Коллоидтық ЖҮйелер және лиофобтық коллоидтық ЖҮйелерді алу және тазарту әдістері



бет2/5
Дата15.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#115363
1   2   3   4   5
Байланысты:
КОЛЛОИДТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ЛИОФОБТЫҚ КОЛЛОИДТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ

Дөрекідисперстік жүйелер. Егер дисперстік фаза қатты бөлшектерден тұрса, ондай жүйелерді жүзгіндер немесе суспензиялар деп атайды. Мысалы, лай су. Егер дисперстік фаза сұйықтықтың тамшылары болса, ондай жүйелерді майғындар немесе эмульсиялар деп атайды, мысалы майдың судағы тамшылары. Осындай жүйелер тұрақсыз болады. Коллоидтық жүйелер. Коллоидтық жүйелердің бөлшектері дисперсиялық ортаны құрайтын моллекулалардан (иондардан) әлдеқайда үлкен болады. Сондықтан бөлшектер мен ортаның арасында бөлу беті болады. Егер суспензиялардағы бөлшектерді микроскоп арқылы байқауға болатын болса, коллоидтық бөлшектерді микроскоппен де байқауға болмайды. Коллоидтық жүйелер салыстырмалы түрде тұрақты, алайда уақытқа байланысты олар бұзылады. Коллоидтық жүйелерді алу кезінде оған сырттан энергия жұмсалады. Шын ерітінділер. Оларды басқаша молекулалық дисперстік немесе иондық дисперстік жүйелер деп атайды. Олар тұрақты, бұзылмайды және өздігінен алынады.

Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның әрекеттесу процесін және сипатын терең зерделеу коллоидтық жүйелерді лиофобтық коллоидтық жүйелер және лиофильдік коллоидтық жүйелер деп екі топқа бөлді. Біріншісіне жоғарыда қарастырылған дисперстілік жүйелер жатса, екіншісіне үлкен моллекулалық қосылыстардың (ҮМҚ) ерітінділері жатады. Лиофобтық коллоидтық жүйелерде дисперстік фаза бөлшектері дисперсиялық ортамен әрекеттеспейді немесе әлсіз әрекеттеседі. Оларды энергия жұмсап алады, олар тек стаблизаторлар (тұрақтандырғыштар) қатысында ғана тұрақты болады. Лиофильдік коллоидтық жүйелерде дисперстік фаза мен дисперсиялық орта күшті әрекеттесетіндіктен олар өздігінен түзіледі.

Коллоидтық жүйелер дисперстілігі бойынша шын ерітінділер мен дөрекідисперстік жүйелердің арасында болады. Сондықтан, оларды иә шын ерітінділердің молкулаларын және иондарын ассоциациялау (конденсациялау) жолымен, иә дөрекідисперстік жүйелердің бөлшектерін майдалау (дисперглеу) жолымен алады. Ендеше коллоидтық ерітінділерді екі түрлі әдістер тобымен: конденсациялық әдістер және диспергациялық әдістер арқылы алуға болады. Коллоидтық жүйелерде қандай әдістермен алуына байланыссыз әдетте оларда бірқатар қоспалар (бастапқы заттар немесе жанама өнімдер) болады. Ол қоспалар коллоидтық жүйелердің қасиеттерін өзгертеді. Сондықтан олардан тазарту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет