациялық қол жетімділік, порттар, жағажайлар
мен айлақтар;
- әуе-әуежайлар, әуедромдар, хабарлама жүйесі;
- құбыр-магистарльдар.
-түрлері және меншік формалары бойынша көліктік парк;
-автожанармай құю станциялар жүйесі, тұрақтар, қызмет көрсету;
-көліктік-жүктік түйіндер-логистикалық орталықтар, терминалдар, ортақ
қоладныстағы қоймалар, тарату орталықтары, уақытша сақтау қоймалары,
кедендік-қоймалар мен қызметтер,
-ақпараттық каналдар мен жүйелер, аймақтық ақпараттық-мараптау
оралықтары;
-жүк бірліктерін унификациялау және манипуляцилау (алал-жарғы жасау)
жүйелері –тара, сыртқы орам, индентификация және жүктерді кодтау;
-логистикалық үрдістерді қаржылық қамтамасыз ету жүйесі;
-лостикалық қызметті нормативті-құқықытық қамтамасыз ету;
-логистикалық үрдістердің қатысушылары, нысандар, операторлар,
провайдерлер, делдалдар.
Көлік инфрақұрылымы Көлік жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады және байланыс жолдары, терминалдық нысандар, сондай-ақ қосалқы қондырғылар мен жүйелер (электрмен жабдықтау, байланыс, қозғалысты басқару, деректерді айырбастау және т.б.) қамтиды. Осыған байланысты инфрақұрылым көліктік жүйелердің жұмыс істеуі үшін бірыңғай негіз болып саналады. Жақында «инфрақұрылым» тұжырымдамасы ресейлік көлік заңнамасына жүк иелері мен көлік операторларына қызмет көрсетуге арналған қондырғыларды және өндірістік объектілерді анықтау, сондай-ақ көлік құралдарының жұмысын қамтамасыз ету үшін енгізілді.
Көліктік-логистикалық инфрақұрылым дегеніміз тауарлар мен адамдардың қозғаласын ұйымдастыру үшін және көліктік-логистикалық қызметті көрсету (темір жол көлігі, ішкі су көлігі, автокөлік жолдары, тонельде, эскадалар, көпірлер, қоймалық және контейерлік терминалдар, көліктік-логистикалық кешендер сондай-ақ көліктік-логистикалық инфрақұрылымның қызмет етуін қамтамасыз ететін ғимараттар, құрылғылар мен құрал-жабдықтар) бойынша технологиялық кешен болып табылады. Көлік-логистикалық инфрақұрылымы - материалдық өндіріс салаларының жұмыс істеуі және қоғамның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер, құрылымдар, ұйымдар. Бұл жағдайда көліктік экономика, энергетика, коммуникация және коммуналдық шаруашылыққа қызмет көрсететін инфрақұрылымдық салалардың бірі болып саналады. Инфрақұрылым экономикалық кеңістікті ұйымдастыратын, аумақтарды дамытуды және дамытуды қамтамасыз ететін фактор ретінде әрекет етеді. Логистика бойынша шетелдік және отандық арнайы және ғылыми әдебиеттерде логистикалық қызметті қамтамасыз ететін инфрақұрылым сұрақтарына арналады. Әдебиеттер мен мақала авторлары «логистикалық инфрақұрылым» терминін қолданады, тауар қозғалысы үрдісін басқару деңгейлерінің әртүрлі операциялары мен логистикалық процедураларды жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым мәнінен алшақтатып қарастырады. Мысал ретінде «логистикалық инфрақұрылымның» кейбір тарктовкаларын көрсетуге болады.
1) Д. Бауэрсокс логистикалық инфрақұрылым нысандарына өнідірістік кәсіпорындарды, ақпараттық нысандарды, көліктік компанияларды және олардың мүмкіншіліктерін, қойма шаруашылығы, жүкті өңдеу, орау, материалды-техникалық ресурстарды, тиеу-түсіру терминалдары, жеке сауда дүкендерін жатқызады. Автор логистикалық инфрақұрылым қалыптастыру кезінде оның нысандары (қойма кешендерінің) белгілі географиялық орналасуы бойынша санын анықтау қажет және әр нысанда сақталған өнімдердің запас көлемін есептеу қажеттігін атап өткен. Сонымен қатар автор ерекше түрде көліктік-логистикалық инфрақұрылымға ерекше көңіл бөледі, ал ол өз кезегінде көліктік магистральдардан, көлік құралдарынан және қоғамдық, жеке, арнайы тасымалдау компанияларынан тұрады деген.
2)Ч. Сковронек және Вольский логистикалық инфрақұрылым үрдісіне кәсіпорындар арасында сондай-ақ шаруашылық субъектілер арасындағы, өнімдерді жеткізу, көлік құралдарын, өнімнің запастарын сақтауға арналған қойма кешендеріне қажетті ғимараттар мен құрал-жабдықтарды ұтымды басқару деп түсінген. Авторлар сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымға сақталуын қамтамасыз ететін, орау процедураларын тасымалдау, басқаруға қажетті ақпаратты өңдеу құралдары, техникалық құрылғылар, жүйелер және қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды жатқызған.
3)А.Д. Чудаков логистикалық инфрақұрылым ретінде жеткізу тізбегінің қатысушылары-материалды-техникалық ресуратарды жеткізушілер, аралықжәне соңғы дайын өнімді өндірушілер, өнімді тұтынушылар деп атап өткен. Сондай-ақ автор логистикалық инфрақұрылымға логистиканың барлық салаларын жатқызады: материалды-техникалық жабдықтау, көлік және қойма шаруашылығы, қорларды басқару, тарату қызметі және тағы басқалар.
4)«Управление грузовыми потоками в транспортно-логистических системах» атты монографиясында Л.Миротин көліктің рөлін мен орнын логистикалық инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі деп қарастырады. Осыған байланысты көлік жүйесі ерекшеленеді (жер беті,су және әуе жеткізу жолдары, көлік терминалдары, жол айрықтары, әртүрлі құрылғылар,құралжабдықтар мен техника, газ құбырлары, мұнай құбырлары, су терминалдары) көлік кәсіпорындары, көлік құралдарын, қойма терминалдарын және логистикалық делдардар кіретін технологиялық кешен.
- А.Л. Носов өз алдына логистикалық инфрақұрылымды өндіріске және адамдардың әлеуметтік өмірін қамтамасыз ететін, материалды-техникалық жүйе ретінде қарастырған. Ал дамыған логистикалық инфрақұрылымды өндіріс саласына тиімді капитал салымына қажетті шарт ретінде анықтаған. Сонымен қатар автор логистикалық инфрақұрылымға темір және автокөлік жолдарын, байланыс, әртүрлі көлік түрлерін, қойма шаруашылығын, әртүрлі мақсаттағы жабдықтарды жатқызды. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымға қатысты жоғарыда аталған авторлардың көз қарастарын елеп, келесілерді ескереміз: -авторлармен келтірілген барлық логистикалық инфрақұрылымның құрамдас бөліктері инфрақұрылымның мазмұнының жалпы түрін көрсетеді. Ол материалды өндірістің дұрыс қызмет жасауын және өнімдердің айналымын қамтамасыз ететін үшін және оларға қолайлы жағдай жасауға қажетті өндіріс саласы, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, көлік компаниялары мен қойма кешендерін, сауда және делдалдық ұйымдар, түрлері мен қызметі. Инфрақұрлымды өнірістік, әлеуметтік-тұрмыстық және институционалды болып жіктелген. Әр түрі сәйкес шаруашылық субъектілерінен тұрады. Ал өндірістік инфрақұрылымға материалдытехникалық жабдықтаумен байланысты, запастарды басқарумен, тасымалдаумен, қоймалау мен сақтаумен және тауарды тарату, сатумен байланысты қызметтер кіреді. Көрсетілген екі терминді қосу реті «логитикалық инфрақұрылым» сөз тіркесіне кіретін айқын емес. Бірінші сөз «логистика» оның функцияларын, үрдістер мен процедураларын сипаттауда дұрыс келеді, ал инфрақұрылым сөзіне келетін болсақ нақты мағынасы бірінші кезекте ашуға тырыстық. Барлық логистикалық инфрақұрылым құрамдас топтары өзара тығыз байланысты және тұтынушыға сапалы логистикалық қызмет көрсету бойынша міндеттерді атқарады. Топтарды шектейтін қызметтер мен ұйымдар қоғамдық топқа жататын одақтар мен ассоциацияларға қолдау көрсетеді. Атқарушы билік орындары (институционалды топ) логистикалық инфрақұрылымның барлық құрамдас топтарының қызметін реттеуді жүзеге асырады. Жасалған зерттеулер көрстеткендей логистика қоғамның экономикалық қызметінің ажырамас құрамдасы болып табылады, оны логистикалық инфрақұрылым деп анықтауға болады. Логистикалық инфрақұрылым әртүрлі бағыттағы қызмет ететін мекемелерден, ұйымдардардан, органдардан, компаниялардан, фирмалардан, орталықтардан, одақтардан және ассоцияцииалардан тұрады. Олардың көмегімен ағымдық үдерістерді басқаруды қамтамасыз етеді, соның ішінде өндірістік және тұтынушылық тауаларды, өнімдердің жеткізу тізбегін басқарады.
Логистикалық инфрақұрылымды 6 топқа жіктеуге болады:
-институционалды: атқарушы билік органдары, салық инспекциясы, кедендік
қызмет және тағы басқалар;
-қоғамдық: кәсіпкерлер мен өндірушілер одағы, тұтынушылар одағы,
экспедитерлер;
-зерттеушілік: ғылыми-зерттеу ұйымдары, маркетингтік ұйымдар,
логистикалық фирмалар;
-шектеуші: заң қызметі, мемлекеттік эпидемиялық бақылау қызметі,
стандарттау, метрология және сертификациялау қызметі;
-қызмет көрсету: қаржылық ұйымдар, білім беру ұйымдары, сақтандыру
компаниялары, аудиторлық фирмалар, лизингтік компаниялар, делдалдық
жүйе;
-техникалық: жөндеу кәсіпорындары, сервистік орталықтар, бөлшектерді
жеткізушілер.
Көліктік-логистикалық инфрақұрылым сөз тіркесіне келетін болсақ ірі және шағын қалаларда, тіпті толық аймақтарда ірі заманауи өндірістік кәсіпорындардың қызмет етіунде көліктік-логистикалық инфрақұрылым құруға үлкен көңіл бөлінеді. Көліктік логистика және оның инфрақұрылымына келер болсақ біріншісі жүктердің оңтайлы маршрут бойынша жеткізу процесін ұйымдастыру жүйесі болса, ал екіншісі көліктіклогистиканың инфрақұрылымына жеткізуді немесе тасымалдауды үрдісіне қызмет көрсететін кәсіпорындардан тұрады. Оның құрамы:
-көлік нысандары;
-қоймалық-терминалдық кешендер;
-қосымша және ақпараттық нысандар.
Көліктік-логистикалық инфрақұрылым нысандарына жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың дұрыс қызмет ету үрдісін қамтамасыз ететін ғимараттар мен жабдықтар. Мұндай нысандар құрамына:
-автобазалар;
-автобекеттер;
-темір жол бекеттері;
-әуежайлар;
-қойма кешендері;
-жүк терминалдары;
-контейнерлік алаңдар.
Бұл жіктеуде тек ғимараттың өзі ғана емес барлық жабдықтарды, қамтамасыз ету жүйелері, автокөлік және темір жол көлігі үшін жолдар болып табылады. Көліктік-логитикалық инфрақұрылымның дұрыс құрылуы тасымалдау үрдісінде ақталмайтын шығындардың алдын алады және ол кәсіпорынның және саланың тиімді қызмет етуін жоғарылатады. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жобалау мен түзетілер жасау арқылы жолаушылар мен жүктерді ыңғайлы қызмет көрсетуді және көлік ағымдарын оңтайландыруға қол жеткізуге болады. Халықаралық деңгейде аймақтың экономикасының жаһандануы мен интеграциясы, яғни бірігуі жергілкті шаруашылық нысандарының басқа аймақтың және елдің нысандарымен тығыз байланыс орнатуына әкеледі. Олардың сәтті серіктестігіне көліктік-логистикалық инфрақұрылым қажет. Сондықтан жаһандану жағдайында аймақтың экономикасының сәтті қызмет етуі көліктік-логистикалық кешеннің дамуы қажет. Қазіргі уақытта көлік және сәйкесінше көліктік инфрақұрылым таза күйінде жүкті жіберушіден соңғы тұтынушыға жеткізудің тиімділігін қамтамасыз ете алмайды. Ол үшін көлік кешені немесе көлік жүйесі логистикалық жүйемен бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Сондықтан да көліктік инфрақұрылым логистикалық инфрақұрылыммен біріктіріліп, көліктіклогистикалық инфрақұрылымды құрайды. Көліктік инфрақұрылым логистикалық инфрақұрылыммен өзара әрекетке түспесе тиімді жұмыс жасай алмайды. Біздің көзқарасымыз бойынша, теориялық тұрғыдан алғанда көлікті және логистикалық инфрақұрылымдар жеке-жеке жұмыс жасай алады, кеңестік кезде ол солай да болды. Бірақ нарық жағдайында көлік және логистикалық инфрақұрылымның арасында көлікке де, логистикаға да қатысты жалпылық болуы мүмкін. Қоймалық және көліктік шаруашылықтың біріктірілуі белсенді жүзеге асырылады. Қосымша инфрақұрылымның элементтерін қолданудың үйлестірілуі нығайтылады. Көлік және қойма тек жеке операциялар арқылы дәстүрлі байланыса отырып (тиеу, түсіру), тығыз өзара тәуелділікке ие болады. Бір мақсатты нысандандыру қорытынды нәтижеге жету үшін олардың қызметін біріктіреді. Олардың технологиялық үдерістері кішкентай бөлшегіне дейін үйлесіп, барлық жұмысты бірлескен кестемен орындауға мүмкіндік береді. Көліктік инфрақұрылымның міндеттері - өндіріс, үлестіру, айналым және тұтыну салаларын бір тізбекке бекіту. Аймақтық экономикадағы материалдық, қаржылық және ақпараттық ағындардың жеделдетілген айналымын қамтамасыз ету. Аймақтық экономиканың бір жүйесі ретінде көліктік инфрақұрылым нарықтық қатынастарды құрудың қажетті жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Барлық элементтер аймақ деңгейінде бір-бірімен байланысты. Нақты көлік түрімен бекітілген жол бойынша тасымалдау міндетін шешетін көліктік кешенінен көліктік логистикалық жүйесінің айырмашылығы. Ол жеткізудің берілген тізбегі бойынша жүктің анықталған категориясын тасымалдау үшін логистикалық тізбек құрады.
Көліктік логистикалық жүйенің күшті жақтарына маманданған логистикалық операторлардың, тасымалдаушылардың, заманауи терминалдар, қойма кешендерінің болуын жатқызамыз. Әлсіз жақтары – бұл логистикалық қызметке қатысушыларды жүйелі біріктіретін әкімшілік немесе ұйымдастырушылық деңгейдің болмауы. Дамымаған инфрақұрылым, жаман жолдар, төмен ғылыми әлеует, логистика саласында мамандардың жетіспеушілігі, компанияның топ-менеджментінің логистика рөлінің маңыздылығын түсінбеушілігі, ұсынылған логистикалық қызметтердің төмен сапасы болып табылады. Логистиканың мүмкіндіктері экономиканың дамуына ішкі және транзиттік жүк көлемінің өсуі арқылы әсер етеді. Ілеспелі шығындарды төмендету және жаңа жұмыс орындарын құру; Отандық логистикаға қауіп-қатер, кәсіпорындардың техника-технологиялық артта қалуы, «баға – сапа» қатынасы бойынша қызметтің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі және шетел компанияларымен тиімді бәсекелес бола алмауы нәтижесінде логистикалық нарық үлесінің жоғалуы мүмкін. Сонымен қатар логистикалық жүйенің қарқынды дамуына әсер ететіндер: жеткізулердің жаһандақ жеткізу тізбектерін құру, өнімнің өмірлік кезеңінің күрт қысқаруы, дәстүрлі өндірістің «тапсырысқа» өндіруге өзгеруі, жапай кастомизация, тауарлардың консрукцияларын күрделендіру және олардың түрлерін көбейту, ақпараттық жүйелердің қарқынды дамуы және логистиканы технологиялық қамтамасыз ету және SCM, компанияның шекті құнымен уақыт шығынын азайтуға тырысуы.