Коллекциялар. Тізімдер, стектер мен кезектер, сөздіктер



бет1/5
Дата15.04.2023
өлшемі265,04 Kb.
#83108
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 лекция

Коллекциялар. Тізімдер, стектер мен кезектер, сөздіктер.

«Объектіге бағытталған программалау» пәні

Лектор: аға оқытушы Абдрахманова М.Б.

коллекциялар

  • C# тілінде коллекция объектілер жиынтығын бейнелейді. .NET Framework ортасында коллекциялардың әртүрлі типтерін анықтайтын көптеген интерфейстер мен кластар бар. Бастапқыда коллекциялардың тек жалпыланбаған кластары болды. C# тілінің 2.0 нұсқасында жалпыламалардың енгізілуімен .NET Framework ортасы жалпыланған кластармен және интерфейстермен толықтырылды.
  • Жалпыланбаған коллекциялар object типті мәліметтермен жұмыс жасайды. Сондықтан олар кез келген типтегі мәліметтерді сақтай алады, тіпті бір коллекция құрамында әртипті мәліметтерді сақтауға рұқсат беріледі. Жалпыланған коллекциялар кластары мен интерфейстері System.Collections атаулар кеңістігінде орналасқан.
  • Жалпыланған коллекциялар мәліметтер жиындарының жалпыланған нұсқасын қамтамасыз етеді. Мұндай коллекциялар типтелген болады, яғни коллекция құрамында тек онымен типі бойынша үйлесімді мәлімет элементтері сақталады. Осы арқылы типтердің кездейсоқ сәйкессіздігінің алды алынады. Жалпыланған коллекциялар System.Collections.Generic атаулар кеңістігінде жарияланады.

ArrayList класы

  • ArrayList класында қажеттілік бойынша кеңейтіліп-қысқартылатын динамикалық жиымдар қолдау табады. C# тілінде стандартты жиымдардың ұзындығы бекітілген және программаның атқарылуы кезінде оны өзгерту мүмкін емес. ArrayList класында ұзындығы айнымалы болатын жиым анықталады, ол жиым объектілерге сілтемелерден тұрады және өлшемін динамикалық түрде өзгерте алады. ArrayList типті жиым бастапқы өлшеммен құрылады, жиым элементтерінің саны ұзындығынан асқан жағдайда, жиым автоматты түрде кеңейтіледі. Ал элементтержойылған кезде жиым өлшемі автоматты түрде қысқартылады.

List класы

  • В классе List класында жалпыланған динамикалық жиым жүзеге асырылады. Ол ArrayList коллекциясының жалпыланған нұсқасы болып табылады. List класының жиі қолданылатын конструкторлары:
  • public List() - келісім бойынша анықталған бастапқы өлшемі бар бос коллекция құрылады.
  • public List(int capacity) – бастапқы өлшемі capacity параметрі арқылы берілген коллекция құрылады.
  • Коллекцияға енгізілетін элементтер саны коллекция сыйымдылығынан асқан жағдайда, коллекция ұзындығы екі есе артады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет