Коллоидтық ЖҮйелер және лиофобтық коллоидтық ЖҮйелерді алу және тазарту әдістері

бет4/5
Дата15.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#115363
1   2   3   4   5

Бұл әдісте қандай да бір дисперсиялық орта арқылы, мысалы су арқылы электродтар арасында ток жіберіледі. Электродтар коллоидтық ерітінді алатын заттардан жасалған болады. Мысалы, платинаның коллоидтық ерітіндісін даярлау үшін су астында платина электродтары арасында электр доғасын жасайды. Бұл кезде бір электрод тозаңданады. Электр тоғын өткізгенде алдымен молекулалық (атомдық) ұсақтану болады, содан соң молекулалар коллоидтық бөлшектерге конденсацияланаып коллоидтық ерітінді түзеді. Электрлік тозаңдану әдісі алтынның, күмістің, платинаның және т.б. мысалдардың коллоидтық ерітінділерін алуға қолданылады.

2. Электрлік тозаңдату арқылы коллоидтық ерітінділерді алу

3. Коллоидтық ерітінділерді ультрадыбыс көмегімен алу.

Ауаның үлкен жиілікте (105 -106 Гц) тербелуі ультрадыбыс толқындары деп аталады. Оларды пьезоэлектрлік осцилляторларды қолдану арқылы алады. Бұл кезде дөрекідисперстік заттың жүзгіні ультрадыбыстың толқындардың әсерімен коллоидтық күйге дейін майдаланады. Ультрадыбыстың толқындар көмегімен шайырлардың, гипстің, графиттің, металдардың, бояғыш заттардың, крахмал және т.б. көптеген заттардың коллоидтық ерітінділерін алуға болады.

2.3 Пептизация әдісі

Суда іс жүзінде ерімейтін көптеген тұнбалар оларға кейбір заттармен әсер еткенде коллоидтық ерітіндіге көшеді. Зольдерді алудың көп тараған осы әдісін ең алғаш биохимиктер ұсынған болатын. Коллоидтық жүйелерді алудың басқа әдістерімен салыстырғанда пептизация әдісінде бөлшектердің дисперстілік дәрежесі өзгермейді. Тұнбаны коллоидтық ерітінділерге айналдыратын заттарды пептизаторлар деп атайды.Пептизаторлар, немесе олардың иондары коллоидтық бөлшектердің бетіне адсорбцияланып олардың зольге (коллоидтық ерітіндіге) көшуін болдырады. Пептизация әсер ету механизмі бойынша екі жолмен: тікелей және жанамалық пептизация жүзеге асады. Егер бөлшектердің 285 бетіне оларды бөлмей тұрып қоспадан пептизатор тікелей адсорбцияланса оны тікелей пептизация деп атайды. Жанамалық пептизация кезінде бөлшектер бетіне пептизатордың дисперстік фаза затымен әрекеттесу өнімі (дәлірек айтқанда жаңадан алынған пептизатор иондары) адсорбцияланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет