Коллоидтық ЖҮйелер және лиофобтық коллоидтық ЖҮйелерді алу және тазарту әдістері


Лиофобтық коллоидтық жүйелердің алу әдістері



бет3/5
Дата15.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#115363
1   2   3   4   5
Байланысты:
КОЛЛОИДТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ЛИОФОБТЫҚ КОЛЛОИДТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ

2 Лиофобтық коллоидтық жүйелердің алу әдістері

2.1 Конденсациялық әдістер

Физикалық конденсация әдістері. Зольдерді (коллоидтық жүйелерді) алудың конденсациялық әдістерінің бірін С.З. Рогинский және А.И. Шальников ұсынды. Бұл сұйық ауамен салқындатылған ыдыстың бетінде вакуумде бұлардың конденсациясына негізделген (9.1-сурет). Ол үшін құралдың шығындыларына (1 және 3) 673К температурада бірденнен диспергленетін зат (мысалы, Na) және дисперсиялық орта (мысалы, бензол) буландырылады. Ол заттардың булары 193 К-ге дейін суытылатын ыдыстың 4 бетінде конденсацияланады; бұл кезде бетте тұздыққа айналған сұйытылған қатты бензол құрамында қатты натрий да болады. Құралдан сұйық ауасы бар ыдысты 4 алғаннан соң температура біртіндеп көтеріледі, еріген натрийдың бензолдағы ерітіндісі 2-шығындыны толтырады. Бұл әдіс сілтілік металдардың органикалық еріткіштердегі (бензол, толуол, гексан және т.б.) зольдерін алуға қолданылады.

Бұл әдістердің негізіне қатты денелерді коллоидтық бөлшектердің өлшеміне дейін майдалау (дисперглеу) жатады. Солай коллоидтық ерітінділер алады. Дисперглеуді механикалық бөлшектеу, электрлік майдалау, ультрадыбыс әдісімен ұсақтау сияқты әдістермен жүзеге асырады.

2.2 Диспергациялық әдістер

1. Механикалық бөлшектеу арқылы коллоидтық ерітінділер алу

Коллоидтық ерітінділерді осы әдіспен алу үшін қатты денелерді арнайы – коллоидтық диірмендер – деп аталатын машиналарда бөлшектейді (майдалайды). Бірінші коллоидтық диірменді орыс инженері К.Плаусон (1920 ж) жасады. (9.2- сурет). Ол жан-жағы жабылған, өте жылдам айналатын, соққылау әсері бар механизм болып табылады. Валға (өзекше) бекітілген қалақшалар в және қозғалмайтын шығарылымдар а бір-біріне өте жақын және әртүрлі жағдайларда орналастырылған. Диспергленетін заттың бөлшек-тері алдын ала ұсақталған күйінде стабилизаторы бар сәйкесті сұйықтықпен араластырылған, жүзгіндер күйінде с тесігі арқылы машинаға салынады. Жылдам айналатын машиналар көмегімен жүзгін жылдам айналып, зат бөлшектері жоғары жылдамдықпен қозғалмайтын шығарылымдарға ұрынады да, ұсақ бөлшектерге айналады. Жоғары дисперсті даяр өнім d тесігі арқылы шығарылып алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет