Бетон араласпасын дайындау және тасымалдау



бет1/4
Дата16.05.2023
өлшемі19,21 Kb.
#93604
  1   2   3   4
Байланысты:
срс темірбетон


Бетон араласпасын дайындау және тасымалдау
Бетон араласпасын негізінен объектілік және стационарлық бетон зауыттарында дайындайды. Тұрақты жұмыс жасайтын стационарлық зауыттар жақын маңдағы тұтынушыларға тауар ретінде бетон шығарады. Алайда, мұндай зауыттардың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылықтары: төмен шығындар болуы және дайын бетон сыйымдылығы 1 м кубты құрайды. Ал кемшіліктеріне келсек, араласпаны тасымалдау үшін көп шығын кетеді және жолда ұзақ уақыт болуынан бетон араласпасының сапасы төмендей түседі. Бетон араласпасын дайындау мәжбүрлі, сондай-ақ гравитациялық араластырғыштарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Гравитациялық араластырғыштарда бетон араласпасын тығыз немесе кеуекті толтырғыштарда дайындауға болады. Құрғақ бетон араласпаларына тоқтала кетсек оларды гравитациялық крандардың көмегімен дайындайды. Оларды тығыздау үшін қажетті су мөлшерін алып бетон араластырғыштардың резервуарларына орналастырамыз. Ал жұмыс көлемі аз болып келетін құрылыс алаңдарында араласпаны дайындау үшін жылжымалы араластырғыш қондырғыларын пайдаланады, себебі бұл экономикалық жағынан өте тиімді болып есептеледі. Бетон араласпасын құрылыс объектісіне жақын жерде дайындау тасымалдау шығындарын азайта түседі және араласпаның сапасы да артады. Араласпаны тасымалдау, яғни оны зауыттан құрылыс нысанына және төсеу орнына жеткізу уақыты цементтің түріне, сонымен қатар бетон араласпасының температурасына байланысты болып келеді. Мысалы, 45 минутта тасымалдау уақытына 20-30 градус температура, ал 120 минутқа 5-10 градустық температура болуы тиіс. Кеуекті толтырғыштардағы жеңіл бетон араласпасын тасымалдау уақыты 45 минуттан аспауы қажет, 30 минуттан асқан жағдайда бетон араластырғыштарын пайдалану керек. Тасымалдау барысында араласпасының стратификациясын болдырмау, оны жауын-шашын, желдің, күннің әсерінен, қатып қалудан қорғау қажет.

Бетон жұмыстары
Бетон жұмыстары, яғни бетондау дегеніміз-бетон, темірбетон конструкцияларын салудың ең соңғы, сондай-ақ ең жауапты кезеңі. Оның негізгі технологиялық процестері бетон араласпасын дайындау, тасымалдау, оны қалыпқа салу және бетонды қатайту, ыдырату кезеңдерінде күтім жасаудан тұрады. Бетондау кезінде объектіні деңгейлерге бөлу және басып алу қажет болады. Объектіні деңгейлерге бөлу жұмыс тігістерін орнату ережелерін ескеріп, құрылымның сипатына сай жүргізілуі керек. Және де бетон араласпасын төсеу басталған уақытқа дейін жұмыс тігістерінің қалыптарын, негіздерін, беттерін дайындау керек. Бетон жұмыстарын жүргізу алдында тасты негіздер және жұмыс тігістерінің беттерін қоқыстардан, кірден, сонымен қатар қар және мұздан тазартып алу қажет. Олардың бетінде майлы дақтар немесе су болмауы тиіс. Бетонды қалыпқа салмай тұрып алдымен оны бекіту элементтері, арматураның сапасы, бөлшектердің дұрыс орнатылуы және қорғаныс қабатының сенімді болуы тексеріледі. Бетондауды мұнара немесе жебе крандары көмегімен жүргізу барысында оларды орнату шұңқырда қарастырылады. Мұндай әдісті көп аралықты өнеркәсіптік ғимараттардағы нөлдік цикл конструкциясын бетондау үшін қолданады. Нөлдік циклдің монолитті құрылымдарымен бетон жұмысын жүргізудің екі жолы бар. Олар: ашық және жабық. Ашық әдіспен мұнара, жебе крандары қолданылады. Ашып айтсақ, құрылыс құрылымдары және жабдықтарға монолитті іргетастарды объектінің жер үсті бөлігіне орнатқан кезеңге дейінгі бір уақытта тұрғызылғанда. Ал жабық әдіспен құрылыс құрылымдарының астына іргетас тұрғызылып, сосын ғимараттың құрылыс құрылымдары орнатылып, оның дайын қаңқасының ішіне іргетастар салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет