В классе LinkedList класында жалпыланған екібағытты тізім құрылады. Класс конструкторлары:
public LinkedList() – бос тізім
public LinkedList(IEnumerablecollection) – collection коллекциясының элементтерімен инициалданған тізім
LinkedList класында тізім түйіндерінде сақталатын мәндер инкапсуляцияланады. Түйіндерде тізімнің алдыңғы (Previous) және кейінгі (Next) элементтеріне сілтемелер болады. Түйіндер LinkedListNode класының объектілері болып табылады. LinkedListNode класындағы қасиеттер:
public LinkedListNode Next { get; }
public LinkedListNode Previous { get; }
public LinkedList List { get; }
public T Value { get; set; }
List қасиеті тізімнің өзіне сілтеме береді. Value қасиеті тізім түйінінде орналасқан мәнді орнатуға және шығарып алуға мүмкіндік береді.
Hashtable класы
Hashtable класы элементтерін сақтау үшін хеш-кесте қолданылатын коллекцияны құруға арналған. Хештеу кезінде хеш-код деп аталатын бірегей мәнді анықтау үшін арнайы кілттің ақпараттық мазмұны қолданылады. Алынған хеш-код индекс ретінде қызмет етеді, кестеде берілген кілтке сәйкес келетін қажетті мәліметтер сақталады. Кілтті хеш-кодқа түрлендіру автоматты түрде жүзеге асады, сондықтан хеш-кодтың өзі қолданушыға қолжетімсіз. Хештеудің артықшылығы - бұл деректер жиынтығының көлеміне қарамастан мәліметтерді іздеу, шығару және орнату уақыттарының тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Dictionary класы
Dictionary класы коллекцияда сөздіктегідей «кілт-мән» жұптарын сақтауға мүмкіндік береді. Сөздіктер өлшемін динамикалық түрде өзгертеді.
Dictionary класының жиі қолданылатын конструкторлары:
public Dictionary() – келісім бойынша берілген сыйымдылығы бар бос сөздік құрылады
public Dictionary(IDictionarydictionary) – құрамында dictionary элементтері көшірілген сөздік құрылады
public Dictionary(int capacity) – capacity мәнімен анықталған сыйымдылығы бар сөздік құрылады.